400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кинематика

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кинематика пәні және негізгі ұғымдары


Кинематика – теориялық механиканың екінші бөлімі. Мұнда дененің қозғалысы оқылады. Денеге әсер ететін күштер қаралмайды. Дененің қозғалыс тек геометриялық жағынан қаралып оқылады.

Кинематика динамика бөлімін оқығанда қажет. Қазіргі кезде кинематика машина мен механизмдерді құрастыру, зерттеу кезінде пайдаланады.

Кез келген материалдық дененің механикалық қозғалыспен басқа денемен салыстырып барып байқауға болады. Егер кеңістікте бір ғана дене болса, оның қозғалысын байқауға мүмкін емес.

Егер дененің қозғалысын бір координат жүйесіне байланысты қарасақ, оны бастапқы жүйе дейді.

Табиғатта абсолютті қозғалмайтын дене жоқ, өйткені жердің өзі күнге қарағанда қозғалады. Сондықтан «қозғалыс», «тыныштық» күйлер – бір – біріне салыстырмалы ұғымдар.

Егер дене бастапқы жүйеге байланысты өзінің орның өзгертетін болса, онда бұл дене осы жүйеге байланысты қозғалады.

Егер дене бастапқы жүйеге байланысты орнын өзгертпесе, онда дене тыныштық күйде болғаны.

Техникалық тәжірибеде бастапқы жүйе ретінде негізгі, қозғалмайтын жүйені, яғни жерге қарағанда қозғалмайтын бастапқы жүйені алады. Дененің жерге қарағанда қозғалуын абсолютті қозғалыс ретінде қабылдайды.



Қозғалыс, уақыт, траектория, арақашықтық


Дененің қозғалысы белгілі болып есептеледі, егер де оның орнын бастапқы жүйеге байланысты әр уақытта табуға болатын болса.

Уақыт – скалярлық өлшем, тек оның мағынасы ғанра өзгереді, кинематиканың есептерінде ол байланыссыз өзгермелі өлшем (аргумент) ретінде қаралады. Ал қалған өлшемдер осы уақыттың функциясын болып есептелелді. Түзудегі нүктенің арақашықтық арқылы табылады. Ал арақашықтық бір уақыттың арасында нүктенің алғашқы орыннан екінші орынға ауысқан аралығы.

t1 – алғашқы уақыт;

t2 соңғы уақыт;

Δt=t2-t1 – уақыт аралығы.


Дене әр түрлі қозғалыста болуы мүмкін. Дене нүктелердің жиынтығынан тұрады, сондықтан кинематикада қозғалысты нүктенің қозғалысын оқудан бастайды. Егер нүктенің қозғалысын анықтайтын болсақ, бүкіл дененің қозғалысын анықтап табуға болады.

Нүкте қозғалғанда өзінің орнын бастапқы жүйеге байланысты өзгертеді. Нүктенің кеңістікте қозғалыста сызатын түзуі осы нүктенің траекториясы деп аталады. Егер нүктенің траекториясы тура түзу сызық болса, онда оның қозғалысы да тура. Нүктенің траекториясы қисық сызық болса, қозғалысы да қисық. Қисық түзулі қозғалыстың формасына байланысты әр түрлі болуы мүмкін: щеңберлі, эллипстік, бұрандалы, т.б. қозғалыстар. Траекторияның формасы алған бастапқы жүйеге байланысты болады, өйткені әрбір қозғалысты салыстырмалы сипатта қарауға болады.

Егер нүкте бір уақыттың ішінде бірдей арақашықтыққа орнын өзгертсе, онда нүктенің қозғалысын бірқалыпты дейді, ал бір уақыттың ішінде арақашықтық әр түрлі болса бірқалыпты емес немесе өзгермелі қозғалыс деп аталады.

Нүктенің тура түзулі, қисық түзулі қозғалыстары бір уақытта бірқалыпты немесе өзгермелі қозғалыс болуы мүмкін.



Δt1=t1-t2 Δl1=A0A1=l1

Δt2=t2-t3 Δl2=l2-l1=A1A2

Δt3=t3-t2 Δl3=l3-l2=A2A3


мұндағы, Δt1, Δt2, Δt3 – уақыт аралығы;

Δl1, Δl2, Δl3 – арақашықтық.



Бақылау сұрақтары


1. Дененің қарапайым қозғалыстары қандай болады?

2. Қозғалыстың әр түріне мысал келтіріңіз.

3. Қандай қозғалыс бірқалыпты, бірқалыпты емес деп аталады?

4. Бұрыштық жылдамдық пен айналым санының арасындағы байланыс қандай?

5. Бұрыштық жылдамдық өлшем бірлігі қандай?

6. Бұрыштық үдеуді қалай анықтауға болады?

7. Бұрыштық үдеудің өлшем бірлігі қандай?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
1209
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі