Кімдер іскер? Кім шебер? сыныптан тыс шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кімдер іскер? Кім шебер? сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
әр түрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу мен біріктіру машықтарын жетілдіру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаласова Айгүл Кеулімжайқызы бастауыш сынып мұғалімі Picture 3

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Сарысай аулы «Сарысай мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ

Тақырыбы: Кімдер іскер? Кім шебер?

Мақсаты: әр түрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу мен біріктіру машықтарын жетілдіру; Көру арқылы есте сақтау қабілеті мен байқампаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту; Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, әділдікке, білімпаздыққа, өнерпаздыққа тәрбиелеу.

Сыныбы: үшінші және төртінші.

Құндылықтарды дарыту: көркем еңбек пәніне қығығушылығын арттырып еңбекке баулу; жеке, жұпта және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Әдістері: көрнекілік, түсіндіру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгіме, мадақтау, топтау, іздену, бағалау, марапаттау.

Ресурстар: мазмұнды суреттер, А4 және А3 форматты қағаздар, түрлі түсті қарындаштар, өшіргіш, қарындаш ұштағыш, жұмсақ ваталар, желімдер, қайшылар, үлгі бейнелер, түсті қағаздар, ермексаздар, таяқшалар, тақтайшалар, қол орамалдар, картон қағаздар, үлгі жұмыстар, магнитті тақталар, стикерлер, т.б.

Пәнаралық байланыс: көркем еңбек, математика, дүниетану, өзін-өзі тану, жаратылыстану, әдебиеттік оқу.

АКТ қолдану: интербелсенді тақтадағы алдын ала іріктелген материалдар, жұмыс үлгілері, бағалау талаптары көрсетілген түсіндірмелер.

Барысы:

І. Топқа бөлу жұмысы. Үшінші және төртінші сынып оқушыларын шара ережесі бойынша топқа бөлу үшін қима суреттер ұсынылды. Суретті құрастыру нәтижесімен топ екіге бөлінеді.

ІІ. Топ басшыларын сайлау. Өзара кеңесу, дауыс беру нәтижесімен топтардың басшысы сайланады. Топ басшысы міндеттері түсіндіріледі.

ІІІ. Топтар атаулары: «Іскерлер», «Шеберлер».

ІҮ. Қазылар мүшелерімен таныстыру.


І бөлім. Көріп ал, сақтап қал.

Өтілу тәртібі: әр топтан 3 ойыншы қатысады; тақырып бойынша ұсынылған суретті 1 минут қарап, есте сақтайды, сол суретті есте сақтау арқылы екінші парақ бетіне түсіреді. Неғұрлым көп сәйкестік болған жұмыс жоғары бағаланады.

Қажетті құралдар: үлгі сурет, А4 парақтары, түрлі түсті қарындаштар, өшіргіш, қарындаш ұштағыш.

Уақыты: 5 минут.



ІІ бөлім. Қол өнері – кілемде.

Өтілу тәртібі: әр топтан 4 ойыншы қатысады; жеребе бойынша жұмыс таңдайды; түсті қағаз бетіне жұмсақ ваталарды қию, жапсыру, бояу арқылы кілемше бетін әшекейлейді. Неғұрлым көркем бейне шығарған топ жұмысы жоғары бағаланады.

Қажетті құралдар: жұмсақ ваталар, желімдер, қайшылар, үлгі бейнелер, түсті қағаздар.

Уақыты: 5 минут.


ІІІ бөлім. Шеберлікте шек жоқ.

Өтілу тәртібі: әр топтан 3 ойыншы қатысады; ермексаздан жасауға бірдей жануарлар үлгісі ұсынылады; жұмыс реті түсіндіріледі; сол ретпен жануар бейнесін мүсіндеп шығады. Үлгі бойынша мұқият орындалған жұмыс жоғары бағаланады.

Қажетті құралдар: ермексаздар, таяқшалар, тақтайшалар, қол орамалдар, картон қағаздар, үлгі жұмыс.

Уақыты: 7 минут.


ІҮ бөлім. Іскердің байлығы қолында.

Өтілу тәртібі: топтан барлық ойыншы қатысады; жануарлар бейнесі жасырылады; таңдау бойынша бір бейнені алады; постер қорғауға әзірленеді; іскер бизнесмен ретінде қандай шаралар жасап не ұйымдастырып өз қаржысын молайтатын әрекеттерін түсіндіреді; жоспарларын таныстыруға топ басшысы шығады. «Бизнес жоспары» ұтымды шыққан топ жұмыс жоғары бағаланады.

Қажетті құралдар: А3 форматты қағаздар, барлық көркем еңбекке қажетті құралдар, магнитті тақталар, стикерлер ...

Уақыты: 5 минут.


Ү. Қорытынды бөлімі.

  • Қазылар тобының пікірлері тыңдалады.

  • Әр топтың жинаған ұпайлары есептеледі.

  • Жеңімпаз топ анықталып, «Іскер топ» атағы беріледі.

  • Барлық оқушылар аты жазылған плакатқа стикерлер арқылы дауыс беріп, «Шебер оқушыны» таңдайды.

  • Барлық қатысушылар тәттілермен марапатталды. «Шебер оқушы» арнайы сыймен марапатталады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2023
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі