Материалдар / "Кім мықты" сайыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кім мықты" сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика мұғалімдері үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2021
1171
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Р.Ш.Искакова


Күні: 22 ақпан 2021 жыл

Сыныбы: 5 «а»

Мұғалім: Кенжекова Мейрамкүл Қайсақызы

Сабақтың тақырыбы: «Кім мықты?»

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылар арасында математикалық білім сайысын ұйымдастыру, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін бағалау.

ә) Математикадан әртүрлі есептер шығарту, логикалық есептерден челленж ұйымдастыру, сыныптар арасында бәсекелестікті арттыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Ресурстар: Интербелсенді тақта, слайдтар, қарсылас сыныптар жолдаған бейнесұрақтар, таратпа материалдар, есептер жазылған қабырға газеттері.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3. Команда мүшелерін таныстыру

4. Сұрақтарды таңдату.

5. Әр сайыстың соңында дұрыс орындалған тапсырмаларды санап отыру.

6. Нәтижелерін шығару.

7. Сабақты қорытындылау.


Сабақ барысы:

1. Сәлеметсіңдерме балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан өзгеше болғалы тұр, себебі біз бүгін математикадан шын жүйріктерді анықтайтын боламыз. Ол үшін сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындауларың керек, ал тапсырмаларды өздерің тақтадағы ұяшықтардан таңдайсыңдар, ал ендеше сәттілік тілеймін!


Сонымен бүгінгі сайысқа қатысатын оқушылар іріктелінді, олар : Мейран Қорлан, Әріпұлы Шапағат, Қанатқызы Аружан , Нұрланұлы Расул, Мейрамбекқызы Гүлімай, Рамазан Сезім.

Сайысымызды бастаймыз.Тапсырмалар орындау үшін ұяшықтар таңдайсыңдар.

Тапсырмалар мына ретпен берілген:

1 ұяшықта «Логикалық есеп»

2 ұяшықта «Ертегі есеп»

3 ұяшықта «Сиқырлы есеп»

4 ұяшықта « Математикалық ребус»

5 ұяшықта «Жұмбақ есеп»

6 ұяшықта «Жасырын ұяшық»


Тақтадағы слайд:


Әрбір ұяшықты таңдаған оқушы сол ұяшықтағы тапсырманы орындауы керек, және олардың ішіндегі жасырын ұяшықта бейнежазба түрінде қарсылас сынып жолдаған тапсырма берілген.

Тапсырмалар тізбесі төмендегідей:

1 ұяшықта берілген « Логикалық есеп»:

а)Шаршының периметрі 44 см-ге тең болса, оның қабырғасы нешеге тең?

ә)Асқар мектепке машинамен келіп, кейін жаяу жүріп қайтса жолға 40 мин уақыт жұмсайды. Егер ол машинамен келіп, машинамен қайтса жолға 32 мин жұмсайды. Асқар мектепке жаяу келіп, жаяу қайтатын болса қанша уақыт қажет?

2 ұяшықта берілген «Ертегі есеп»:

Ертөстік батыр үш басы , үш құйрығы бар алып айдаһардың көзін жоюға жолға дайындалды.жалмауыз кемпір оған : «Мына алмас семсерді ал.Бір шапсаң сен айдаһардың бір басын немесе екі басын, бір құйрығын немесе екі құйрығын шауып тастайсың,бірақ есіңде болсын: бір басын шапсаң-жаңа бас өсіп шығады, екі басын шапсаң-ештеңе өсіп шықпайды, бір құйрығын шапсаң-екі жаңа құйрық шығады, екі құйрығын шапсаң-бір жаңа бас өсіп шығады»-деді.Ертөстік айдаһардың барлық басы мен құйрығын шабу үшін неше рет соққы жасайды?Қандай шабуылдар жасау керек?

3 ұяшықта берілген «Сиқырлы есеп»:




4 ұяшықта берілген «Математикалық ребус»:



5 ұяшықта берілген «Жұмбақ есеп»:

Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бары?


6 ұяшықта берілген «Жасырын ұяшық»:

Бұл ұяшықта қарсылас 5 «б» сынып оқушыларының жасырғанбір бейнесұрағы яғни есебі тұрады, сол ұяшықты таңдаған оқушы сәйкесінше тапсырманы орындайды.

Осылайша барлық тапсырмалар орындалып болғаннан кейін жалпы тапсырманы орындауы және оның дұрыс-бұрыстығына байланысты ұпай сандары шығарылады.

Жауаптары әрбір ұяшық таңдалып, есептің нәтижесін тексеру барысында тақтадан көрсетіледі.

Сайыста әділ-қазылық жасайтын мұғалімдер:

1.Математика пәні мұғалімі Дүйсенбаева Жанат

2. Информатика пәні мұғалімі Қошыманова Салтанат

Сайысқа қатысушылар сақтық шараларын бұлжытпай орындап, ара-қашықтықты сақтап, бетперде тағып кірді.

Сайыс өз мақсатына жетті, балалар осы уақытқа дейін алған білімдерінің бар екенін, тиянақты түрде дәлелдеп берді. Барлық қатысушыларға ұйымдастырған мұғалімдер атынан алғыс хаттар тапсырылды.

Пән мұғалімі: Кенжекова Мейрамкүл Қайсақызы

22 ақпан 2021 жыл. «Өкпеті» орта мектебі

«Өкпеті» орта мектебі











«Кім мықты?»

/зияткерлік сайыс/











Сыныбы: 5 «а»


Пән мұғалімі: Кенжекова М.Қ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!