Материалдар / Кім жылдам

Кім жылдам

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ қмж сабақ жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2024
191
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты «№63 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ

«Кім тапқыр»

4«А» сынып


Өткізген: Саипназарова М.Ш






























2023-2024 жыл



Тәрбие сағатының жоспары

Күні: 13.03.2024 жыл

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны:15

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кім тапқыр»

Мақсаты: 

1.Оқушылардың білімін, ойын жинақтап, тереңдету.

2.Білімге деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3.Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, өзгенің пікірін құрметтеу, ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекіліктер: таратпа қағаздар, дидактикалық метариал, суреттер.

Әдіс - тәсілдері: Пицца, шыбын, тест.

Тәрбие жұмысының барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме балалар?

- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.

Психологиялық сәт.

-Біз қандаймыз, қандаймыз?

-Шұғыллы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз.

Ренжуді біз білмейміз.

-Бір бірімізді

-Қолдаймыз

-Пікіріміз

-Анық

-Қателесуден

-Қорықпаймыз.

Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі тәрбие сағатындағы 4 «А» сынып оқушылары арасындағы «Кім тапқыр?» атты сайысқа қош келдіңіздер. Сайысқа сыныптан 2 топ қатысады. Бұл сыныптағы өткізіп отырған тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың жалпы сабақ бойынша алған білімдерін тексеру. Олай болса сайысқа қатысушы 2 топпен танысып алайық.

I-топ «Алғырлар»

II-топ «Тапқырлар»

Сайысымыз 4 кезең тұрады.

І –айналым «Логикалар әлемі».

ІІ –айналым «Кім тапқыр».

ІІІ- айналым «Тапқыр болсаң талас жоқ»

ІV айналым. «Тест сұрақтары»

Уа, жарандар, жарандар !

Зейін қойып тыңдаңдар!

Кім тапқыр жайында

Сайысымызға қараңдар!

І –айналым «Логикалар әлемі». «Пицца» әдісі. Пиццаға сұрақтар жазылған. Оқушылар пицца бөліктерін алып сұрақтарға жауап береді. Әр топтағы оқушыларға 1 сұрақ беріледі. Тез әрі дұрыс жауап беру керек. Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

1. Сіз асықсаңыз ол асықпайды. Сіз асықпасаңыз ол асығады. Ол не? Жауабы: Уақыт

2. Аш қарынға қанша жұмыртқа жеуге болады? Жауабы: 1 жұмыртқа

3. Ең үлкен болсада кастрюляға не сыймайды? Жауабы: Кастрюлдың қақпағы

4. Өзенде қандай тас болмайды: Жауабы: Құрғақ тас

5. Не ешқашан алдамайды? Жауабы: Айна

6. Қай жерде ат аттың үстінен секіріп өте алады? Жауабы: Шахмат

7. Қай құс жұмыртқаламайды? Бірақ жұмыртқадан шығады? Жауабы: Әтеш

8. Адам оны қосылатындай етеді. Бірақ, қосылса бірден өшіріп тастайды. Ол не? Жауабы: Будильник

9. Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая және Жансая. Ал үшінші қыз кім? Жауабы: Айгерім

10. Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? Жауабы: Есім

11. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? Жауабы: 6 орындық

12. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? Жауабы: 15 минутта

13. Сиыр неге жерге жатады. Жауабы: Өйткені, отыра алмайды.

14. Отта жанбайды суға батпайды. Ол не? Жауабы: Мұз

15. Ақ аюлар неліктен пингвиндерді жемейді? Жауабы: Себебі ақ аюлар Солтүстік полюсте, ал пингвиндер оңтүстікте өмір сүреді.

ІІ –айналым «Кім тапқыр». Топтан бір оқушы тақтаға шығады басына сурет қойылады. Оқушылар оны іс-қимылмен көрсетеді ал ортадағы оқушы басындағы суретте не бейнеленгенін табады. Әр топқа 2 суреттен ұсынылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.



ІІІ-айналым «Тапқыр болсаң талас жоқ» Септіктер бойынша сұрақтар қойылады, әр сұраққа 1 ұпай. «Шыбын» әдісі. Шыбындарға септіктердің атауы жазылып тақтаға ілінеді. Екі топтың оқушыларына шыбын ұрғыш беріледі. Мұғалім сұрақтарды оқиды дұрыс жауабы қай септік болса сол септікті шыбын ұрғышпен ұрады.

1. –Ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің жалғаулары қай септіктің жалғауы?

2. Ағамнан сөзі қай септікте тұр?

3. –да, -де, -та, -те жалғаулары қай септіктің жалғауы.

4. Мектепте сөзі қай септікте тұр.

5. Тақтамен сөз қай септіке тұр.

6. Қаламды сөзі қай септікте тұр.

7. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін септік?

8. Кіммен? немен? сұрақтарына жауап беретін септік?

9. Ағаштан сөзі қай септікте тұр?

10. Кімде? неде? қайда? сұрағына жауап беретін сөз табы?

11. Анаға сөзі қай септіктер тұр?

12. Кімді? нені? сұрағына жауап беретін септік?

12. Кімнің? Ненің? Кімдердің? Нелердің сұрағына жауап беретін септік?

13. Кітапты сөзі қай септікте тұр?

14. Алмалардың сөзі қай септікте тұр?

16. Кімге? неге? қайда? қай септіктің сұрағы?

17. Айна сөзі қай септікте тұр?

18. Кімнен? неден? сұрағына жауап беретін септік атауы?

19. –ды, -ді, -ты, -ты жалғаулары жалғанатын септік атауы?

20. Көшеде сөзі қай септікте тұр?

21. –нан, -нен, -тан, -тен қай септіктің жалғауы?

22. –мен, -бен, -пен қай септіктің жалғауы.

23. Баламен сөзі қай септікте тұр?

24. Аулаға сөзі қай септіктер тұр?


ІV – айналым. «Тест сұрақтары»

1.Қандай сатыдағы өсімдіктердің мүшелері болмайды?

А) жоғары

Ә) ортаңғы

Б) Төменгі


2.Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?

А)Төменгі,жоғарғы

Ә) ортаңғы,жоғарғы

Б) төменгі,ортаңғы


3.Төменгі сатыдағы су өсімдігін тап

А)балдыр

Ә)ағаш

Б) бақбақ


4.Жасыл балдыр қайда тіршілік етеді?

А)тұщы су

Ә)теңіз жағасында

Б)жерде


5.Төменгі заттардың қайсысы балдырдан өндіріледі?

А)қағаз

Ә) ағаш

Б) пластик


6.Тостағанша жапырақшаның ішкіжағында не орналасқан?

А)жеміс

Ә)тұқым

Б)күлте жапырақ


7.Жеміс қайда пайда болады?

А)тозаңқапта

Ә) жатында

Б)жапырақшада


8.Өсімдік тіршілігіндегі маңызды үдеріс

А) гүлдену

Ә)тозаңдану

Б)даму

1

2

3

4

5

6

7

8

А

В

С

С

А

С

А

С

Тест жауаптары


Қорытынды.

Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Мадақтау сөздермен мараппау.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отырып, бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Қазіргі экономика заманында әр жақтан: мейлі қазақ тілі, мейлі математика, жаратылыстану болсын жүйрік болуымыз керек. Сонда ғана өз заманымыздың алдыңғы қатарлы азаматы мен азаматшасы боламыз. Сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттарыңыз құтты болсын.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ