Сайыстың
тақырыбы:«Кім жылдам
»
Мектебі:
№5мектеп-лицей
Пән
мұғалімі:Назарова Гүлжамал
Мейрамбайқызы
Сынып:6А
Қатысқан
оқушылар:18
Қатысқан
мұғалімдер:6
Қатысқан
ата-ана:3
Оқу
мақсаттары:
1-Өзінің және басқа оқушының
тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды
сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)
түсіну және білімін көрсету
2-Өз идеялары мен сезімдерін
беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем
тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану
Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың білімін, жан-жақты
ойлау қабілеттері мен ой ұшқырлығын қалыптастыра отырып, өз бетімен
еңбектенуге, алғырлыққа, тапқырлыққа және жан-жақты дамыған азамат
болуға тәрбиелеу.
Қажетті
құралдар: Ермексаз, бояу,бояу
қарындаштар, фламестерлер, қол сүрткіш,
т.б.
Әдістер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап,
түсіндіру, ойын, мадақтау.
Бағалау
критерийлері:
-
Суретшілердің жұмыстарына
зерттеулер жүргізе алады.
-
Түс реңктеріне эксперименттер
жүргізеді.
-
Көркем материалдарды ұқыпты
қолдана алады
-
Өзінің және өзгенің жұмыстарын
жетілдіру, бейімделу үшін қажетті тәсілдерді және идеяларды
ұсынады
Құндылықтарды
білу
Басқалардың ойымен пікірін
құрметтеу.
Оқушылар арасында жақсы
қарым-қатнас орнату.
Оқушылар бір- бірін тыңдай
біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе
білу.
Оқушыларға мәдени және
эстетикалық тәрбиені қалыптастыру
Пән арасындағы
байланыстар:
зерттеу барысында теориялық
білімдерін тарих пәнімен және өнермен
байланыстыру.
АҚТ пайдалану
дағдылары:
Оқушылардың жеке ізденіс
жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.
Дәлелдемелер мен дәйектемелер
келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра
білу
.
Алдын ала
білу:
Оқушылар білімдерін әр
кезеңде,әр бағытта орындай білетін дағдыларын қолдана білу.2-Д
жұмыстарында тәжиірбелерін көрсетіп қолдана алады.Мысалы:
Маркер,фломастер,постер қағаздары акварель бояуы, акрил,
гуащь,майлы бояу,немесе аралас заттармен.қағаз,
желім,журнал,каталогтармен,қайшы,3-А
форматы.т.з
Тілдік
мақсаты:
Оқушылар орындай
алады:
• Критерийлер бұрынғы
орындалған жұмыстарына пікір айтады.
Көркем жұмыстардың мағынасы
мен орындау үдерісін түсіндіреді.
Өзінің және өзгенің
жұмыстарын жетілдіру, бейімделу үшін қажетті тәсілдерді және
идеяларды ұсынады.
Пәндік сөздік
қор:
Диалогқа/жазуға қажетті сөз
тіркестері
…….бейнелеу барысында …….
қолда-нылды.
Бұл шығарма ...... көмегімен
орындал-ды.
Автопортрет идеясы жақсы
көрсетіл-ген, себебі…..
Менім ойымша қолданылған
материал ….. әсерлі, себебі…
Мықты тараптар ….. болып
табылады.
Жұмысты… көмегімен жетілдіруі
мүмкін
«Кім
жылдам» сайыс сабағымызды
бастаймыз. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
демекші, бүгінгі білім, шеберлік сайыс сабағын бастауға рұқсат
етіңіздер!
Шақырамыз келіңдер
жарысуға,
Білімменен шеберлікпен
алысуға.
Бар өнерді салайық
ортамызға,
Қанеки, кім шығады
сайысуға.
I-кезең. Сұрақ
жауап :
Оқушылар назарына суретшілердің
жұмыстарын ұсына отырып, сұрақ қойыңыз:
1.Неліктен сіздердің
ойларыңызша кейбір суретшілер өздерінің суретіндегі портретте
шынайы түстерді қолданбайды?
2. Олар түстерді, тонды,
текстураны және форманы қалай қолданады?
3.Портреттегі негізгі және
қосалқы түстерді сіздер ажырата
аласыздарма?
4.сіздің қолыңыздан қандай
реңктерді байқауға болады?
6.суреттегі тері реңкі мен өз
қолыңыздағы реңкті салыстырыңыз.
7. суретшілер тері түстерін
қандай бояумен бергенін анықтаңдар.
8.сіздің ойыңызша реңк,тон,
ашықтық , дегеніміз не?
9. сіздің ойыңызша суретші бұл
түстерді қандай жолмен тапқан ?
ІІ-кезең «Шеберлер
қиялы» сайысы(ермексазбен
жұмыс)
Сайыс шарты бойынша әр топ,
ермексаздарды алып тобы мен бірге құстың бейнесін , үй жануарларын
мүсіндейді. Ермексазбен бұйым жасауға 5 минут беріледі
.
«Шеберлер
қиялы» бөлімі де 3-5 ұпай
бағаланылады
ІІІ-кезең «Кім
жылдам (шеберлік
сайысы)»
«Кім жылдам»
сұрақ-жауап
Бұл бөлімде пәндерден сұрақтар
қойылады. Оқушылардың жылдамдығын шапшаңдығы ескерледі. Сайыстың
бұл бөлімі де 3-5 ұпаймен бағаланады.
1.Жаратылыстану пәні бойынша
сұрақ
Жердің кішірейтілген моделі
(Глобус)
2.Қазақстан тарихы пәні
бойынша сұрақ
Елімізде өткізілген ең үлкен
халықаралық көрме (ЭКСПО
көрмесі)
3. Музыка пәні бойынша
сұрақ
Құрманғазының би күйі
(Балбырауын)
4.Көркем-еңбек пәні бойынша
сұрақ
Ою-өрнектер неше түрге
бөлінеді (Геометриялық, Ғарышттық,
Жануар тектес, Өсімдік
тектес.)
5.Логикапәні бойынша
сұрақ
Жолда 2 әкесі, 2 баласы кетіп бара
жатыр
Жолда барлығы неше адам кетіп бара жатыр (3
адам(атасы, әкесі, баласы)
6.Қазақ тілі және әдебиеті
Пәні бойынша сұрақ
Домбырада –
жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу.
Бұл не? /әріп/
ІV
-кезең «Полиглот» (жұмбақтын
шешімін)
“Полиглот” (жұмбақтын
шешімін 3-тілде айту) 5-15 ұпай
Бұл бөлімде оқушылар 3- тілде
өз өнерлерін көрсетеді.
Сайыстың бұл бөлімі де 5-15
ұпаймен бағаланады.
1.“Қабат-қабат қаптама, Ақылың
болса, аттама” (Кітап, книга, book )
2. “Ауланы күзетеді босағадан,” (Ит, собака,
Doog)
3. “Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады.”
(Қоян, заяц, rabbit)
4. “Бірде табақ, Бірде орақ” (Ай, Луна,
Moon)
2.Жүргізуші V
кезең «Сурет салу өнері»
(шеберлік сайысы) құмыраның суретін салу.
Сурет салуға 5 минут уақыт беріледі. Бұл соңғы кезеңде оқушылар
құммен суреттер салады. 5-10 ұпай
беріледі.
Құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
Мінеки, біздің бүгінгі өнер,
білім және шеберлік сайысымызда өз мәресіне жетті. Бүгінгі
сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтауға әділқазылар
алқасына сөз береміз. Жеңімпаз топ анықталып, білімдерін,
өнерлерін, шеберліктерімен көзге түскен топтарды марапаттап,
сыйлықтар табыс етіледі.
Бүгінгі «Кім жылдам » сайыс
сабағымызға қатысқан оқушыларды мектебіміз атынан шын жүректен
құттықтай отырып, биіктен көріне берулеріне тілек білдіреміз!
Келесі кездескенше аман-сау болып
тұрыңыздар!