400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріктірілген ашық оқу қызметі "Астанаға мұражайға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересектер «Қарлығаш» тобы

Тәрбиеші: Жанузакова А.Т.



Кіріктірілген ашық оқу қызметі.

Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар».

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық».

Бөлімі: Көркем әдебиет, мүсіндеу.

Тақырыбы: «Анасының ақылын тыңдаған ботақан» ертегісі.

Мақсаты: .Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеуге , тілін дамытуға және драмалауға,рөлдерді сомдай білуге үйрету.

Ермексазды үзіп алу және жағу әдістерін пайдалануды қалыптастыру.

Ұқыптылық пен тазалыққа,адалдыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: бота –верблюженок; балапан-цепленок;

Сөздік жұмыс: ботақан. Сәлемдесу.

-Сәлеметсіздерме? Здравствуйте.


Шаттық шеңбері

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Судай мөлдір,таза көңілмен.

Бүгінгі күнді бастаймыз!


-Балалар жаңбыр жылдың қай мезгілінде көп жаңбыр жауады?

-Көктем

мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдер?

-Жаңбыр бұл көктемнің алғашқы тамшылары.

Алғашқы тамшыдан су пайда болады.

Судан өзен мен көлдер пайда болады,сусыз адамдар өмір сүре алмайды.

Су адамға,жан-жануарларға, өсімдіктерге керек.

-Көктемде көп жаңбыр жауады

Жаңбыр пайдалы.

Сусыз адамдар,өсімдіктер,жан-жануарлар өмір сүре алмайды

Кіріспе әңгіме

-Балалар, ертегі деген не?

-Не үшін ертегі деп айтамыз?

-Ертегіде жан-жануарлар сөйлейді.

Билингвальды компонент:

бота –верблюженок;

балапан-цепленок;

-Балалар сендерге «Анасының ақылын тыңдаған ботақан» ертегісін оқып бергеміз,бүгін сол ертегіні сахналап берейік.

Бүгін бізге қай ертегінің бас кейіпкерлері қонаққа келді, төмен қараңдаршы. (үстел үстінде түйе мен ботақанның әңгімесін драмалау.)

-Бұл ертегіні бәрімізде білеміз, есімізге түсіріп көрейікші.

Билингвальды компонент:

бота –верблюженок; балапан-цепленок;

Сөздік жұмыс:ботақан

Дидактикалық ойын: «Жартысын тап»

Тәрбиеші:

-Енді балалар ертегіні есімізге түсіріп көрейікші. Ертеде бір түйе мен ботақан өмір сүріпті.

Түйе:Түйе,түйе,түйемін,

Жануармын киелі.

Қара көзің мөлдіреп,

Жібек жүнің үлбіреп.

Қарасам көз тоймайды.

Ботаым мен саған достан басқаның бәрін бердім,енді өзің сияқты адал дос тап дейді.

Сөйтіп бота өзіне ұқсайтын ,жағымды үні бар дос іздеп шығады.

Бота:Бота,бота,ботамын,

Ақылды боп атандым.

Бө-ө-ө!Мен дос іздеп жүрмін.

Қозы:Мә-ә-ә-ә!

Лақ:бә-ә-ә!

Кел ,бәріміз дос болайық!(Айналып секіреді)

Бота; Жо-жоқ, сендер сияқты дос емес.

Қозы, лақ; Мүмкін күшік дос болар.( Бота күшікке келеді)

Бота; Бө-ө-ө-ө!Мен дос іздеп жүрмін.

Күшік;Әуп-әуп!

Мен күшікпін саққұлақ,

Кел,екеуміз дос болайық!( Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ ,сен сияқты дос емес.

Күшік: Мүмкін мысық дос болар(Бота мысыққа келеді)

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Мысық: Мияу-мияу!

Мен кәдімгі мысықпын,

Кел екеуміз дос болайық!(Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Мысық: Мүмкін әтеш дос болар( Бота әтешке келеді)

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Әтеш:Ку-ка-ре-ку!

Бұрап қойған сағаттай

Айғайлаймын таң атпай.

Кел, екеуміз дос болайық!(Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Әтеш: Мүмкін балапан дос болар(Бота балапанға келеді)

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Балапан: Мен әдемі балапан

Жем шоқиық, ойнайық!(Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Балапан: Мүмкін бұзау дос болар.(Бота бұзауға келеді)

Бота:Бө-ө-ө,мен дос іздеп жүрмін.

Бұзау: Әлі-ақ өсіп, толамын,

Дәу тайынша боламын.

Кел, екеуміз дос болайық!(Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

.( Бота араға келеді.Ара ызылдап гүлдерге қонып жүреді)

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Ара: З-з-з-з-з!

Ұшып келсем қасыңа,

Менен босқа шошыма.

Гүл терейік , бал жинайық!(Айналып секіреді)

Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады Бота; Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

.Басы салбырап, дос таба алмай, өз анасына келеді.

Түйе: Дос таптың ба, боташым?

Бота: Жоқ анашым, сенбесеңіз көктегі Күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.

Түйе: Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым.Досты жан тазалығымен таңдау керек.

Бота қуанып, адал достары қозыны,күшікті, мысықты, әтешті, балапанды, бұзауды,араны ертіп келіпті.Содан бері бота адал достарымен тату өмір сүріпті.

Сергіту жаттығуы

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Қуыр,қуыр,қуырмаш,

Әжең келсе есік аш.

Дидактикалық ойын: «Не нені жақсы көреді?»

Мақсаты:жануарлардың нені жақсы көретінін балалар табуы керек .

-Енді біз ботамызға арнап жантақ жасап берейік.

Жасау жолдарын балаларға түсіндіру.

-Көмек қажет болған балаларға көмектесу.

Жақсы рөлде ойнаған балаларға,әдемі пластилинография жасаған балаларды мақтау,мадақтау .

Бота балаларға риза болып рақмет айтып сыйлығын береді.

-Балаларға рақмет айтып қоштасады.

Күтілетін нәтиже:


Біледі: Жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра біледі.

Игереді: Аңдарды ажыратуды үйренеді.

Қолданады: ермексазды жағу әдісін қолдана алады.













Ересектер «Қарлығаш» тобы

Тәрбиеші: Жанузакова А.Т.





Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу қызметі


Тақырыбы: «Қазақстан – мақтанышым менің!»





Білім беру саласы: Әлеумет, Денсаулық.

Оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Қазақстан – мақтанышым менің!»

Мақсаты: Туған елдің болашағына үлес қосуға үйрету.

Міндеттері:

1. Рәміздер туралы түсініктерін жетілдіру.

2. Су-Джок терапиясы арқылы балалардың денсаулығын нығайту.

3. Өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Полилингвальді компоненті:

Родина – Отан – Nativland

Флаг – Ту – Flag

Герб – Елтаңба – Emblem

Сөздік жұмыс: Салт-дәстүр, ұлттық бұйымдар.

Технологиялық қамтамасыз ету:

Көлеңкелі театр, лентамен шаңырақ, арома шамы, эфир майы, музыкалық әуен.





Шаттық шеңбері.

Мен сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.

Мен баламын қамқор болар ата-анаға.

Мен доспын достық туын көкте ұстар.

Мен баламын болашақта елін қорғар.

Мен Қазақпын осының бәрін ұғар, жақсылыққа жаны құмар.

Шаңырақ көтеру.

Бір шаңырақтың астында жиналдық. Шаңырақ – бұл бейбітшілік таңбасы.

Сендердің қолдарыңда әдемі ленталар.

  • Балалар Отан, туған жерлеріңді жақсы көресіңдер ме?

  • Менің Отаным – Қазақстан.

- Мен Отанымның рәміздерін құрметтеймін.

  • Ту, Елтаңба, Гимн.

  • Ту – Флаг – Flag

- Елтаңба – Герб – Emblem

  • Біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев.

  • Бас қала – Астана.

  • Қазақстан – тәуелсіз Ел!

  • Тәуелсіздік – тұғырым. Нұрия тақпақ.

  • Мен елімнің кішкентай азаматымын.

Көрпешеге отырайық. Ортада ошақ ол бізге жылу береді. Арома шамыдан эфир майы жанған кезде тынысымыз ашылады, ойлау қабілетіміз артады, көңіл-күйіміз көтеріледі.

Мен сендерге аңыз айтып берейін.

Тыңдағыларың келе ме?

Ертеде бір жігіт өмір сүріпті. Ол өз бақытын іздеп жер аралап кетіпті. Көп елді, жерді аралап, бірақ бақытын іздеп таппапты.



Бір күні еліне қайтқысы келіпті бірақ қайдан келгенін ұмытып қалыпты. Бір тастың үстінде отырып жылапты.

Бір кезде бір шал пайда болыпты.

  • Неге жылайсың жігіт деп сұрапты?

  • Жер бетін аралап жүрген басқа елдің адамысың ба? – деп сұрапты.

  • Сен қайда тұрасың?

  • Мен білмеймін қайда тұратынымды.

  • Елің, жерің, отаның қайда?

  • Білмеймін деп жауап береді.

Егер өлең айтып берсең немесе бір дәстүріңді айтсаң мен саған көмектесем дейді.

Жігіт есіне ештеңе түсіралмайды. Бірақ мына бір әдемі сөмкені береді.

Мен бұл сөмкені ешқашан қолымнан тастаған емеспін дейді.

  • Балалар бірге әдемі сөмкенің ішінде не бар екенін көрейік.

Көлеңкелі театр көрсетіледі.

  • Мынау не – Қоржын (бұйымды көрсету).

  • Мынау ше? – Торсық.

  • Ал мынау – Кесе.

  • Мынау не? – Домбыра, қобыз.

Жігіт қандай ұлттық бұйымдарды сақтапты?

Жігітке өз Отанын, әдет – ғұрыптарын, салттарын есіне түсіруге көмектесейік.

Салт-дәстүрлерді атау.

  • Қандай салт-дәстүрді білесіңдер?

  • Бесікке салу.

  • Тұсау кесу (Слайдпен көрсету).

Ол өзінің Қазақстан Республикасының азаматы екенін есіне түсірді.

Мақал: Отан отбасынан басталады. Сөздік жұмыс. Бала айтады: Отбасы – біздің атамыз, әжеміз, әкеміз, анамыз, әпке, аға, іні-қарындасымыз.

Түйіршіктермен жаттығу жасаймыз (Слайдта Су-Джок суреті көрсетіледі).

Жаттығу жасайды: «Бір үйде біз нешеуміз?»

Ойын: Суретті құрастыр.

Түйіршікті лентаның үстімен дөңгелете отырып жүргізу. Суретті столға құрастыру.

Бұлт – көк,

Күн – сары,

Тау – жасыл,

Гүлдер – қызыл.

Қолдың нүктелер оянды, тыныштандыру қажет (алақандарын үйкелеу, саусақтарын сілкілеу).

Қазақстан – кең байтақ ел.

Балаларды мақтау-мадақтау.

Салт-дәстүрді айтты.

Мақал-мәтелді қайталады.

Түйіршіктермен орындалатын ойын жаттығуларды дұрыс жасай білді.

Суреттерді құрастырды.

Тыныштандыру жаттығуын жасады.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ҚР рәміздерін.

Нені игереді: Түйіршіктермен жаттығу жасауды.

Үйрену керек: Өз Отанын сүюге.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі