400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріктірілген ашық оқу қызметі, "Біз құстармен доспыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды құстардың түрлерімен таныстыру. Қыстап қалатын құстардың аттарын атап,оларды қорғай білуге қамқорлық көрсетуге үйрету.Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, қылқаламмен жұмыс істеуді одан әрі дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы : «Әлеумет» «Шығармашылық»

Оқу қызметі:Сурет,қоршаған ортамен таныстыру.

Күні:

Тақырыбы: «Біз құстармен доспыз»

Мақсаты: Құстардың түрлерімен таныстыру.Қыстап қалатын құстардың аттарын атап,оларды қорғай білуге қамқорлық көрсетугеүйрету.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,қылқаламмен жұмыс істеуді одан әрі дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Қыстап қалатын құстардың үлгі суреттері,түрлі-түсті бояулар,қылқалам,қол орамалдар.

Сөздік жұмыс: Үйшік,қамқорлық.

Блингвальды компонент:Үйшік-домик.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар әуенмен топқа кіріп шеңберге тұрады,қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Жайнай берсін даламыз.

Табиғатпен дос болып,

Қамқорлықпен қараймыз.


– Балалар өлең жолдарын қайталайды, қимылмен көрсетеді.


Ұйымдастырушы

лық-ізденістік

Педагог :

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қандай айы?

Тосын сәт:Есік ашылып,шар ұшып келеді.

Шардың бір ұшында хатбар байланған.

Тәрбиеші хатты алып оқиды.

-Балалар мен ормандағы дәрігер Айболит аталарыңмын,сендерден көмек керек болып тұр.Орманда қатты жел соғып,құстардың ұяларын бұзып кетті.Құстарауырып жатыр суықтан.Енді құстардың ұясын шеберге жасатып алу үшін,ұяның суреті керек.Сендерден өтінемін,ұяның суретін салып беріңдерші,және сендерді орманға шақырамын жәрдем беруге.Құстардың ұяларын ілу керек,және тамақтандыру қажет.

Сәлемнен дәрігер Айболит .


Тәрбиеші:Балалар не істейміз ?

Дәрігер Айболит атамызға жәрдем беремізбе?

Үйшіктің суретін саламызба?

Ендеше орнымызға отырып,құстардың ұясының суретін талқылаймыз.

1.Құстың ұясының суретін көреді.

2.Ұяны салу әдәс-тәсілін түсіндіру.

3.Ауада көрсету.

Тақтаға салып көрсету,ішін бояу.

Қылқаламды қалай пайдалану,ұстауды естеріне салу.

Жақсы салынған суреттері жіберетінімізді ескерту.

Саусақ жаттығуы:


Бір саусағым тіпті де,

ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Қолға қалам ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ ,жол салсақ.

Балалар жұмысқа кіріседі, қиналған балаларға көмек көрсетіледі.Баллардың жұмыстарына талдау жасау.


Тәрбиеші:Орманда құстар,жануарлар,аңдар көп мекендейтін жер,олар адамдардың көмегіне зәру.

Оларды тамақтандыру үшін өзімізбен бірге сүйікті астарыналып шығайық.

-Балалар тездетіп жолға шығайық.Жолға шанамен барамыз.Балалар шанаға жайғасып отырады,көңілді әуенмен орманға да келіп қалдық.

Айболит ата:Амансыңдарма балаларым қош келдіңдер орманға!сендерді күтіп жүр едім жақсы болды келгендерің келіңдер.Құстар шулап жатты дауыстары естіліп.


Айболит :сендер салған суреттеріңді алдым,ұстаға беріп едім, үйшіктерді соғып біткен болар,жолай үйшіктерді ала кетейік балалар. Шебер ұстаның есік алдына келіп тіреледі балалар есікте құлып тұр.


Айболит:бұл қалай болғаны! неге кетіп қалған .Қане мұнда хат қалдырыпты ,сендерге арнайы тапсырмалар бар екен.Осы тапсырмаларды орындасаңдар ,есік ашылады үйшіктерді аласыңдар-депті.

-Ал балалар тапсырманы орындайсыңдарма?

-ия деп балалар дауыстайды.


Тәрбиеші:1-тапсырма Жұмбақ:

Орманда жоғары,

ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

тоқ-тоқ соғады.(Тоқылдақ)


2-тапсырма: Құстарға қандай көмек көрсете аласыңдар?


3-тапсырма:Құстар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?


4-тапсырма:Қандай тиым сөздер білесіңдер құстар туралы?


5-тапсырма:Қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстарды танисыңдарма? Оларды бір-бірінен ажыратып,атаңдар?

Бұл құстарды теледидардан көре аласыңдар.

Дәрігер Айболит балалардың жауаптарына қуанып,есіктің ашылғанын айтады.Айболит үйдің ішінен құстардың ұяларын алып шығады.Балалар орманға келеді.


Тәрбиеші: Балалар орман ағаштарының бұтақтарын сындырып алмай,құстардың үйшіктерін орнатамыз,және жем беріп тамақтандырайық.Мұнда тек құстар ғана мекендемейді түлкі,аю,қасқыр,тиындар кездесіп жатады.Оларға да тамақ беріп азықтандырайық балалар. Дәрігер Айболит:Балалар сендер дер кезінде келіп ормандағы құстар,мен аңдарға көмек беріп қомқорлық таныттыңдар.Көп –көп рахмет .Сендердермен бір сергіп ойын ойнағым келіп тұр ойынайсыңдарма?

Қимылды ойын : «Өз достарыңды тап!»

Ойын шарты:Қарға,сауысқан,торғай,тоқылдақ құстарының суреттері бар маска 4-бала төрт бұрышта тұрады.Қалған балалардың мойында осы құстардың суреттері бар ,олар әуенмен қалыпқап ұшып жүреді.Кеш батты қараңғы жапты деп тәрбиеші дауыстап әуен өшіріледі,құстар өз ұяларын,өз достарын дұрыс тауып алу керек.


-Қыс мезгілі.

-Қаңтар айы.



-Балалар хатты тыңдайды.














-Ия!

-Балалар әдіс-тәсілдерді қайталайды, айтады.



-Саусақ жаттығуды айтып, қимылмен көрсетеді.




- Үйшік суретін салады, салған суреттерін әңгімелейді.




-Орманға баруға қуанады. Шанаға барлығы отырады.



-Дәрігер Айболитпен сәлемдеседі. Өздерінің көмектесетіндерін айтады.










-Жауабы: Тоқылдақ!





-Құстарға жем-су береміз, үйшік жасаймыз, жарақаттанып қалса көмек береміз.

-Қарға, торғай, қарлығаш, сауысқан, тоқылдақ туралы тақпақтарын айтады.

-Құсты атуға, ұясын бұзуға болмайды.



-Балалардың жауаптары.




-Балалар үйшік орнатуға көмектеседі, құстарға жем береді, кездескен аңдарға азық қалдырады.


- Ойын шартын түсініп, балалар қызығушылықпен ойнайды.




Рефлексиялық-түзетушілік

Дәрігер Айболит:Қуанып балаларға алғысын айтады.Құстардыңда,аңдардыңда қуанғанын жеткізеді,құстар балаларға өз сыйлықтарының әзірлегенін дәрігер Айболит балаларға көрсетіп тапсырады.

Тәрбиеші:Балалар Дәрігер атайға және құстарға рахмет алғысымызды айтайық.

Енді бізде күн батпай,балабақшамызға оралуымық қажет.Сау болыңыз дәрігер Айболит !-деп балалар қоштасады.







-Рахмет!



-Балалар қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Балалар суретке қарап қыстап қалатын құстарды атайды ,басқа құстардан ажыратады.

Түсінеді : Балалар адал еңбек етуді түсінеді,құстарға қамқорлық жасауды біледі.

Қолданады: Қылқаламен дұрыс жұмыс жасай алады.
















«Балдырған» балабақшасы



Келісілді______ Бекітемін______ Әдіскер:

Дементьева Н.А Меңгеруші: Салиева Қ.С


«Біз құстармен доспыз»

Ересектер «Бота» тобы







Тәрбиеші: Оңғарбаева.Г.А





2017ж


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі