Ә.Боранбаев
атындағы жалпы білім беретін орта мктебі
Өткізгендер:
Шағын топ тәрбиешілері Жұмабаева Ж,
Омарова И
2019-2020
оқу жылы
Тақырыбы:
«Кім мерген»
Мақсаты: «Рухани
жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдени
және рухани құндылықтарды, ұлттық кодты
сақтау негізінде оқушылардың арасында
қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау.
Қазақтың ұлттық ойындары: асық ойнау,
қол күрес, тақия тастамақ арқылы
оқушылардың бойында ұлттық бірегейлікті
сақтау, патриоттық сезімдерін жетілдіру
Міндеттері:
1.
Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен
таныстыра отырып ойын шартын дұрыс
бұзбай ойнауға үйрету.
2. Ойынды ойнау
барысында балалардың ойлау, есте сақтау
қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол
моторикасын дамыту.
3. Қазақтың ұлттық
ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұлттық
ойындар туралы нақыл сөздер: «Ұлттық
ойын – баға жетпес мұра», «Ұлттық
ойындар-халық қазынасы», асық, арқан,
Қатысушылар: 6
«А», 6 «Ә» сынып командалары
Жарыс
кезеңдері:
1-кезең:
«Асық ату» сайысы
2-кезең:
«Хан талапай» сайысы
Сайыстың
өткізілу барысы:
1-жүргізуші: Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың
қай-қайсысы да адамға оның
игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай
аса құнды мәдени
игіліктердің бірі – қазақтың
ұлттық ойындары. Бүгінде адам баласы
жасаған жеті кереметтің
қатарына сегізінші етіп қазақтың
ұлттық ойындарын атауға болады.
2-жүргізуші: Сонымен ұлттық
ойындар – ата –бабамыздан бізге жеткен,
өткен мен бүгінгіні жалғастыратын
қлттық мұра.Ойын дегеніміз –
тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан –
ойға жетелейтін, адамға қиялымен
қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Ендеше, «Ұлттық
ойын әлемінде» атты ұлттық-спорттық
сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-команданы
ортаға ойынға шақырамыз!
1-
кезең: «Асық ату» сайысы
Ережесі: Тегіс
жерге шеңбер сызылады.Шеңбердің 175см.
Шеңбердің ортасындағы сызыққа асықтар
тігіліп,шеңберден бірдей қашықтықтағы
екі жақ сызықтан ойыншылар ретпен кезек
асық атады.Ойыншының сақасы асыққа
тиіп,асық шеңберден шықса ойыншы асықты
алып,сақасы жатқан жерден келесі асықты
атады.Асыққа тағы тигізіп шеңберден
шығарса,асықты алып тағы атады.Шығара
алмаса келесі ойыншы атуды шеңбер
сызығынан бастайды.Егер шеңбер ішінде
сақа тиіп құлаған асық болса, келесі
ойыншы сол асықты атудан бастайды. Ойын
шеңбер ішіндегі асықтар түгел атылып
алынғанша жалғасады.
2
команда ойыншыларына ұпай берулеріңізді
сұраймыз.
2-кезең:
«Хан талапай» сайысы
Ережесі: Көп
асықтың ішінде бір асықты қызыл түске
бояап қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады.
Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін
қос уысына жинап алып, отырған балалардың
алдына шашып жібереді. Балалар ханның
қалай түскенін бақылап отырады Ал «хан»
алшысыннан түссе, балалар жарыса «хан
талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына
түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына
түссе, сол жеңіске жетеді. 21 асық аламыз.
Бірінші бала қызыл түсті 7 асықты жинайды.
Екінші бала 7 көк түсті асықты жинайды.
Үшінші бала 7 жасыл түсті жинайды.
Төртінші бала 7 қоңыр түсті жинайды.
2
команда ойыншыларына ұпай берулеріңізді
сұраймыз.