400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Кім тапқыр?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тапқырлықтарын шыңдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кім тапқыр?» интеллектуалды ойын

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларында білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту,ауызша логикалық ойлауға баулу.

Өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 2 топқа бөлу. («Ақжелкен», «Балдырған»)Мұғалім :

Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла, — дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер.

ІІ. Екі топтың өздерін таныстыру.

І кезең. «Кім көп біледі?» (әр топқа сұрақтар қою)

І – топқа

1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).

2. Сөз таптарын ата. (зат есім, сын есім, етістік, т.б.).

3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

4. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт).

5. Ы.Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін ашқан).

6. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең).

7. Тірі табиғатқа не жатады? (адам).

ІІ – топқа

1. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).

2. Сөйлем мүшелерін ата. (тұрлаулы, тұрлаусыз).

3. Сын есім дегеніміз не?

4. Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, т.б.).

5. Абай Құнанбаев кім? (ақын).

6. Табиғат деген не? (айналаны қоршап тұрған дүние).

7. Түбір дегеніміз не? (сөздің одан әрі бөлшектеуге келмейтін бөлігі).

ІІ – кезең.«Кім жылдам?». Әріптер таратылады. Сол әріптерге

байланысты сұрақтарға жауап беру қажет.

І – топқа.

1. Ертегі оқисың ба?

2. Сумкаңда не бар?

3. Бөлме қандай?

4. Досың кім?

5. Анаңа еркелейсің бе?

6. Сабағың жақсы ма?

7. Аспанда не бар?

ІІ – топқа.

1. Жасың нешеде?

2. Алма берсе жейсің бе?

3. Нені жақсы көресің?

4. Түнде түс көрдің бе?

5. Кімге сәлем жолдайсың?

6. Күн түнде бола ма?

7. Әріп пен дыбыс бір ме?

ІІІ – кезең. Сөз құрау. «оқушылар» сөзінен бірнеше сөз құрау.

1V – кезең.Үй жұмысы. Үйден дайындап келген сұрақтары бойынша

білімдерін байқау. Бір-біріне сұрақтар қою. (сұрақтар, жұмбақтар).

V – кезең. «Кім тапқыр?» (сурет арқылы көңіл –күйді табу , салу).

VІ – кезең. «Қолқа салу» жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады. (ән, би, өлең, т.б.)

Қорытынды
Арғымаққа міндім деп,

Артқы топтан адаспа.

Күнінде өзім болдым деп,

Кең пейілге таласпа.

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа.

Ғылым жұрттан асты деп,

Кеңессіз сөзді бастама.

Жеңемін деп біреуді,

Өтірік сөзбен қостама.

«Тапқыр достар» сайысы аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі