400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кіріктірілген ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:29.04.2011ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық» , «Денсаулық»

Оқу қызметі:Сурет,дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Достарыма сыйлық»

Мақсаты: 1.Білімділік:Балаларға қарындашпен,қылқаламмен сурет салуды жалжастыра отырып, бейнелеудің сурет салу әдісіндегі маңызын түсіндіру.

2.Дамытушылық:Сурет салуға қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік:Тыныс алу жаттыуларын бекіту арқылы денсаулықтарын нығайту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Ақ қағаз,түрлі-түсті қарындаш,үлгі,фламастер,түрлі-түсті бояулар, сүлгі қағаз.

Сөздік жұмыс:Шар, сыйлы, достар.

Блингвальды компонент: Шар-шар,достар-друзья.

Жеке жұмыс: Түсіндіру,көрсету.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды алып,залға кіреді

Шаттық шеңбер:

Қуан,шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,Қайырлы таң балақай

Тәрбиеші:Балалар біз бәріміз бір-бірімізбен доспыз,қане олай болса бір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлайықшы.Кенет шар ұшып келеді,артынан тасыр-тұсыр етіп аю келеді




Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қимылмен жасап айтты.

Қонақтармен амандасады.


Ұйымдастырушы

лық - ізденістік

Тәрбиеші:

– Балалар, мынау келген не болды екен?

Балалар:

-Ол аю,-деп жауап береді.

Тәрбиеші:

-Ой Вини пух деген аю екен ғой.

Әй Вини сәлеметсіңбе!

Аю:

-Ой мен қайда келдім?

Балалар:

-Бұл балабақша,-деп жауап береді.

Тәрбиеші:

-Вини ал сен не істеп жүрсің,қайдан келдің?

Аю:

-Сәлеметсіңдерме балалар!мен бүгін қоян досымның туған күні еді,соған шар сыйлайын депедім,кенет қолымнан шар ұшып кетті,шарымды қуып келем ұстап алайын деп.бірақ шарым жарылмай аброй болғанда балалар сендердің балабақшаға кіріп кетіпті ғой.

Тәрбиеші:

-Міне шарың ала ғой.

Вини шарды қолына ала бергенде шар пақ-етіп жарылып кеттеді.

Тәрбиеші:

Ой Вини мұңайма сен басқа сыйлық сыйла.

Аю:

-Жоқ менде тағы шар бар,-деп шарды үрлемек болады.Шарды ары-бері үрлейді демі жетпей,шаршап отырып қалады.

Тәрбиеші:

-Вини саған не болды?

-Менің тынысым тарылып кетті,шар үрлеуге демім жетер емес.

Тәрбиеші:

-Вини сен бізбен дос боласыңба?сонда балалар саған тыныс алу жаттығуын үйретеді,сенің тыныс алуың жақсаруы үшін күнде осы жаттығуды жасап тұрасың.Тынысың ешқашан тарылмайды және ауырмайсың.

-Аю:

-Жарайды дос болғым келеді балалармен,олармен ойнап үнемі жаттығуды қайталап тұратын боламын.

Тәрбиеші:

-Ал қане балалар аюмен дос боламыз ба?

Оған тыныс алу жаттығуын көрсетіп үйретемізбе?

Қане олай болса ортаға шеңбер жасап тұрайық ,тыныс алу жаттығуымызды бастайық.Аю сенде бізбен бірге қайталап жаса.

  1. Гүл иіскейміз.(балалар қолдарын мұрындарына жақындатып гүл иіскегендей мұрынмен терең тыныс алып,ауызбен демін сырқа шығарады)

  2. 2.Көңілді аралар.(тыныс алып,аралар сияқты ызылдайды, ауаны тістерінің арасынан дыбыстайтап шығарады)


3.Қасқырдың ұлуы.(балалар бір мұрындарын қысып,екінші мұрынмен тыныс алады да,ауаны сырқа шығарады,сосын келесі мұрындарымен тыныс алып,ұлыған қасқырдың дыбысын сала отырып ауаны сыртқа шығарады

4.Шар үрлеу.(балалар шарды үрлеген сияқты ауызбен терең тыныс алып,ауызбен шығарады,алақандарымен шарды жарған сияқты болады)

5.Поровоз(балалар поровоз болып,терең тыныс алып,пух-чах,пух-чах деп дыбыстайды)

Аю:

-Ой балалар сендерге рахмет,мен күшті болып тынысым ашылып қалды.Енді қазір шарды үрлеп алайын деп шарды қайта үрлейді,осы сәтте шар қайта жарылып қалады.

Аю басын ұстап енді не сыйлайын?-қоянға деп жыламсырап қалады.

Тәрбиеші:

-Аю сен уайымдама біз саған көмектесеміз,біздің балалар шар жасап береді.

-Аю таңырқап қалай?-деп сұрайды.

Тәрбиеші:

-Саған шардың суретін салып бере аламыз,қалай бұл сыйлық ұнайма саған?

«Әрине ұнайды деп аю қуанып қалады.

-Аю менде көп шардың суреті болса,біреуін есекке, .біреуін Петачокқа,қоянға сыйлар едім.

Тәрбиеші:

Ендеше балалар орнымызға отырып Вини досымызға шардың суреттерін салып берейік келіссесіңдерме?

-Балалар ия-деп келісім береді.

Тәрбиеші:

Балалардың назарын тақтаға аударып,шарды салу үлгісі мен әдіс тәсілдерін көрсетеді.

-Тәрбиеші шарды күннің астына сауға кеңес береді.Ақ қағаздың жоғарғы бөлігіне күнді қылқаламмен салуды

көрсетіп,сары түспен боялатынын және шарды күннен төмен салуды түсіндіреді.Қылқаламды темірінің үстінен ұста ,қолданып болған соң,қағаз сүгіге тигізіп қылқаламды өз орына қою керектігін айтты.

Шардың пішіндерін әр түрлі көлемде салуға болады, сопақ ,дөңгелек етіп фломастер қолдануға болатындығын бояу үшін түсті қарындаштармен бір бағытта бояуға болатындығын үйретті.

-Тәрбиеші балаларға саусақ жаттығуларын жасатты.

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Қолға қалам ілікті.

Үш саусағым орамды.

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ.

Қала салсақ,жол салсақ.

Балалар отырып сурет салуға кірісті.

Қиналған балаларға жәрдем көрсетілді.


– Балалар тәрбиеші сұрағына дұрыс жауап береді,ертегі Внии екенін түсінді.





Виниге назар аударып оның тыңдайды.





-Балалар шардың жарылғанына аяушылықпен қарады аюға.





-Балалар дос болуға келісті



Жаттығу жасап үйретуге ынта білдірді.




















Балалар жаттығуларды реттімен жақсы орындап көрсетті.























-Балалар аюға жәрдем беруге келісімдерін берді.

















Әдіс-тәсілдерін көріп қолдануға талпынды.














Саусақ жаттығуларын айтып қимылмен жасады.

Рефлексиялық- түзетушілік

-Тәрбиеші жақсы салған балалардың суреттеріне мақтау айтты.

-Балалар болған соң шардың суреттерін аюға тапсырды.Аю қуанып балаларға рахмет алғысын айтып.балалармен қоштасып суреттерді алып кетті.

Балалар сыйлықтарына өз қуаныштарын білдірді.Вини достарына тапсырды шарларының суретін.Аюмен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Балалар қылқаламды,қарындашты дұрыс ұстай білуге,түстерді ажырата білуді.Тыныс алу жаттығуларын жасай білуді;

Нені игереді: Вини пух пен оның достары арқылы оқу қызметіне қызықтыра өткізу ;

Қолданады: Балалар достарына сыйлық ретінде шар мен күннің суретін салды













«Балдырған» балабақшасы





Келісілді______ Бекітемін_________ Әдіскер: Дементьева Н.А Меңгеруші: Салиева Қ.С












Кіріктірілген оқу қызметі.

Тақырыбы: « Достарыма сыйлық»

«Құлыншақ» II-кіші топ

















Тәрбиеші: Оңғарбаева.Г.А.
















2011ж


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1100
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі