«Балдырған»
балабақшасы
Келісілді:
Бекітемін:
Әдіскер:Дементьева Н.А
Меңгеруші:Салиева Қ.С
Кіріктірілген ашық оқу
қызметі
Тақырыбы:«Ойнайық та
күлейік,
жол тәртібін
білейік»
II кіші
«Жұлдызша» тобы
Тәрбиешілер:Ақбаева
Ә.М
Жұмағұлова
М.Б
2018-2019 оқу
жылы
Ашық оқу қызметі:
«Жұлдызша»тобы
Күні: 27.11.2018ж
Өтпелі тақырып:
«Менің
отбасым»
Білім
саласы:Коммуникация.Әлеуметтік
орта
Ашық оқу
қызметі:Жол жүру
ережелері.Театрландырылған ойын-сауық
қойылым
Тақырыбы: «Ойнайық
та,күлейік,жол ережесін білейік»
Мақсаты:Балалардың балабақша,күз
сыйы,менің отбасым тақырыптары бойынша алған білімдерін бекіту,жол
ережелері мен театрландырылған ойын-сауық қойылым арқылы ойнай
отырып,сөйлеу тілдерін дамыту,сөздік қорларын байыту,ойлау,есте
сақтау қабілеттерін кеңейту,үлкендерге,достарына,айналасындағыларға
құрметпен қарап сыйлауға тәрбиелеу
Биллингвальдық
компонент:күз-осень,қыркүйек-сентябрь,қазан-октябрь,қараша-ноябрь
Технологиямен қамтамасыз
ету:интерактивті тақта,ЖЖЕ-ге
слайд,күз туралы слайд,көлік түрлерінің суреттері,көлік
ойыншықтар,бағдаршам
Оқу қызметінің
барысы:
1.Шаттық
шеңбері:
(Балалар залға әсем әуенмен
кіреді)
-Балалар,мен сендерді
көргеніме өте қуаныштымын.Біз бәріміз әрбір келген жаңа күнге қуана
білуіміз керек.Өйткені,әрбір жаңа күн бізге жаңа достық,жаңа
таныстық,жаңа кездесулер әкеледі.Қараңдаршы,бүгін бізге көп
қонақтар келді.Біз қонақтармен,бір-бірімізбен күлімдеп
амандасайықшы.
-Армысың,шұғылалы Алтын
Күн!
-Армысың,қасиетті
Жер-Ана!
-Армысың,мейірімді
Ұстаздар!
-Сәлеметсіздер
ме?!Здраствуйте?!Good moning?!
-Балалар,бәріміз музыканы
тыңдайықшы.Естіген дыбыстарды қимылмен жасаймыз(тақтадан слайд
қосу,жел,жаңбыр,жапырақ сыбдыры дауысын естіп қимылдарын
жасайды)
-Салқын самал жел
соқты(қолдарын жоғары көтеріп тербеледі)
-Жаңбыр жауды(аяқтарымен
топылдатады)
-Жапырақтар сарғайды(қолдарын
жоғары көтеріп қимылдатады)
-Қатты суық жел соқты(қолдарын
қатты сермеп тербеледі)
-Жапырақтар қурап жерге
түсті(қолдарын жоғары көтеріп қимылдатып,жерге түскенін
көрсетеді)
-Күн суытты(тоңған сияқты
қимыл жасайды)
-Балалар,бұл қай мезгілде
болады?
-Күзде(осень)
-Күзде неше ай
бар?
-Күзде 3ай
бар:қыркүйек-сентябрь,қазан-октябрь,қараша-ноябрь.
Театрландырылған дидактикалық
ойын:
«Біз қайда
болдық,айтпаймыз,
Не істегенінімізді
көрсетеміз»
-Балалар,орнымызға
жайғасайық,бүгінгі жаңа сабағымыз:«Ойнайық та күлейік,жол
ережесін білейік»
-Балалар,сендер онда жайғасып
отырыңдар.Бізге суреттер көрсетіледі,жол ережелері бойынша
білімімізді тексеріп көрейік.(инт.тақтадан слайд қосу,сұрақ-жауап
арқылы жол ережелерін айту).Ал енді мына көлік түрлеріне
қарайық,аттарын атайықшы:машина,автобус,жүк
көлігі,ұшақ,трактор(слайдтан суреттерін көрсету)Осы көліктерді
ажыратып көрсетіп бере аласыңдар ма?олар қандай қызмет
көрсетеді?автобус адамдарды тасиды,жүк көлігі құм,тас
тасиды)
(Бауырсақтың жол ережесін
бұзғанын көрсету)
-Балалар,бұл не болды
екен,жолдан дұрыс өтті ме?бұл өзі қайдан келе жатыр екен?жолдан
қалай өтуі керек еді?(балалар жауабы)
(Бауырсақтың әні
естіледі)
-Балалар,бұл бауырсақ қайдан
шықты?
-«Бауырсақ»ертегісінің
кейіпкері,ата-әжесінен қашып кеткен
бауырсақ
(залға Бауырсақ әндетіп
кіреді)
-Сәлеметсіздер
ме?!
-Сәлем,Бауырсақ!
-Сен қайдан келе
жатырсың,қайда бара жатырсың?
(Бауырсақ тағы әндете
бастайды)
-Бауырсақ сенің үйіңнен қашып
кеткенің жарамады және сен жолдан дұрыс өтпедің.Біз сені көрдік,жол
ережесін бұздың.
-Мен қалай дұрыс
өтпедім?
-Балалар,біз бауырсаққа жол
жүру ережесін түсіндірейік
Ойын:«Көліктерді
сипатта»
(қасқырдың ұлыған дауысын
естірту,Бауырсақ тығылады)
-Балалар,мен қасқырдан қашып
кеткен едім,сендер мені қасқырға
айтпаңдар.
(қолында дорбасы бар ұлыған
қасқыр залға кіреді)
-Қасқыр,сен қайдан
келесің?кімді іздедің?
-Мен орманнан келемін.Қандай
Бауырсақты айтасыңдар?мен жаңа жүгіремін деп құлап қалып,бәрін
ұмытып қалдым.Мен өзі қайдан шыққанымды да ұмытып
қалдым.
-Балалар,қасқыр тағы қай
ертегінің кейіпкері еді?
-Жеті
лақ
-Иә,иә,мен Жеті лақтың
қасқырымын,айтпақшы мен ол жақта не істеп
жүрмін?
-Сіз ол жақта өлең айтатын
едіңіз ғой.
-әәә,есіме түсті(жуан дауыспен
әндетеді)
-Балалар,дұрыс айтты
ма?
-жоқ
-ендеше,сендер айтып
беріңдерші?(қыздар әнін айтып береді)
(Тығылып қалған Бауырсақ
шығады)
-Қасқыр,сен мені іздеп келген
екен десем,сен мені жеме.Мен сені атам мен әжеме қонаққа
апарамын,атам мен әжемнің бақшасы да піскен шығар,балалар,сендер де
қонақ болыңдар.Автобуспен көңілді барайық.
Сергіту сәті:
«Автобус»(слайд
қосу)
(ширма ашылады,«Шалқан
ертегісі»кейіпкерлері тұрады.)
-міне,біздің үйге
келдік
Ата:-Бауырсағым,сен келгенің
жақсы болды ғой,біз мына шалқанды жұла алмай жатырмыз,қане,бәрің
көмектесіп жіберіңдер.(шалқанды балалар,Бауырсақ,Қасқыр
тартысады,шалқан жұлынып,астынан кішкентай шалқандар пайда
болады)
Ата:-рахмет балаларым.Мына
үлкен шалқанды қысқы азыққа кемпіріме берейін,кішкентай шалқандарды
Бауырсағымның достарына берейін.
Балалар:-рахмет,ата(балалар
шалканды ашады,киндер сюрпризды көріп
қуанады)
-Балалар,біз енді
балабақшамызға қайтайық,біздің ұйықтайтын уақытымыз да
келді.
-сау
болыңыздар!