жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Кім тапқыр».
«Кім тапқыр». / сайыс/
Мақсаты:
оқушылардың
ой-өрістерін дамыта отырып,
логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту,
табандылықпен шешім қабылдауға,
оны дәлелдеуге
үйрету, биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып,
логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар
мен оқушылар! Математика,
жаратылыстану – география апталығында
өткелі отырған
«Кім
тапқыр» сайысына қош
келдіңіздер!
Көңілді тапқыштар,
білгіштер
Бар өнерін алдарына
салады.
Кім білімді, көп оқыған болса
егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Сайысқа
2 топ қатысады. «Қыран»
мен «Тұлпар».
Екі
топты сайысқа шақырамыз.
Сайыскерлеріміздің біліміне,
шеберлігіне әділ
бағасын беретін әділ қазылармен
таныс болыңыздар:
1.
Айслу Темирбековна
2.Ольга Вячеславовна
3.Бағлан Шукурбековна
Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың 1–ші кезеңін бастаймыз.
І
кезең "Бәйге " кезеңі
Бұл
кезеңде әр топқа 6 сұрақтан қойылады,
әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан беріледі.
1. Ұша
алмайтын құс (Пингвин)
2. Ең үлкен құс (Страус)
3. Дүниежүзінде неше материк бар, атаңдар . /Солтүстік, Оңтүстік Америка, Африка, Еуразия, Австралия, Антрактида/
4. Неше мұхит бар, атаңдар. /Тынық, Үнді, Атлант, С. мұзды мұхит/.
5.Құстардың негізгі мекені? /ұя/.
6. Құстарға тән белгілерді ата. /қанаты/
7. Өте ұсақ заттарды 100-ден 2000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал. (микроскоп.)
8. Сүтқоректілер класының аталу себебі./сүтпен/
9. Ересек адамда неше тіс болады (32)
10. Тісті емдейтін дәрігер (Стоматолог)\
11. Алма,алмұрт,өрек, анар (Жеміс)
12. Сәбіз, қызылша, орамжапырақ, қияр. (көкініс)
II кезең: Абракадабра
Берілген әріптерден өсімдіктер мен жануарлардың атауларың құрастыру қажет.
1.НОЯҚ
- /қоян
/
2.ТАҚАРҚА
(қарақат)
3.
ОЙҚ
- /қой/
4.
МАЛА
- / алма/
5.
ҚЫЖЫЛ - /қыжыл/
6.
АННАБ (банан)
7.
МҰРАЛТ (алмұрт)
8.
ЛҮГ - /гүл/
Көрермендермен жұмыс "Жануарлардың
дауысын анықтау".
Көрермендерге жұмбақ жасыру.
III кезең"Сандар жырлайды"
1. Қандай жануарларды білесіңдер? 2
1.Жануарлар неше топқа бөлінеді? 2
2.Омыртқалы жануарлар неше класқа бөлінеді? 5
3. Сүтқоректілердің жүрегі неше камералы? 4
4. Адамның жақсүйектерінде неше тіс бар? (32)
5. Адам қаңқасында қанша сүйек бар? (200- ден астам)
6. Өсімдіктердің неше мүшесі бар? 5
7.Ағаштардың неше түрі бар? 2
8.Қосжарнақты өсімдіктерде неше жарнақ бар? 2
IV
айналым: «Ойлан тап?»
Бұл
шартта оқушылар логикалық сұрақтарға
жауап береді.
Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы қалды?
( түйеқұс ұшпайды)
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
2. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (екінші жартысына)
4. Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа)
5. Егер тырна бір аяғымен тұрса, 3 кг болады. Екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? / 3/
6. 4 қойдың неше аяғы бар? (16)
7. Емен, аққайың үйеңкі, шырша. Осы ағаштардың арасында қайсысы артық? Неліктен.
8. Торғай, сауысқан, көгершін, шымшық, қасқыр.
9.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр,қайсысы ауыр:алмұрт па,шабдалы ма? (алмұрт)
10. Абдулланың он бес қойы бар еді. Он төртінен басқасының бәрі өліп қалды. Сонда Абдулланың неше қойы қалды? /14/
V кезең "Кім тапқыр"
Сиқырлы сандықтың, ішіндегісін табу керек. Мен сол заттарға сипаттама беремін, сендер ойланып, жауап бересіндер.
1. Мені тіс ауырғанда пайдаланады. Өзіме тән иісім бар. С дәруменінің көзімін, сондықтан тұмаумен ауырғанда пайдаланған жөн. (сарымсақ)
2. Ең маңызды тамақ өнімі, түйнектермен көбейеді, "екінші нан" деп те атайды./картоп/
3. Сүтқоректілерден алынатын өнім, сүттен жасалады, денсаулыққа пайдасы бар /айран/. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.
4. Құстар қалай өсіп-өнеді? / жұмыртқа арқылы/
5. Мынау сиырдың сүтінен жасалған, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. /құрт/ Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
6. Сары бал бұдан асқан дәм бар ма, сапалық, емдік қасиеті бар, ауруға ем, сауға қуат, дәрі /қымыз/
VI кезең Жұмбақ – сурет. Жануарлардың атын табу
Үшін әрбір суреттер мен кішкене дөңгелекшелерді пайдалану керек. Егер суретті дұрыс түсініп, кішкене дөңгелекшелерге әріптерді орынды толтырса, онда жұмбақталған жануарлардың атын білетін боларсыңдар./екі топқа үлестірмелі қағаз таратылады/. Екі топ тапсырманы орындағанша көрермендер жұмбақ шешеді.
VII кезең «Ойымды жалғастыр»
1. Ата – асқар....(Ата – асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ,бала – жағасындағы құрақ)
2. Үлкенге құрмет...( кішіге ізет)
3. Аға әдепті болса,...( іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті)
4. Денсаулықтың қадірін ...білерсін (ауырғанда)
5. ...ауырса қолынды тый,...ауырса аузынды тый.(Көзің ауырса,қолың тый, ішің ауырса,ауызынды тый
6.Дені саудың -.....(Дені саудың - жаны сау)
7. Інісі бардың ....(тынысы бар,ағасы бардыңи жағасы бар)
8. Атаның көнілі балады,...(Баланың көнілі далада)
9. Әкесіне қарап ұлын ,/Шешесіне қарап қызын тан/.
10. Туған жердің қадірін /шетте жүрсен білерсін/.
Жүргізуші:
Бүгінгі
сайысымыз өз мәресіне жетті.Биік-биік
асулардан көрініп,тек жетістіктерге
жете берулеріңе тілек білдіреміз.Қорытынды
сөз кезегі әділқазылар алқасына
беріледі.
Әділқазылар алқасы жеңімпаз
оқушыны анықтап,қорытындысын шығарды.
Жеңімпаз оқушы анықталды.
Қош, сау
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген