400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріктірілген ашық оқу қызметі "Қонақ күту-дәстүрім"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиеші әріптестеріммен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдырған» балабақшасы

Келісілді: Бекітемін:

Әдіскер:Дементьева Н.А Меңгеруші:Салиева Қ.С













Кіріктірілген ашық оқу қызметі



Тақырыбы:«Қонақ күту-дәстүрім»

«Жұлдызша» ортаңғы тобы











Тәрбиеші:Ақбаева Ә.М





2013-2014 оқу жылы

Ашық оқу қызметі: «Жұлдызша»тобы

Білім саласы:Таным.Әлеуметтік орта.

Ашық оқу қызметі:Қазақ халқының салт-дәстүрі.Жол жүру ережелері.

Тақырыбы:«Қонақ күту-дәстүрім»

Мақсаты:Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрі «Қонақ күту»рәсімімен,бас тарту ерекшеліктерімен таныстыру;жолда жүру ережелерін бекіту,білімдерін нығайту;үлкенді сыйлауға,қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу

Биллингвальдықкомпонент:бағдаршам-светафор

жаяу жол өтпесі-пешеходный переход

Технологиямен қамтамасыз ету:интерактивті тақта,автобус,бағдаршам,

Оқу қызметінің барысы:

1.Шаттық шеңбері:

(Балалар залға әсем әуенмен кіреді,шеңбер құрып,шаттық жырын айтады)

-Армысың,шұғылалы Алтын Күн!

-Армысың,қасиетті Жер-Ана!

-Армысың,достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

-Сәлеметсіздер ме?!Здраствуйте?!

-Балалар,бүгін біз «Ертөстік»ертегісін тамашалаймыз.Оны күнделікті көретін теледидардан емес,кинотеатрдан көреміз.Мынау кинотеатр,мына кісі билет сататын кісі.

Билет сатушы:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар?!Бүгін бізде ерекше күн.Бүгін тек қана білімді балаларды киноға кіргіземіз.Сендер қайдан келе жатырсыңдар?

-Балабақшадан

-Ендеше,балабақшаның балалары қандай екенін көрейік.

Ойын:«Ұшады,жүзеді,жүреді»

«Ертөстік»ертегісін тамашалап отырғанда экраннан хабарландыру айтылады.

Әже:-Қайырымды жандар!менің немерем жоғалып кетті.Табуға көмектесіңдер.Тапқан адамға сыйақым бар.Балабақшаға барғысы жүр еді,балабақшаға кетіп қалды ма,өзі жолды білмейтін еді.

Тәрбиеші:-балалар,әжеге көмектесуге барайық,немересін табуға көмектесейік,бірақ қалай барамыз,жол алыс қой.

Билет сатушы:мен сендерге жұмбақ жасырамын,егер тапсаңдар сол көлікпен барасыңдар,таппасаңдар жаяу жүресіңдер.

Жұмбақ:

Бұл тұлпар су ішпейді,жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Киіп алып төрт дөңгелек дөңгелейді.

Ол не?

-Автобус

-Дұрыс айтасыңдар,ендеше біз жолдан өтейік.Бізді алыстан байқау үшін қолымызда міндетті түрде жалауша болу керек.(жылаған баланың дауысы естіледі)

Тәрбиеші:-балақай,сен неге жылап отырсың?

Бала:-мен балабақшаға барайын деп таңертең үйден шығып едім,мына жолдан өте алмай отырмын

Тәрбиеші:-қандай жақсы болды сені әжең іздеп таба алмай отыр екен,біз сені іздеп шығып едік.Біз сені үйіңе апарып салайық.Балалар саған жолдан қалай өту керек екенін үйретеді.

-Жаяу өтпені қайдан табамыз?

Жұмбақ

Күй сандықтың тіліндей

Қатар-қатар ақ сызық

Ортасында тұра қап,

оңға,солға бір қарап,

Жолдың арғы шетіне

жетіп алдым жылдам-ақ

Сұрақтар:

-бағдаршам туралы не білесіңдер?

Олай болса,бағдаршам туралы жаттаған тақпағымызды айтамыз.

-Қызыл көзін ашқанда,

Аяғыңды баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Жүре бергің,жасқанба!

Ал енді бағдаршам тәртібімен жолдан өтейік.

Біз қайда келдік?

Аялдамаға

Бұл аялдама екенін қайдан білдік?

Аялдамада автобустың белгісі тұрады.

Бәріміз автобусқа отырайық.Ал енді автобуста өзімізді қалай ұстаймыз?

Нұриман:

Артқы есіктен кіремін,жұрт аяғын баспаймын

Жол ақысын қоянша төлеместен қашпаймын.

Медина

Шаршап кейде жүрсем де,орын берем үлкенге

Қатты шулап тұрмайм,құрбылармен күлсем де.

Ал,балалар,жол қысқару үшін ән шырқап барайық.

Ән: «Бақытты біздер баламыз»(автобуста отырып ән салады,ауылға келеді,ата балаларды қарсы алады)

Ата:-менің балам табылды,құтты қонақтар келді,той,бүгін той.

Қош келдіңдер!төрлетіңдер

Балалар:-Сәлеметсіздер ме,ата-әжей,сіздер киіз тұрады екенсіздер ғой.

Ата:-төрлетіңдер,біздің киіз үйіміз тамаша,сендер алғаш көріп тұрған шығарсыңдар?

Әже:-сендер өте білімді,ақылды балалар екенсіңдер,бізге құтты қонақтар келіпті

Ата:-иә,кемпір,қазан көтер,ет піскенше балалардың өнерін тамашалайық.Қазақта –әу демейтін жан жоқ,әрбір екіншісі айтыскер.Сендердің араларыңда айтысатын балалар бар ма?(ұлдар мен қыздар боп бөлініп айтысады)

Ас дайын болып,бәрі стол басына отырады,су құю және бас тарту рәсімін көрсету

Ал,бой сергітіп далаға шығып,ойын ойнайық

Ұлттық ойын: «Соқыр теке»

Би: «Қара жорға»

Ата мен әже ризашылықтарын білдіріп,бата беріп қоштасады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі