Материалдар / «Кім мықты?» (интеллектуалдық ойын)

«Кім мықты?» (интеллектуалдық ойын)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Мұғалімдердің әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Педагогикалық құзыреттілігі жоғары дамыған ұрпақ тәрбиелеуге үйрету.
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Кім мықты?»

(интеллектуалдық ойын)


Мақсаты: Мұғалімдердің әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Педагогикалық құзыреттілігі жоғары дамыған ұрпақ тәрбиелеуге үйрету.

Көрнекі құралдар: суреттер, нақыл сөздер, сызбалар, ноутбук.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Іс-шараның барысы.

Құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің «Кім мықты?» атты интеллектуалдық білім сайысына қош келдіңіздер! Соған орай әр - түрлі пәндердің ұстаздары арасында «Кім мықты?» интеллектуалдық ойынды өткіземіз.

2. Кіріспе сөз.

Болашақ - білімді ұрақ қолында. Бүгінгі таңда кез – келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік даму деңгейі адам капиталының жандануына байланысты болып отыр. Сондықтан біздің елдің бүгіні мен келешегі, мектеп табалдырығындағы озық ойлы мұғалімдеріміз білімді болуына тікелей қатысты.

Бүгінгі интеллектуалды ойын бес кезеңнен тұрады:

I кезең - «Кім жүйрік?»

II кезең - «Жұмбақ сандық»

III кезең- «Педагогика әдістері»

IV кезең - «Қара жәшік»


Ойынның барысы:

Ойынды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық. Таныс болыңыздар:

 

I кезең - «Кім жүйрік?»

1. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөз?(аксиома)

2. Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды? (300)

3. Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі ? (5 мемлекетпен шектеседі)

4. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? (1465ж.)

5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

6. «Оянған Өлке» романының авторы кім?. (Ғ.Мүсірепов)

7. Тіл туралы заң қай жылы, қай күні қабылданды ? (1989 жылы 22 қыркүйекте)

8. Кемпірқосақ пайда болғанда жарықтың физикалық қандай құбылысы байқалады? (Интерференция)

9.  «Қырық өтірік» өлеңінде өтірік өлеңді кім айтты? (Тазша бала)

10. Пернетақтаның қай түймесін басқанда әріптер бірыңғай үлкен әріптермен жазылады (Капс локк)

11. Салыстырмалы теориясының авторы (А.Эйнштейн)

12.Әлемдегі ең бай адам (Илон Маск)

13. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі мыстың атауы (Купрум)

14. Әлемдегі ең кішкентай құс (Колибри)

15. Where do you live? (“I live in masak)

16. 11 – дің квадраты (121)

17. 1710ж Қарақұм құрылтайында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды (Бөгенбай батыр)

18. «16 қыз» әнін шырқайтын әншілер тобы (Дос-Мұқасан)

19. Дүние жүзіндегі тұңғыш химия және физика саласында әйел профессор кім? (Мария Складовская Кюри)

20. Дзюдо күресіне арналған кілем (Татами)

21. Ұзындығы 12 см, ені 4 см тік төртбұрыш ауданы неге тең? (48)

22. «Қарағым – ай» әнінің авторы (К.Дүйсекеев)

23. «Титаник» фильмнінің режисері (Джеймс Кэмерон)

24. Мұхамед Алидің шын есімі (Касиус Клей)

25. Қағаз алғаш қай елде пайда болды? (Қытай)

26. Рим билеушісі Октавианның лақап аты (Август)

27. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)

28. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)

29. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)

30. Ирландия мемлекетінің астанасы (Дублин)

Бағалау критерилері: Әр сұраққа дұрыс жауап үшін – 1 балл

II кезең - «Жұмбақ сандық

«Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі» демекші сайысымыздың бұл кезеңінде ойын шарты мынадай: Өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар, Ал, ең үлкен сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан 50 балл жинақтауға болады. Ұпайы аз әріптес бастайды.

Жаратылыстану ғылымдары

20

30

40

50

Кино өнері

20

30

40

50

Спорт әлемі

20

30

40

50

Педагогика және қызықты сұрақтар

20

30

40

50


Жаратылыстану ғылымдары

20. Арнайы сұрақ

Әлемдегі ең салқын жерлердің бірі (солтүстік пен оңтүстік полюсті санамағанда), он да қыста температура - 71 С-ға дейін суыиды. Бұл жерде аз болсада адамдар тұрады.

. Жауабы: Якутия Оймякон

30. Арнайы сұрақ

Күн батареялары мен жартылай өткізгіш құрылғыларда — Транзисторлар мен диодтарда қолданылатын химиялық элемент, АҚШ – та осы элементтің атауымен жазық орналасқан

Жауабы: Кремний


40. Көптеген қоңыздар, жəндіктер, кейбір жапырақ жегіштер өзін қорғау үшін

өткір иістер шығарады. Қанқыз қоңызы сарғыш түсті улы сұйықтықты да

бөледі. Бұл иістер ауада өте тез таралады.

Жəндіктер арасында өзара хабарласудың кең тараған тəсілі- химиялық

қосындылардан тұратын иістер шығару арқылы хабарласу. Жапырақ жегілер  жаудан бой тасалау үшін улы гемолинфа бөледі.

Бұл құбылыс физикада қалай аталады?

Жауабы: Диффузия құбылысы

50. Бейне сұрақ

Үрлеген шарды алып салқын суға батырайық, шар салқын судың бетінде қалқып тұрады, ал енді ыстық суға батырып көрейік, шарымыз ыстық суға бата бастайды, неге?

Жауабы: Өйткені салқын судың тығыздығына қарағанда шардың тығыздығы аз сондықтан су бетінде қалқиды ал екінші жағдайда ыстық судың тығыздығы аз, шар көлемі азая бастайды, Архимед күшінің шамасы азаяды

Кино өнері

20. Арнайы сұрақ

Суретке қарап филімді табыңыз, бұл қай фильм?

Жауабы: «Форест Гамп»

30. Арнайы сұрақ

Бұл «Тақиялы періште» — кеңес уақытында түсірілген қазақ комедиясы. Режиссёрі — Шәкен Айманов. Тұсаукесері 1969 жылы өтті. Фильм Алматы қаласында түсірілген. Фильмде басты рөльді сомдаған Тайлақты сомдаған актерді атаңыз? Жауабы: Әлімғазы Райымбеков

40. Арнайы сұрақ

Мұғалімдер экранға назар аударады. Фильмнен үзінді көрсетіледі. Сұрақ: Фильм қалай аталады, және қандай тарихи оқиғаның желісі бойынша түсірілген?

Жауабы: Құнанбай фильмі

50. Бейне сұрақ

Бұл тарихи фильм «Томирис» деп аталады. Фильмде Парсы патшасы Кир II Томирис патшайымның еліне елші аттандырады, Кир II ең алдымен Томирис пен Арғұннан сауда және бейбіт қарым - қатынас жасауды ұсынады, бұл ұсыныстың жалған екенін білген Арғұн мен Спаргапис ұсынысты қабыл алмайды, сол кезде Кир елшісі Кир патшаға Томиристің елін жаулап алу үшін қандай ұсыныс жасау керек екенін айтады? Жауабы: Томиристің күйеуі Арғұн мен баласы Спаргаписті өлтіріп, жесір қалған Томиристі әйелдікке алу жөнінде ақыл – кеңес береді.



Спорт әлемі

20. Арнайы сұрақ

Маикл Джордан қандай спорт түрінің жұлдызы ? (Баскетбол)

30. Арнайы сұрақ

Ямайлық көрнекті спринтерші, үш дүркін олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы. Әлемнің үш рекордтың иесі (100 м, 200 м, 4×100). 2008 және 2009 жылдары бойынша әлемнің ең мықты спортшысы деген атаққа ие болды. (Усейн Болт)

40. Арнайы сұрақ

Суретке қараңыз? Бұл спорттың түрі қалай аталады?

Жауабы: Керлинг

50. Бейне сұрақ

Грек – Рим күресінен олимпиаданың 5 дүркін чемпионы, мүндай рекордты әлемде әлі ешкім қайталай алмады, гинестің рекордтар кітабына енген кубалық спортшы кім?


Жауабы: Михайн Лопес



Педагогика және қызықты сұрақтар

20. Арнайы сұрақ

Масақ орта мектебінде өзі сөйлеп, әңгіме немесе пікірін айтқанда эмоциясын жоғары деңгейде көрсететін, ауызы мен дене қимылдары бірге сөйлейтін ұстаз бар, ол кім?

Жауабы: Маржан Төкенқызы

30. Атақты Чиксенмихайн: Егер дағдысы яғни қабілеті жоғары оқушыларға төмен дәрежелі тапсырмалар берсеңіз ол зеріге бастайды, ал дағдысы яғни қабілеті төмен оқушыларға жоғары дәрежелі тапсырма берсеңіз ол не істей бастайды?

Жауабы: Алаңдай бастайды

40. Арнайы сұрақ

АҚШ тың Мэн штатындағы ғалымдардың оқушыларды зерттеуі бойынша оқушылардың 90% берілген ақпарат пен тапсырманы орындай алады, бұл оқыту қандай жағдайда орын алады?

Жауабы: Бірін – бірі оқыту немесе өзгелерді оқыту

50. Редбул компаниясы ең алғаш осы жарнаманы жүргізу арқылы танымал болады, көрермендерге жарнамасы арқылы адреналин сыйлайды, тағы қалай жарнамалаған деп ойлайсыз?

Жауабы: Редбулдың бөтелкелерін қала көшелерінің түкпір – түкпіріне лақтырып қоқысқа айналдырады, мұны көрген адамдар бұл қандай зат деп таңданып, ұстап көреді, бөтелке сыртындағы ақпаратпен танысады, дүкен сөрелерінен де көреді, нәтижесінде сатып алып дәмін бір татып көруге бел байлайды екен.
















III кезең- «Педагогика әдістері»



IV кезең - «Қара жәшік»

  1. Қара жәшікте Ежелгі Египет пен Месопотамияда қолданылған зат бар. Сырттан қарағанда, ол мүлдем жеуге жарамсыз болып саналса да, тәбетті көрінеді. Сонымен қатар, көптеген адамдар оны күніне бірнеше рет жейді және бірден келесі бөлікті қолданады. Бұл не зат? (Ерін далабы)

  2. Сонымен биологтер оны тірі организмдардің өмір сүретін орны десе, экономистер өнеркәсіп факторы дейді. Ал тарихшылар оны мұрагерлік жолмен берілетінжеке меншік деп санайды. Қара жәшікте не бар? (Жер)

  3. Әйгілі миллиардер, кәсіпкер Бил Гейтс бірде журналистпен сұхбаттасып отырады. Біреде журналист Бил Гейтске сіздің осыншама байлық пен жетістікке жетуіңіздің сыры неде? Деп сұрағанда Бил Гейтс өзінің қалтасынан осы затты шығарып көрсетеді, кейін журналист таң қалып мұндай жауапты күтпегенін айтады. Бил Гейтс қалтасынан шығарып көрсеткен зат мына қара жәшіктің ішінде, ол не зат? Жауабы: Ақша чегі

Жауабы:

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі