400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киностудия

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды еңбекті қурметтей білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сюжетті-рольдік ойын: «Киностудия».

Мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтей білуге тәрбиелеу, шығармашы- лығын дамыту, сөздік қорларын молайту және тіл байлығын жетілдіру. Балалардың дүние танымын жан-жақты дамыту. Өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Алдын-ала жұмыс: Серуен, кино, театр жайлы әңгімелесу, декорация дайындауға ата-аналарды кірістіру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап алу, түсіндіру, көрсету, ойнату, бақылау, бағалау, мадақтау.

Керекті құралдар: Касса, ақшалар, бейнекамера, билет, жарнама қағазы.

Сөздік жұмыс: Оператор, кинотеатр, режиссер, дыбыс операторы, грим жасаушы, жарық беруші.

Ойынның шарты: Балаларға бүгін қандай ертегіні қоятындын айтып түсіндіру. Оператор, кинотеатр, режиссер, дыбыс операторы, грим жасаушы, жарық беруші адамдардың рольдерін балаларға бөліп беру.

Балаларға сұрақ қою: Біздің қалашығымызда кино түсіретін жер барма? «Қазахфильм» киностудиясында кино түсіріп, шетелдерде көрсетеді, өзіміз (қараймыз) көреміз. Фильмді түсірушіні кім деп атаймыз? (оператор) Фильмді қоюшы кім? (режиссер) Кинотеатр не үшін керек? Балалар киномызды түсірместен бұрын репетиция жасап алайық. «Репетиция» - деген қайталау деген мағынаны білдіреді.

Киноны түсіруді бастаймыз.

Ауыл көрінісі: Бойжеткендер билеп жүр. Жігіттер күш сынасуда. Қарттар дастархан басында отыр.

Кезбе шал: Айтшы, айналайын, сендердің ауылдарыңда бүгін қандай мейрам?

Кішкене қыз 1: Қарабай бай өзінің кенже ұлының туған күн құрметіне той жасап жатыр.

Кезбе шал: Мерекеге осынша адам жиналған екен, демек, оның ұлы соған лайықты адам болды ғой! Солай ма?

Кішкене қыз 2: Одан тәуірлері де болады!

Кішкене қыз 1: Оған төрелік айтатын біз емес, қонаққа шақырған адам жайында жаман айтпас болар.

Кішкене қыз 2: Е, міне, Қарабайдың ұлы! Бәрінің ішіндегі көрнектісі.

Кезбе шал: Ол сонау, садақты бәрінен жақсы атып тұрған бала ма?

Кішкене қыз 1: Жоқ. Ол Қарабайдың ұлы емес.

Кезбе шал: Онда, бәлкім, киіз үйге бәрінен бұрын жүгіріп барған жүйрік бала шығар.

Кішкене қыз 2: Сіз тағы да таппадыңыз, ата!

Кезбе шал: Онда айтып жіберсеңдерші, мен қалай танимын енді?

Кішкене қыз 2: Ол оп-оңай! Оның үстінде ең әдемі киім бар!

ІІ – көрініс.

Музыка ойнап тұр. Қарияларды байдың дастарханына шақырамыз.

Бай: Алыстан мейман келгені – қожайынға ең тамаша тарту. Бізде бүгін мереке. Қара, адамдар менің ұлымды, ұйықтап жатыр! Оны қарттар мақтауда. Бойжеткендер ең жақсы әндерін шырқауда! Ал жастар оның құрметіне жарысқа түсіп, күштері мен ептіліктерін сынасуда.

Кезбе шал: Сенің ұлың шабандоз ба? Ол бәйгеде озды ма?

Бай: Жоқ! Оның жақсы аты бар, бірақ атқа шапқанды ұнатпайды.

Кезбе шал: Бәлкім, сенің ұлың ең күшті болар? Ол халық қорғаушысы болатын шығар?

Бай: Ал, оған күшті болудың керегі не? Мен тірі тұрғанда оны ешкім де ренжіте алмайды!

Кезбе шал: Ал, онда сенің ұлыңның басқа балалардан несі артық?

Бай: Ол бәрінен де алысқа түкіреді.

Кезбе шал: Сол да ептілік болып па? Ондай ептілік үшін ешкім де жүлде бермейді.

Бай: Басқа бермесе-бермес! Ал мен сондай жарыс жасаймын. Жүлдесі де әйгілі болады. Мен жүлдеге тайлақ тігемін!

Кезбе шал: Алайда бұл жақсы бола қояр ма екен?

Бай: Менің ұлыма жақсы болғанның бәрі басқаларға да қуаныш болуға тиіс!

Музыка.

Шал басын шайқап шығып кетеді. Бәрі баланы мадақтайды.

ІІІ – көрініс.

Бір кезде ауыл болған орын адам танығысыз. Шөл дала. Біршеше адам, екі қыз , шөпшек теріп жүр. Кезбе шал пайда болады.

Кезбе шал: Менің анық есімде, мына жерде таяуда ғана дәулетті ауыл орын тепкен еді ғой?

Ауыл тұрғыны: Болған.

Кезбе шал: Бұл жердің шөбінің өзі белуардан келетін, әрі солқылдаған шырынды шөп.

Ауыл тұрғыны: Болған.

Кезбе шал: Таңның атысынан күннің батысына дейін ән де үзілмейтін.

Райымбек: Ән салар ешкім жоқ. Ауыл босап қалды. Бұлақ суалды. Ағаштар солды.

Кезбе шал: Ал, Қарабай бай мен оның кенже ұлына не болды?

Қыз1: Бай жұтады да, қайғыдан өліп қалды.

Қыз 2: Біздің де өміріміз жаман болып тұр. Күніне көз жасымен жуынамыз.

Қыз 1: Айтыңызшы ата, сіз өмірде көпті көрдіңіз ғой! Біздің ауылға нендей сұмдық тап келді?

Кезбе шал: Естеріңде ме, Қарабай бай кенже ұлының құрметіне той жасап еді ғой?

Барлығы: Есімізде.

Кезбе шал: Естаеріңде ме, Қарабай байдың ұлын алысқа түкіргені үшін қалай мадақтап едіңдер?

Есімізде.

Жер біздің анамыз. Оған түкіру – күнәға бату деген сөз. Жерді ренжіткен күнәһарлықты тек көз жасын төгіп қана жууға болады. Жел соғады. Адамдар бораған құмнан алақандарын тосып қорғанады.

Кезбе шал: Сендер бұл ауылдың тұрғындарына не болғанын білгілерің келе ме?

Шымылдық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі