жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Кім жүйрік?
БҚО, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылы
«ЖББ Ұзынкөл орта мектебі»КММ
Жапакова Гульшара Муссалимовна
Физика пәні мұғалімі
Сыныптан тыс шара тақырыбы: Физикада кім жүйрік?
«Өмір велосипед сияқты, тоқтасаң құлап қаласың». А.Эйнштейн
Сыныптан тыс шара мақсаты: Білімділік: Оқушылардың физикадан алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, қайталау, бағалау арқылы физикадан кім жүйрік екенін анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, есте сақтау, теория мен практиканы ұштастыра білу қабілеттерін дамытып, физикалық дүниетанымдарын, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасауға, бәсекеге қабілетті, физиканы жетік меңгере алатын өскелең ұрпақ тәрбиелеу.
Сыныптан тыс шара түрі: сайыс
Сыныптан тыс шара көрнекілігі: дидактикалық материалдар жинағы, тәжірибе құрал-жабдықтары (жылуөткізгіштік, қайнау), плакаттар, слайдтар, бағалау парағы, жұлдызшалар;
Сыныптан тыс шараның өту барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу (сайысқа қатысатындар мен көрермендер)
ІІ Сайыс бөлімі: 1 – Топтың аты, эмблема, ұраны
2 – «сен маған,мен саған» (жұмбақ жасыру)
3 - Тәжірибелер сайысы
4 – Физикалық шамалар (белгіленуі, аты, өлшем бірлігі, формуласы)
5 -- Мақал-мәтел
6 - Сұраққа жауап (топ басшыларының сайысы)
7- Ғалымның атын табу
8 – Көрермендер сайысы
9 – «Есептеп көр,ерінбей»
Өту барысы: Армысыздар, құрметті жиналған қауым! Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Босқа қарап тұрмаңыздар Физикадан басталмақшы «Физикада кім жүйрік?» сайысы, - деп, бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймын. Біз бүгінгі сайыстың көңілді, осы сайысқа қатысушылардың көңілкүйлерінің жақсы болғанын қалаймыз. Сол себепті физик ғалымдардың әзілқалжыңынан мысалдар келтірейін. «Сен өте шаршағансың, түріңнен түр қалмапты, үйден кетіп бір күнге демалсаңшы», депті белгілі американ өнертапқышы Эдисонға әйелі. Эдисон әйелінің айтқанын мақұл көріп, үйінен кетіп қалады. Бір күннен кейін әйелі оны тәжірибе жасап жатқан жерінен кездестіреді. Әйелін көрген Эдисон: «Мен өте тамаша демалдым!» деп мақтанышпен жауап берген екен. Кирхгоф өзінің спектрлік анализ жөніндегі жұмыстары жайлы айтып отырады. «Күннің спектріне қарап онда алтын бар екенін байқадым» - дейді ол. Тыңдап отырғандардың бірі: «мұндай жаңалықтан не пайда, күндегі алтынды бәрібір ала алмаймыз» - дейді. Біраз уақыттан кейін оның осы ашқан жаңалығына алтын медаль береді. «Міне, мен күндегі алтынды алдым» деп әзілдеген екен ол. Айта берсең әзілдер жеткілікті ғой.
Енді ортаға сайысушы екі топты шақырайық:
Шақырып жарыстарға сан-санамен
Жүйріктерден жүйріктер жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты
«Жас физиктер» бірін - бірі қарсы алады.
«Жас физиктер» биіктерге қалықтасын
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын!
Жеңіс туы желбіреп алауласын,
Бәйгені сендерден ешкім ала алмасын.
Осындай алғыр достар кез келгенде
Жете берсін жарыстарда жеңістерге
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар
Тілейміз ізгі тілек бәріңе де
Құрметтер бірін-бірі ой-саналы
«Жас физиктер» сәлем беріп, ән салады
Бүгінгі сайыстағы достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Достық пенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткейсіңдер талай сында
Қара қылды қақ жарып, әрқашанда
Жүйріктерден жүйрік озсын бұл додада! - дей келе сайысымыздың 1-бөлімі «Топтың аты, эмблема, ұраны» топтарға сөз береміз. (әр топ өздері алға шығып физикаға байланыстырып алған өздерінің топ аттарын таныстырады, ұрандарын айтады, эмблемаларын түсіндіреді)
Сайысымыздың келесі бөлімі 2 – «Сен маған,мен саған» әр топ мүшелері бір-біріне жұмбақ жасырады.
Пайдаланады көп ғылым
Физиканың заңдарын
Сол заңдармен таныды
Табиғаттың сырларын, - демекші, келесі сайысымыз 3 – «Физиканың зертханасында» тәжірибелер додасын тамашалаймыз. Берілген физикалық құбылысты ашып береді, тәжірибесін жасап көрсету керек.
Ойла-ойла тереңнен Жақсы емес көп бөгелген Формуланы білмесең Өте алмайсың көпірден, - деп сайысымыздың келесі бөлімі 4 – «Физикалық шамаларда» әр топ физикалық шаманың атын, белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласын жазып тапсыру керек.
5.Мақал-мәтел (сәйкестендіру)
6.Ғалымның атын табу.
7. Топ басшыларына сұрақтар беріледі
8. Көрермендер сайысы - Көрермендер сайысында көрермендер 5 жолды өлең құрастырады. И.Ньютонның 1687 ж. б.ә. тартылыс құбылысының заңын ашуына себеп болған не? («алма» деп жауап берген кезде алма беріп жауап берген оқушы, көрерменге, келесі сайыс бөлімі айтылады).
9. «Есептеп көр, ерінбей»
Есептер: 1-топқа
1.15 кг ағаш көмірі түгел жанғанша қанша жылу бөлініп шығады? (qа.к=34*106)
2.Өткізгіштен 3мКл болатын электр заряды 5 минутта қанша ток күші өтеді?
2-топқа
Температурасы 00С, массасы 5 кг суды қайнатып, буға айналдыру үшін қанша мөлшерде энергия қажет?(ссу=4200Дж/кг*0С; rсу =2257*103Дж/кг)
Массалары 2кг және 3кг дене 10 м қашықтықта орналасса,олардың арасындағы тартылыс күші неге тең?(G=6,67*10-11н*м2/кг2)
ІІ Қорытындылау: Сөзімді қорытындылай келе, сіздерге дүниедегі ең жүйрік не? – «ой», Гиннес кітабына алғаш енген қазақ кім? - Т.Мұсабаев, немен енді? – 1994ж 135 тәулік бойы (4,5ай) космос кеңістігінде болды, сіздердің де ойларыңыздың талай білім асуларын алып, білім белестерді бағындырып, қазақтан Гиннес кітабына енетін адам мен ой айтатын болашақ иесі болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.
Талаптанайық жас достар!
Ғылым деп ғылыммен ұлтымыз да, ұлт болып білінбек
Ғылыммен тереземіз теңдік ап,
Болашақтың атар таңы күлімдеп
Жеңімпаздарды марапаттап, құттықтау.
–физика білгірі
- физика зертханашысы
- Физиканың жүйрік тобы
- Физиканың жүйрігі
- Физика көрермендерінің жүйрігі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген