«Келісемін»
«Бекітемін»
«Әйгерім» балабақшасының
«Әйгерім» балабақшасының әдіскері
меңгерушісі
Н.Е.Омарова______ ______ К.Ж.
Жуманазарова
«__» _______2018ж «__»
_______2018ж
Білім беру саласы
: «Таным»
Бөлімі
: Қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Кім
тапқыр?»
Мақсаты
: Балалардың «7» көлемінде
сандық есептеу дағдысын қалыптастыру, сандарды тура кері санауға,
логикалық жұмбақтарды ойын арқылы шешуге, геометриялық пішіндерді
ажырата білуге үйрету.
Логикалық ойлау және есте
сақтау қабілетін дамыту.
Балаларды білімге деген
құштарлығын арттырып, тапқырлыққа , ізденімпаздылыққа достыққы
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, түсіндіру,
сұрақ-жауап, ойындар,жұмбақ жасыру. Математикалық
пирамида
Сөздік
жұмыс: Математикалық
пирамида
Көрнекі
құралдар: 7-ге дейінгі сандар,
геометриялық пішіндер
Ойын
технологиясы: Логикалық ойындар,дидактикалық
ойын «ерекше гүл», математикалық пирамида
Үш тілдік
компонент: 1-бір-один-one, 2-екі-два-two,
3-үш-три-three, 4-төрт-четыре-four,5- бес-пять-five,
6-алты-шесть-six, 7-жеті-семь-seven.
|
Әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық
қозғаушы
|
-Балалар, бүгін бізде ерекше
күн. Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане сәлемдесейік. Ең алдымен
бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен
сәлемдесейік.
Психожаттығу
Арайлы таң
атты,
Алтын шуақ
таратты.
Жарқырайды
даламыз,
Қайырлы күн
балалар!
Қайырлы күн
қонақтар
Здравствуй солнце
золотое,
Здравствуй небо
голубое.
Здравствуй родина
моя,
Очень любим мы
тебя.
Гуд мониң, гуд
мониң,
Гуд монтң ту
ю,
Гуд мониң диа
тича,
Ю а клаб ту си
ю.
|
Көтеріңкі көңіл
-күймен орындады
|
|
Ізденуші
ұйымдастырушы
Cергіту
сәті
|
Тәрбиеші: Енді орынымызға отырайық.(Әуен
ойналады)
Топқа Дымбілмес
кіреді.
-Сәлеметсіңдерме,
балалар!
Тәрбиеші: Балалар бұл Дымбілмес, бізге
қонаққа келіпті.
-Дымбілмес: Балалар мен
ештеңені білмеймін. Жолда келе жатып мына сиқырлы сандықты тауып
алдым. Бірақ қалай ашатынын да
білмеймін.
Тәрбиеші:-Дымбілмес бұл сандықтың ішінде
не бар екен, ашып көрейік.Сандықтың ішінде тапсырмалар бар
екен.
1-тапсырма.
1-ден 7-ге дейін тура және
кері үш тілде санап
беріңдер.
Дымбілмес: -Ой,балалар мен
сендерден санауды да
үйрендім.
2-тапсырма.
Жұмбақтарды
шешу.
1.Мұқтажсын қол
–аяққа
Ұқсап тұрсың
таяққа.
2.Айдын көлде
қалқыған
Аққуға ұқсайды қандай
сан?
3. Екі қисық
қосылған
Сан құралған
осыдан.
4.Үштен кейін
тұратын,
Жыл мезгілін
білдіретін?
5.Мектепке сен
барасың,
Кілен бестік
аласың,
Бұл қай
сан?
6.Ұқсайсың сен
құлыпқа
Ұқсап тұрсын қай
санға?
7. Апта деген
ағайдың
Неше ұлы бар
екен?
Апта
күндері
Дүйсенбіде- доп ойнадық
қорада
Сейсенбіде- серуен құрдық
далада
Сәрсенбіде- сурет салдық сәнді
етіп
Бейсенбіде- би биледік
әндетіп.
Жұма күні- жидек тердік
далада
Сенбі күні- кино көрдік
клубта.
Жексенбіде- үйде болып
демалдық, Осылайша өте шықты бір
апта.
3-тапсырма.
«Ерекше гүлдің» ішіндегі
пішіндерді санап, пішіндерді бастырып
шығу.
-Тәрбиеші: Біздің балалар пішіндерді
бастырып қана қоймай, пішіндер жайлы тақпақтарды да
біледі.
Пішіндерді
үйрендім
Қабырғасы тік
сайлы
Үш бұрыш бұл
үйлердің
Шатырына
ұқсайды.
Бөліп-ап
екіге,
Отырған сәт
шетінде
Төрт бұрышта
ұқсайды
Үстелдердің
бетіне.
Теледидар таныс екен
баршаға
Ал пішінім ұқсайды ғой
шаршыға.
Менің атым
шеңбер
Шуақ шашқан күнге ұқсаймын мен
көбірек.
-Дымбілмес: Балалар мен сендерден санауды
да, көптеген тапсырмаларды шешуді үйрендім. Енді мен ақылды болдым.
Достарыма барып үйренген білгенімді айтып берейін. Енді мен
Білгішбек болдым.
|
Сәлеметсіз
бе!
Балалар үш тілде тура
және
кері санайды
1,2,3,4,5,6,7.
7,6,5,4,3,2,1.
1-саны
2-саны
3-саны
4-саны
5-саны
6-саны
7-саны
Балалар қимыл- қозғалыс арқылы
сергіту сәтін жасайды.
Балалар тапсырманы
орындайды.
Айқын
Інжу
Абдурахим
Темірлан
Төлеген
Шыңғыс
Дымбілмеске ерекше
гүлді сыйға беру.
|
|
Сөздік
жұмыс
Рефлексивті
түзету
|
Д идактикалық ойын:
«Математикалық пирамида».
Математикалық
пирамида:
Алған білімімізді дұрыс
орналастыру, пирамиданы
құрастыру.
Сұрақ-жауап арқылы
қорыту
-Бізге қонаққа кім
келді?
-Дымбілмес бізге не
әкелді?
-Оқу қызметіне жақсы
қатысқан балаларды мақтап,
мадақтау.
|
-Дымбілмес
-Тапсырмалар
әкелді
|
Күтілетін
нәтиже
Білуі: 7 санының көлеміндегі
сандық есептеуді.
Меңгеруі: Қызығушылықпен оқу
қызметін меңгерді.
Жасай алуы: 7 саны көлемінде
тура және кері санауды, сандарды, жұмбақтарды шешуді, геометриялық
пішіндерді сала алуды үйренді.
«ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМДІГІ
БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«ӘЙГЕРІМ» БАЛАБАҚШАСЫ»
МЕМЛЕКЕТТІК
КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ
КӘСІПОРЫНЫ

Қорытынды оқу
қызметі
тақырыбы: «Кім
тапқыр?»
«Айналайын» мектепке
дейінгі ересек жас
Тәрбиеші : Муратбекова Алма
Еркиновна.
Қаратау
қаласы
2018жыл