400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Кім? Қайда? Қашан? " интеллектуалдық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
"Кім? Қайда? Қашан? " интеллектуалдық ойыны жайлы қысқаша болсада көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы

"Абай атындағы орта мектебі" КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Алшынбай Салтанат Алшынбайқызы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: КІМ?   ҚАЙДА?   ҚАШАН?

Мақсаты: Оқушылардың туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақстан Республикасының жетістіктерімен танысу,патриоттық сезім ояту,тарихын құрметтеуге баулу. Топта бірлесе жұмыс істеуге үйрену.ойлау қабілетін шындау, шапшандық пен нақтылыққа бейімдеу.

Көрнекілігі: презентация, елбасының суреттері, жұлдызша

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелеу, талдау

БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызамын. 1-топ «Зерделілер», 2-топ «Зеректер» , 3-топ «Алғырлар» . Үш топты бағалау үшін дұрыс жауапқа жұлдызша беріліп отырады. Кім көп жұлдызша жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.

-Балалар, бүгінгі сайыс 4 кезеңнен тұрады:

  1. Қызық сұрақтар

  2. Ойлаушымен ой толады

  3. Сандар сыры ”

  4. «Ойлы болсаң, озып көр!»

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Бүгін осы сайыста жеңіске жет,

Білімді, әрі білікті жас жеткіншек- деп сайысымыздың 1 - кезеңін бастаймыз.

І - кезең. - Тәрбие сағатымызды «Қызық сұрақтар» ойыны арқылы басталғалы тұрмыз. Мақсаты: оқушылардың шапшаң ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: сынып 3 топқа бөлінеді. Әр түрлі сұрақтар, тапсырмалар беріледі.
Ортадағы партадан сол сұрақ не тапсырмаларға жауап болатын парақты алып, тапсырманың астына ілу. Сонда артынан мағыналы сөз шығады.

Тапсырма: 1. Республика (Қазақстан картасы)-
1. Тәуелсіздік (монументі) - Е
2.Қазақ тың 3 биі
3. Валюта (теңге ) - Б
4. Рәміз (елтаңба) - А

5.30тамыз 1995 жылы не қабылданды? - С

6. Республика (Қазақстан картасы)-Ы
Мұғалім: Елбасы деген кім? -«Ғасырдың ғажап азаматы» - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

«Ойлаушымен ой толады» айдарымен жұмыс жасаймыз.
Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.
Шарты: мультимедия арқылы берілген суреттер бойынша мәтін құрастыру

1. Назарбаев ата - анасымен.
2. Назарбаев жасөспірім шағы

3. Назарбаев – елбасы.
Өз столдарында 3 түрлі конверт болады. Соның суретке байланыстысын тауып мәтінді құрастыру керек. Мәтінде тақырып болады.

1. Назарбаев ата - анасымен.

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл - кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.

2.Назарбаевтың жастық шағы   / Жастық шақтағы суреттері қоса беріледі/

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

3.Назарбаев- Елбасы   / Елбасы болған кездегі суреттері қоса беріледі/

1991 жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.



ІІІ – кезең «Сандар сыры»

Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ.

               6, 16, 1, 22, 15, 9, 30

- шілде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың туылған күні және Астана қаласы күні

16 - желтоқсан ҚР -ның Тәуелсіздік алған күні

1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күні

22 -наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі

15 - қараша 1993 жылы Ұлттық валютасы шықты

9 -мамыр Ұлы Жеңіс күні

30 - тамыз ҚР Конституциясы қабылданды

Қорытынды жасаймыз.

4-кезең «Ойлы болсаң, озып көр!»

Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына 5 сұрақ қойылады. Әр сұраққа дұрыс жауап берген топ басшысына жұлдызша беріледі.

1-топ басшысына:

1. Біздің еліміз қандай? (тәуелсіз)

2.Республикамызда қанша облыс бар? 14

3.Н.Назарбаевтың  қандай  кітаптары бар?

(«Ғасырлар  тоғысында», «Тәуелсіздік  белестері», «Қазақстан  жолы», «Ой  бөлістім  халқыммен» т.б)

4.Студенттерге  арналған  оқу орыны  қалай  аталады?

(Назарбаев  Университеті)

5. Біз қай облысқа қараймыз? (Маңғыстау)

2-топ басшысына:

1.Елбасымыздың  құрметімен  аталатын  мектептер қалай  аталады?

(Назарбаев  Зияткерлік  мектептері)

2.Қазақстандағы  президент атымен аталған  мұражай?

(Қазақстан  Республикасы Тұңғыш Президенті  мұражайы)

3.Президентіміздің  Білімділерге  арналған  қоры?

(Назарбаевтың  Білім  қоры)

4.Президенттің  студенттерге  арналған  шәкіртақысы қалай аталады?

(Президенттің «Болашақ»халықаралық стипендиясы)

5.Президентіміздің балалық шағына арналған кино қалай аталады, режиссері кім?

(«Балалық шақтың аспаны», режиссері – Рүстем Әбдірәшев)

3-топ басшысына:

1.Президентіміздің сөзіне жазылған әндер?

(«Үшқоңыр», «Елім менің», «Жерім менің»

2. Н.Назарбаев қанша жасында президент болды?(50 жасында)

3.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт көшбасшысы) атағы қашан берілді?(Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 – маусымда).

4. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9 орында)

5. Қ. Р - ның астанасы қай қала?(Астана)


ІV. Қорытынды: Ойынымызды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді. «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңізде».
Тауды биік деме сен,

Талаптансаң, шығарсың.

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін жұлдызшаларды санап болғанша, "Көк тудың желбірегені" әнін хормен айту.

Жеңімпаз топты анықтап, мадақтамаларды табыс ету.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі