жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Кіріктірілген ашық оқу қызметі"Жаңбырдың құпиясы"
Білім беру саласы: «Таным» , «Шығармашылық».
Оқу іс-әрекеті: Сурет салу, экология негіздері.
Тақырыбы: Жаңбырдың құпиясы.
Мақсаты: а) сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру;
Ә)балаларды қылқаламмен,бояумен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Б)табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: жаңбыр –дождь,тамшылар –капельки.
|
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық-Қозғаушылық. |
Балалар тәрбиешінің алдында жартылай шеңберге тұрады. Сәлеметсіздерме! Здраствуйте! Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар ! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Балалар бүгін бізде қонақта біздің жақсы көретін досымыз Қоян келіпті. Ал сендер неге көңілсізсіңдер? Кәнеки біз қоянға қарап күлімдейікші,бір-бірімізге күлімдеп бәріміз бірге:
Топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса,жаса жарқын күн, Жаса,жаса Алтын күн! |
Балалар сәлемдесіп жартылай шеңберге тұрады. Музыка қосылады «Жаңбыр шуы». Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Тәрбиеші: Балалар мынау не шулап жатқан? Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып,жұмбақ айтып береді,оның шешімін табуды ұсынады: Тырс-тырс тамады, Тереземді қағады. -Ол не балалар? Тәрбиеші: Дұрыс! Жарайсыңдар!Бұл шулап жатқан жаңбыр. Тәрбиеші: Балалар ,сендер жаңбырды қайдан алынатынын білесіңдер ме? Тәрбиеші:Дұрыс,бұлттан алынады. Ал сендер ,бұлтқа қалай пайда болатынын білесіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар біздің досымыз Қоян бізге сиқырлы жаңбырдың сырын білуге көмектескісі келеді екен.Ол бізді өзінің столына шақырады. Тәрбиеші: Айару айта қойшы тәрелкеде бізде не бар? -Дұрыс . Ал сендер қалай ойлайсыңдар, губка неге ұқсайды? -Жарайсыңдар! - Ол бұлтқа ұқсайды. -Ал бұлт тамшылардан тұрады. Оны қысып көріңдер, «бұлттан» су ағады ма,ақпайды ма? Тәрбиеші: -Дұрыс, губка –бұлт құрғақ. Бұлтта өте-өте аз тамшылар жиналып, сондықтан жаңбыр жаумайды. -Ал енді балалар мына екі стақанға қарайықшы. -Стақандардың түсі қандай? Тәрбиеші: -Жарайсыңдар,дұрыс. -Ақ стақанда қанша су бар? -Ал қызыл да ше? Тәрбиеші: -Ақ стақанда аз су, ал қызыл стақанда көп су бар. Ақ стақанды алып суын біздің губка-бұлтқа құйып көрейік. Бұлтқа көмектесу үшін,оның үстінен саусақпен басамыз. Ал балалар енді бұлтты қолыма алып қысып көрейін? Тәрбиеші: Губка-бұлтты қайта тәрелкеге саламыз. -қызыл стақандағы барлық суды губка –бұлттың үстіне құямыз.Саусақпен үстінен басып,губкаға сіңіреді. -Енді бұлтты қысып,не болғанын көрейік? Тәрбиеші: Дұрыс, балалар .Қараңдаршы, губка-бұлт қандай көп су тамшыларын жинаған! Тамшылар өте ауырлай бастап ,бұлттан жаңбыр жауады. -Ал енді қандай жаңбыр болды? Тәрбиеші: -Дұрыс, қатты.Бұндай жаңбыр нөсер жауын деп аталады.Міне солай балалар,тамшылар бұлтқа бірге жиналып, ал оларға бұлт тар болғанда, бұлттан қашып, жерге жаңбыр болып жауады.Біздің қоянымызға рахмет,ол бізге сиқырлы жаңбырдың құпиясын білуге көмектесті. Тәрбиеші: -Балалар енді ойын ойнап жіберсек қайтеді: Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр». Шарты :Тәрбиеші күн- деп айтқанда ортаға шығып билейміз,ал жаңбыр деген кезде қолшатырдың астына тығылады. Ойын аяқталады. Тәрбиеші: Ал енді балалар, орнымызға отырып, біз сендермен жаңбырдың суретін салайық. Тәрбиеші: -Балалар, алдарыңдағы қағаздан не көріп тұрсыңдар? Тәрбиеші: -Дұрыс, бұлт. Ал енді қолымызға қылқаламды алып,үш саусақпен көлденеңнен ұстаймыз. Қылқаламның таяқшасы жоғарыға қарайды. Балалар бірінші ауада салып көрейікші.Суретті салғанда жоғарыдан төмен қарай асықпай саламыз. Енді үш саусақпен қылқаламды ұстап,ұқыптылықпен көк бояуға батырып қылқаламды қағаз бетіне түсіреміз.Жаңбыр жоғарыдан жауады,сол себепті оны жоғардан төмен қарай ақырын ырғақпен сурет саламыз. Балалар өз суреттеріңе қараңдаршы.Сендерде өте керемет ,табиғат көрінісі шықты! Жарасыңдар! Балалардың суреттерін мақтап ,мадақтайды.Одан суреттер көрмесін ұйымдастырады. |
Балалар: далада жел соғып тұр.Жаңбыр жауып тұр. -Жаңбыр. -Жаңбыр шуы тоқтайды. Балалар: -Аспаннан жауады. Бұлттан алынады. -Біздің білгіміз келеді. Балалар столға жақындайды Столдың үстіндегі тұрған заттармен танысады:губка,стақандағы су, шұңқыр тәрелкені көреді. -Губкалар -Бұлтқа Балалар қолдарына губка-бұлтты алып қысып көреді. -біреуі ақ -екіншісі қызыл -аз ғана,аз -толы стақан,көп -Бұлттан су тамшылайды. -Бұлттан көп су ағады. -өйткені губка-бұлт көп суды сіңірді. -үлкен, қатты жаңбыр. Балалар тәрбиешімен бірге ойнайды. Балалар орындарына отырып столда дайын тұрған қылқалам,бояу,сурет қағаз,қағазға салынған бұлтты көреді. -көк аспан,көк бұлт. Балалар тәрбиешінің айтқандарын орындайды. Тәрбиеші ақ қағазға жаңбырдың суретін салады. Музыка қосылады. Балалар өздерінің еңбектері туралы әңгімелеп береді. |
|
Рефлекциялық -түзетушілік |
-Ал енді өз суреттерімізді қоянға естелікке сыйлайық. -Ой ,балалар, қоян маған бірдеңе айтқысы келіп тұрған сияқты. Оның сендерге арналған сыйлығы бар екен. Кәне бәріміз қоянның сыйлығын іздеп көрейікші. -Ал енді балалар қоянды орманға шығарып салайық. |
Қоян сыйлығын балаларға берді. Қоян балалармен қоштасады. |
Біледі:табиғат құбылыстары жайлы қарапайым түсініктерді;
Игереді: жаңбырдың жауу түрлері және оны қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін;
Меңгереді: қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын үзік сызықтар арқылы салуды.
«Балдырған» балабақшасы
Келісілді: Бекітемін:
Әдіскер: Дементьева Н.А Меңгеруші: Салиева Қ.С
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Оқу іс-әрекеті: Экология негіздері. Сурет салу.
Тақырыбы: « Жаңбырдың құпиясы»
Тәрбиеші: Оңғарбаева.Г.А
2015-2016ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген