жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кім жүйрік сайысы
«Кім жүйрік» сайысы
Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларын жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілетін ,ой өрісін дамыту,белсенділігін,математикаға деген қызығушылықтарын арттыру,топпен бірлесе жұмыс жасауға ,әдептілікке,ұйымшылдыққа,көпшілік алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.
Түрі :жарыс
Көрнекілігі:топ аттары,қима қағаздар,ұлағатты сөздер,кестелер
Жүргізуші:Көреремендер қадірлі,
Жастықтың оты жалындап,
Төрлеңдер келіңдер
Бүгінгі кеш төрінде
Ұшқыр оймен жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдасып,
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Ал,сайыскер балалар,
Біліміңді байқап ал,-дегендей ой мен білім сайысын бастайық.
Бүгінгі кештің мақсаты 2 сынып оқушыларының математика пәнінен алған білімдері,сонымен қатар алғыр оқушылардың ең білгірі анықталмақ.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Білім сайысының қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің директоры-Арғынғазина Айгүл Таңатқызы
2.Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің оқу ісінің орынбасары- Байжанаова Роза Бейсенбайқызы.
Енді қатысушыларымызды қарсы алыңыздар!
1.Ұқсайды хор қызына
Тортаева Дариға
2.Бойына білім жинаған
Молдабаева Индира
3.Жеңіс туын тігерсің болашақта
Қошеметпен ортада Кужабаева Томирис
4.Меңгерген бар білімді
Каратаева Аяулым
5.Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған
Ортада Апсатарова Таснима.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім –тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік болса,сол алда-дей келе сайысымызды бастайық.Ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі топтардың өздерін таныстыруларына берейік.
1 кезең Таныстыру.Топтар өздерін таныстырады.
1 ші топ.Ұшқыр қиял.
Шіркін-ай ғалым болсам,
Тілдескен даналықпен!
Әлемге мәлім болсам
Ашқан көп жаңалықпен!
2 ші топ.
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп,өнер тап
Түнді күндей ашатын.
2 кезең.Ақсақалдың тапсырмасы
Ерте-ерте ертеде математика деген әлемде бір ақсақал өмір сүріпті.Ол ақсақалдың аты «өрнектер »екен.Оның екі ұлы болыпты. 1 ші ұлының аты «теңдеу»екен.2 ші ұлының аты «Амал » болыпты.Екі ұлының сендерге берер тапсырмасы бар екен.1ші ұлы теңдеудің тапсырмасы,екі топқа да теңдеуді шешуге арналған.
1 ші топқа теңдеу.
Х+40=100 100-Х=40 7+Х=15 100-а=50
Х=100-40 Х=100-40 Х=15-7 а=100-50
Х=60 Х=60 Х=8 а=50
60+40=100 100-60=40 7+8=15 100-50=50
100=100 40=40 15=15 50=50
2ші топқа теңдеу
Х-40=60 7+х=16 х+70=100 а+80=85
Х=60+40 х=16-7 х=100-7 а=85-80
Х=100 х=9 х=30 а=5
100-40=60 7+9=16 30+70=100 5+80=85
60=60 16=16 100=100 85=85
Көрермендерге сұрақтартар
1. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
2. 1 сағаттың екіден бір бөлігі неше минутқа тең? (30 минут)
3. 1 ғасыр 25 жылда неше жыл бар? (125 жыл)
4. Екі аяқты бір ізді,
Үстіні мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің
Аяғымды жүргізді. (велосипед)
5. Уай, біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік,
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік. (тіс)
6. Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (42 әріп)
7. Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бір,
Бесеуінде бес қуыс
Сырттан кірер жолы бір. (қолғап)
8.Көбейткештердің орнын ауыстырғанымен ......... мәні өзгермейді. (көбейтіндінің)
9.Екіге бөлінетін сандарды не деп атайды?(жұп сандар деп аталады).
10.Екіге бөлінбейтін сандар не деп аталады?(тақ сандар деп аталады).
2 ші тапсырма.Амалдың тапсырмасы
Амалдарды орында
1 ші топқа
(50 +40)-20=70 (13+6)-2=17
(30+3)+60=93 17-(2+3)=12
(96-40)-6=50
19-(9+2)=8
2 ші топқа
(20-10)+80=90
(74+4)-30=49
(78-50)-10=18
(17-2)+3=18
16-(2+2)=12
15-(1+1)=13
1. Бұтақта 10 торғай отыр еді.
6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге
болды??
3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу?
4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер
нешеу?
5. Арай 5 баға алды. Оның 4 - еуі бестік бағасы. Неше 4 - тік баға
алды?
3 кезең«Тапқыр болсаң,талас жоқ»
Ұшқыр оймен жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдасып,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді кеш жасайық
Ал сайыскер балалар,
Біліміңді байқап ал-дегендей «Тапқыр болсаң,талас жоқ» кезеңімізге аяқ басайық.Әр топқа он сұрақ беріледі.
1 топтың сұрақтары.
1)3 ті 3рет қосқанда неше шығады?(9)
2)Сызық түрлерін ата (Сынық сызық,қисық сызық,тұйықталған,тұйықталмаған)
3)Санды өрнек неден құралады?(саннан)
4)Қосылғыштардың орнын ауыстырғанннан.........(қосындының мәні өзгермейді)
5) 100 саны қандай сан?(3 таңбалы)
6)1 сағатта неше минут бар?(60 минут)
7) 39 саны неше ондық неше бірліктен құралған?(3 онд 9 бірл)
8)Қазақтың ұлы ақы?(А.Құнанбаев)
9)Өсімдік қандай табиғатқа жатады?(тірі)
10)Зат есім дегеніміз не?(заттың атын білдіретін сөздер)
2 топқа сұрақтары
2 мин неше секунд бар?(120сек)
2)1 метрде неше дм бар?(10дм)
3)Массаның өлшем бірлігі?(кг)
4)1 ғасырда неше жыл бар?(100 жыл)
5)Екі таңбалы сандармен азайту амалдарын орындағанда не істейміз?(бірліктерден бірліктерді және ондықтардан ондықтарды азайтады)
6)5 пен 7 нің арасында қандай сан бар?(6)
7)1 тәулікте неше сағат бар?(24 сағ)
8)Астана қаласының символы(бәйтерек)
9)Әнұран мәтінінің авторы кім?(Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)
10)Сын есімнің сұрақтары(қандай,қай)
4 кезең «Ойлы болсаң,озып көр»
Шабыт тасып шалқысын
Көңілді кеш жасайық,
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар.
Білімдеріңізді сынайық,келесі кезеңімізде әзілді жұмбақ,жұмбақ есеп шешесіздер.
1 топқа
1)Ақ төртбұрышты,іші суық.(тоңазытқыш)
2)Табақта 17 өрік,
Қолыңда 5 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (22 өрік)
3)Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап (икс)
4)Қайыңда бес алма өсіп тұр.Оның екеуін Жанар үзіп жеді.Қайыңда неше алма қалды?(қайыңда алма өспейді)
5)Мұз айдында бес бала
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың (7 бала)
6)Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар
Қорапқа кірді екеуі
Соңынан кетті үшеуі
Тығылды сонда нешеуі?(2+3=5)
2 топқа
-
Имекпін
Мойынындай үйректің,
Сабағыңды білмесең,
Мені аласың күнде сен (2)
2)Үстел үстінде 5 стакан сүт тұр еді.Әсем 1 стакан сүтті ішіп,стаканды үстелге қайта қойды.Үстел үстінде неше стакан қалды?(5)
3)4 жұмыртқа 4 минутта піседі,ал 1 жұмыртқа неше минутта піседі?(4 мин)
4)Дайындауға болады,жеуге болмайды(сабақ)
5)Зәуре 7 жаста,Серік одан 3 жас үлкен.Серік неше жаста?(10 жаста)
6)Әр суырдан 2 кг май алынады.3 суырдан қанша май алынады?(6)
Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң,
Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң,
Ал сол үшін біздерге
Математика —
Ең маңызды ғылым бұл.
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
5кезең .Математикалық викториналар.
«Фигура құрастыру».Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.
13 шырпыдан метр деген сөзді құрастыр.
Көрермендерге сұрақ
1.Бір үйде тұрады екен елу батыр,
Үй сыртына сүйкенсе –ақ өліп жатыр. (сіріңке)
2.Ақ шапанын үстінен,
Алты ай бойы шешпейді.
Қара шапан үстінен,
Алты ай бойы түспейді. (қара жер мен ақ қар)
3.Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде,
Бірін-бірі қуғандар (шахмат)
4.Қарны жуан қампайған,
Қос құлағы қалқайған. (қазан)
5.Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір-ақ із түсті. (ара)
6.Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымды сары аяз. (тоңазытқыш)
7.1 санға өсірді,
Өзі қалды орнында,
Бізді алға көшірді. (сынып)
8Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян)
9. Болса көкте мекені,
Кездеспейді екеуі.( ай,күн)
9.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
10.3 қазық, 2 желі, 9 ноқта,
Теңселіп, тербеледі адам соқса,
Шешен тіл,сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда үндемейді адам соқса. (Домбыра)
Математикалық санамақ «Бәрі қанша құс болды?»
Мынау да бір санамақ,
Өздерің кер саралап:
Төбеден төрт бектергі,
Аңдыпты қос кептерді.
Шаңқылдаса көк қарға,
Үн қоспапты көп қарға.
Секем ап бір дауыстан,
Безектеп бес сауысқан
Алты белден асыпты,
Тым-тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты,
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап,
Топ-топ тоғыз тоқылдақ,
Қарғып кеткен топырлап.
Сөйтіп, қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды?
(Ж а у а б ы: 31 құс)
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(Ж а у а б ы: Он жеті бас мал)
Т
алдан ұшты топ
торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында төртеу қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келеді,
Алдында төртеу, топ келеді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
О
Торғай нешеу, есепкер?
Ж а у а б ы: Бес торғай
Математикалық өлең есеп «Санамақ».
Бақшаға
Жақсы аға
Көп-көп
Ойыншық
Келді алып:
Бір балық,
Екі есек,
Үш үйрек,
Төрт түлкі,
Бес бүркіт,
Алты арғымақ,
Жеті жарқанат,
Сегіз саулық,
Тоғыз тауық,
Он торпақ.
Болма есепке сен шорқақ!
Ауызша,
Жазбаша
Қосып шық.
Бақшаға
Жақсы аға
Қаншама
Әкелді
Ойыншық?
(Ж а у а б ы: 55 ойыншық)
Жүргізуші:
Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрін де
Математика -
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Әділ қазы алқаларының қортындысы.









шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген