400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кинетика.Химиялық реакция жылдамдығы, əсер ететін факторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Кинетика.Химиялық реакция жылдамдығы, əсер ететін факторлар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Cабақтың тақырыбы:

Кинетика.Химиялық реакция жылдамдығы, əсер ететін факторлар.

тін факторлар

Мырзабаева Мадина Жанузаковна №245 жалпы орта мектебі



Күні: 16.11.2020ж


Мұғалімнің есімі: Мырзабаева Мадина Жанузаковна

Сынып: 10

Химия

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Химиялық реакцияның жылдамдығы және оған әсер ететін факторларды білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

  • Химиялық реакцияның жылдамдығына анықтама бере алады

  • Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды атайды

Оқушылардың басым бөлігі істей алады:

  • Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларға мысалдар келтіре алады

Кейбір оқушылар істей алады:

  • Химиялық реакцияның жылдамдығын есептей алады

Бағалау критерийлері:

  • Реакцияның жылдамдығы анықтамасын айтады

  • Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды түсіндіреді

Пәнаралық байланыс

Физика, Биология (биологиялық катализатор, ферменттер).

Құндылықтарға

баулу

Қарым-қатынас жасай білу қабілетін арттыру,топтық жұмыс арқылы шығармашылық қабілеті және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру, жеке жұмыс арқылы жауапкершілікті сезінеді, жұптық жұмыс арқылы өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Не істей алады?

Реакция жылдамдығын, оған әсер ететін факторларды, реакцияның түрлерін ажыратуды біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология)

Жылдамдық, қысым, концентрация, температура, катализатор

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Не себептен затты ұнтақтағанда реакция жылдамдайды?

2.Реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңдар

3.Реакцияның қандай түрлерін білесіңдер

4.Вант-Гофф ережесінің мәні

Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?

Сіз үлкен кесек көмірге қарағанда ұсақталған көмірдің жануы жылдам жүретінін білесіз бе?

Натрий мен калий түйіршіктерінің сумен әрекеттесуі кезінде калий реакция жылдамдығы жылдам жүретінін білесіз бе?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңыз

Алдыңғы оқу

Үй жағдайындағы химиялық реакцияларды біледі.температураның реакцияның қарқынды жүретінен әсерін түсінеді. Тас көмір мен ағаш көмірдің жану жолдары туралы түсінктер бар.Жылдамдықтың формуласын, өлшем бірлігін біледі.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы



1мин



3мин













2мин

Ұйымдастыру кезеңі:(Оқушыларды түгендеу, амандасу)

Үй тапсырмасын сұрау: .

Химиялық диктант арқылы үй тапсырмасын сұрау

1.Экзотермиялық раекция дегеніміз-

2.Эндотермиялық реакция дегеніміз-

3.Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшерінің белгіленуі

4.Жылу мөлшерінің өлшем бірілігі

5. Экзотермиялық реакция

A) 2H2O=2H2+O2- 572кДж

B) 2NO2 = N2O4;Н=+9,6кДж

C) 2HgO = 2Hg + O2;Н=+180кДж

D) Fe+S=FeS; Н= 96кДж

E) CaCO3(қ) = CaO(қ)+CO2(г) ;Н=+1200кДж

Бағалау: Дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалау

Сынып оқушыларын топқа біріктіру (Концентрация, температура, катализатор сөздері жазылған қағаз қиындылары арқылы)

-Балалар,қиындыларды құрастырғанда қандай сөздер туындады?

-Олай болса бүгінгі тақырып не туралы болмақ?

Сабақ мақсатымен және критерий таныстырылады?

К.Аханбаев. Химия. Алматы «Ана тілі» 1993













Қағаз қиындылары топтамалары

Ортасы

(20мин)




3мин










5мин










6мин+4мин



2мин






5мин













2мин








6мин

Жаңа сабақ.

Миға шабуыл.

Реакция жылдамдығы (Бейне жазба көрсетіледі)


- Балалар бейне жазбадан не байқадыңыздар?

- Концентрлі және сұйылтылған тұз қышқылындағы металл мырыштың еру жылдамдықтары қалай өзгерді?

- Концентрлі және сұйылтылған тұз қышқылына салынған кальций карбонаты реакция жылдамдығы қайсысында артты? Неліктен деп ойлайсыңдар?


Топтық жұмыс

Топтарға тапсырма беріледі «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы топтар мәтінмен танысып, топта талқылайды

І топ:

Химиялық реакцияның жылдамдығы дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІ-топ: Реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлардың маңыздылығы қандай?

ІІІ- топ:

Факторлар ( с,р,t) реакцияның жылдамдығын қалай өзгертеді? Дәлелдеңіз.


Әр топ бір-бірін мұқият тыңдайды, қорғаған постерге «мадақтау сэндвичі» айтып жұмыстарын бағалайды


Кері байланыс:

Топтық жұмыс ұнады ма? Неліктен?

Топтық жұмыс барысында қиындықтар кездесті ма? Қандай?

Қиындықтарды қалай жеңдіңдер?


Жұптық жұмыс.

А+В=С

Заттар

концентрация

Бастапқы

30мин кейін

А

2,7моль/л

2,5моль/л

В

2,5 моль/л

?

С

0

?

Бағалау ауызша кері байланыс арқылы жүреді

Кері байланыс:

1.Жұптық жұмыста жұптасып жұмыс жасағанда не қызық болды?

2.Жұптық жұмыс барысында жағымды ахуал болды ма?

Сергіту сәті. «Көрші-көрші ойыны»

15 Элементтің таңбаларын әр оқушы бір-біреуден таңдап алады . 1-Үйде тұратын элементтер бір қатарға жылдам тұрсын деген тапсырма берілгенде 1валентті элементтер жазылған карточкасы бар оқушылар алдыңғы қатарға шығады, 2-ші үйде тұратын 2 валентті элементтер, 3-ші үйде тұратын 3 валентті элементтер т.б

Жеке жұмыс (Сараланған тапсырмалар) қосымшада

Интербелсенді тақта


Бейне жазба https://youtu.be/_wXahSYAbTk


Химия. (Жаратылыстану-математикалық бағыт) 10 класс. Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова. Алматы «Мектеп» 2014 ж

Түрлі түсті қағаздар,стикер,флипчарт,маркер т.б

Соңы

1мин

Рефлексия «Тазалық»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
13.11.2023
455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі