жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Кіріктірілген ашық сабақ: "Ұлы дала тарихы", "Ғұндар қалай өмір сүрді".
Қысқамерзімді жоспар
1.Титул парағы:
Аудан және мектеп атауы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Ақсай орта мектебі
Пән: дүниетану
Сыныптар: 1, 2
Мұғалімнің толық аты-жөні: Ахтаева Гульнара Бердыклычевна
2.Сабақ құрылымы:
1- СЫНЫП |
2- СЫНЫП |
|||
Сабақ тақырыбы: Ұлы дала тарихы. |
Сабақ тақырыбы: Ғұндар қалай өмір сүрді. |
|||
Сабақтың мақсаты: Ғұндар және олардың қозғалысын анықтай алу, ғұндардың көшпелі тайпа екеніне көз жеткізе алу. Тарихта болған ғұндар жайлы анықтай білу. Қазіргі елімізбен салыстыра алу. Айналысқан шаруашылығы туралы өз ойларын ашық айта алу. |
||||
Міндеттері: Пәндік нәтиже: көркемдегіш құралдар арқылы суреттерді талдау, қосымша материалды пайдаланып, ғұндардың қоныс аудару картасымен жұмыс жасауға ұмтылдыру. Жүйелік-әрекеттік нәтиже: адам мен табиғат байланысын түсіндіру арқылы дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін дамуына бағыттау. Тұлғалық нәтиже: бір-бірін құрметтеу, тыңдау, сыйлау, көмектесу, өзара тіл табысуға тәрбиелеу. |
||||
Білім беру үрдісіндегі сабақтың орны: жаңа сабақ |
Білім беру үрдісіндегі сабақтың орны: жаңа сабақ |
|||
Қолданылатын құралдар (ресурстар): компьютерлік кабинет, интер белсенді тақта, слайдтар, ғұндар туралы суреттер және бейнеролик, карта, қима қағаздар, кестемен жұмыс, ермексаз. |
||||
Сабақтар барысы: |
||||
1-СЫНЫП |
2- СЫНЫП |
|||
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушылардың әрекеті |
|||
Қызығушылықты ояту:
|
1. Психологиялық ахуал Шаттық шеңбері: Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз! Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Тыңдалым. 2. «Ұлы дала тарихы» туралы деректі материалды видеодан көрсетіп, тыңдату. Ғұндар – II-IV ғ. өмір сүрген ежелгі көшпенді халық. Тарихшылардың пікірі бойынша ғұн империясы батыстағы Альпі мен Балтық теңізінен бастап шығысында Каспий теңізіне дейінгі жерді алып жатқан. Оның тіршілік етуі Еуропа халқы үшін маңызы зор еді. Алғашында ғұндар оңтүстік Байкал маңында тіршілік етіп, мал шаруашылығымен айналысты. Олар көбінесе жылқы өсірумен әуестенген. Ғұндарда тұрақты баспана болмады, олар өз мал-жандарымен бірге қоныс аударып отырды және киіз үйлерде тұрды – деп, қысқаша айтылады
3. Сұрақ-жауап әдісі (жаңа сабақтың тақырыбын ашу) -Балалар, роликтен кімдер жайлы көрдіңдер? -Ғұндар қалай өмір сүрді? -Ғұндар қайда өмір сүрді? |
|||
Мағынаны тану:
|
-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ұлы дала тарихы
Оқылым 1-тапсырма (сурет бойынша жұмыс) Тақтадағы оқулықтағы 1-суретті мұқият қарап шығуға тапсырма беріледі. Оқушылар өз бетімен суретте кімдер бейнеленгені, олардың қай уақытта өмір сүргені туралы болжамын айтады, олардың сыртқы келбетін суреттейді. Киімдері және заттары бойынша олардың немен айналысқанын анықтайды.
2 – тапсырма (оқулықпен жұмыс)
|
Мағынаны тану:
|
-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ғұндар қалай өмір сүрді
Оқылым 1-тапсырма (сурет бойынша жұмыс) Сабақ барысында оқушыларға «Атилланың» (ғұндардың ұлы билеушісі) суретін қарап шығуға тапсырма беріледі. Сол сурет бойынша оқушыларды сөйлету.
2 – тапсырма (оқулықпен жұмыс)
|
|
Сергіту сәті |
«Мен қазақпын» музыкасымен дене қимылдарын жасау
|
Сергіту сәті |
«Мен қазақпын» музыкасымен дене қимылдарын жасау
|
|
Ой толғаныс:
|
3 – тапсырма: (қима қағаздардан пазл құрастыру) Оқушылардан халық қазіргі уақытта қандай жағдайда, неліктен қоныс аударатынын сұрау. Оқушылар өз тәжірибесінен мысалдар келтіре алады. Мысалы, адамдар жаңа пәтер сатып алғанда көшеді. Осылайша, «қоныс аудару» деген ұғым жеңіл және қолжетімді түрде жеткізіледі. Ғұндардың қоныс аударуы. Оқушыларға «Ғұндардың қоныс аударуы» картасын құру, пазл жинауды қолдану.
|
Ой толғаныс:
|
3 – тапсырма: (қима қағаздардан пазл құрастыру)
Ғұндардың қоныс аударуы. Оқушыларға «Ғұндардың қоныс аударуы» картасын құру, пазл жинауды қолдану.
|
|
Қорытынды: |
Оқушыларға ғұндардың керек-жарақтары, киімдері бейнеленген суреттерді көрсетіп, оларды ермексаздан жасауды ұсынылады (мысалы, ғұн әскерінің бас киімі, зергерлік бұйымдары және т.б.).
|
Қорытынды: |
Оқушыларға ғұндардың керек-жарақтары, киімдері бейнеленген суреттерді көрсетіп, оларды ермексаздан жасауды ұсынылады (мысалы, ғұн әскерінің бас киімі, зергерлік бұйымдары және т.б.).
|
|
Бағалау: «Білім қоржыны» кері байланыс
|
||||
Үй жұмысы: |
|
Үй жұмысы: |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген