Кіріктірілген ойын іс әрекеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріктірілген ойын іс әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша кіші топ Ойын іс әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріктірілген ойын әрекеті


Білім беру саласы: «Таным»
Мақсаты: Балалар негізгі төрт түстерді топтастыруды үйренеді: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың ойынға деген қызығушылықтары артады.
Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары
Дидактикалық құралдар: Шарлар, қағаз түстері. Тақтаға түрлі - түсті дөңгелектер ілінеді, және де дөңгелек шарлар қойылады.


Қызығушылығын ояту

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жайнай түсті даламыз,

Жайнай түсті бақшамыз.

Балалар, орнымызға отырайық...

Балалар, бүгін біздер ғажайып түстермен танысатын боламыз. Барлығымыз қараймыз.

Бұл қызыл түс, қайталаймыз...қызыл.

Көк, қайталаймыз көк...

Сары, қайталаймыз сары...

Жасыл, қайталаймыз жасыл...


Тосын қонақ: Сайқымазақ кіреді. Қолында шарлары бар.


Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме, балалар.Қалдеріңіз қалай? Мен ақылды балалар іздеп жүрмін....

Мен сіздерге сыйлықтар алып келдім, оны сіздерге беремін, бірақ та балалар менің дайындаған тапсырмаларымды, Айнагүл Қайратқызымен бірге орындайсыздар ма?

Балалар: Ия орындаймыз...


Сайқымазақ: Ендеше, сіздердің тапсырмаларды қалай орындайтындарыңызды көрейін.


Тәрбиеші: Ендеше сіздермен және сайқымазақпен бірге тапсырмаларды орындайық.

1 –тапсырма. Орындарыңда отырып, мен көрсеткен түс бойынша, алдарында тұрған төрт түстің дұрысын тауып, көрсетесіздер.


2 –тапсырма. Алдымыздағы түрлі- түсті ыдысқа, ортадағы макароннан өздеріңізге қажетті түсін ғана теріп, саламыз.


Музыкалық үзіліс: Теледидар арқылы «Көңіл-күй» әуеніне қимылмен орындайды. (Сайқымазақпен бірге орындау)


3-тапсырма: «Түстерді ажырат»

1 үстелге: қақпақтарды сәйкес түсіне қарай, дұрыс тауып бұраймыз.

2 үстелге: Алдымыздағы кір жуғыш машинаға, түстеріне қарай киімдерді саламыз.


4-тапсырма: «Шарлардың жіптерін әсемде» Корзинадағы шариктарды, шарлардың жіптерінің түстеріне сәйкестендіріп, жапсыру.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар сайқымазаққа ұнады ма, екен біздің орындаған тапсырмаларымыз.


Сайқымазақ: Балалар, тапсырмаларды өте керемет орындадыңдар. Сіздерде ақылды балалар көп екен, ендеше мен әкелген сыйлықтарымды берейін.

Шарлардың түсін сұрап, тәттілермен бірге беру.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.03.2023
2487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі