Кіріктірілген оқу іс-әрекеті тақырыбы:«Үй жануарлары»
Мақсаты:Балаларға көктем мезгілі туралы түсінік беру, табиғаттағы өзгерістерді байқауға үйрету.Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлығын дамыту, сөздік қорын кеңейту.Ән айту, қимыл-қозғалыс арқылы музыкалық қабілетін жетілдіру.Саусақ моторикасын және қол қимылын дамыту.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке және үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін ояту.
? Кіріктірілген білім дағдылары:
Таным (табиғат құбылыстары)
Қатынас (тіл дамыту)
Музыка (ән айту, би қимылдары)
Дене тәрбиесі (қимылды ойын)
Шығармашылық (бояу)
«Көктем» туралы әуен
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Негізгі бөлім:
1. Әңгімелесу – «Көктем
келді!» Тәрбиеші балаларға сұрақтар
қояды:
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар: Көктем
мезгілі
Тәрбиеші:Көктемде не
өзгереді?
Балалар:Күн көзі жылынады. Жаңбыр
жауады.
Тәрбиеші: Қар қайда
кетеді?
Балалар:Қар еріп суға айналады. Жерге
көк шөптер және гүлдер шығады.
Тәрбиеші:Ағаштарда не пайда
болады?
Балалар:Ағаштар бүршік атып жапырақтары шығады. Ал, жеміс ағаштары гүлдейді.
Тәрбиеші:Жылы жаққа ұшып кеткен құстарымыз қайтып келеді. Балалар қараңдаршы, мына ағашымызда гүлдей алмай тұр. Осы гүлдердің күлтелерінің әдемі жайқалып өсуіне көмектесеміз бе?
Балалар: Көмек ия көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ол үшін бізге су бүріккіш керек. Осы су бүріккіш арқылы гүлдерімізге су шашып, гүлдердің жайқалып ашылуына көмектесеміз. Жарайсыңдар, балалар.
Көз арналған жаттығу: «Торғайлар мен көбелектерді іздейік»
Қажетті-жабдықтар: Түрлі-түсті көбелектер мен торғайлардың суреттері жарға ілінеді, лазерлік көрсеткіш тәрбиешінің қолында.
Мақсаты: Балалардың көз қимылын дамыту,назарын шоғырландыру және түстерді ажырата білу қабілеті жетілдіру.
Жаттығудың барысы:
-Балалар, көзімізге арналған қызықты жаттығу жасайықшы.Менің қолымда сиқырлы таяқша(лазерь). Мен көрсеткен нүктеге тек көзімізбен қараймыз, басымызды бұрмаймыз, жарай ма?
Балалар:Ия жарайды.
Ойын түрінде орындалады: Тәрбиеші лазермен қабырғадағы бір нүктеге бағыттайды.
-Қараңдаршы мынау не? (қызыл көбелекке бағыттайды).
Тәрбиеші:Бұл қызыл көбелек. Енді, көзімізбен қарап, оны таптық па?
Балалар:Ия, таптық.
Тәрбиеші:Енді көк көбелек қайда екен? (Лазермен көк көбелекті нұсқайды).
-Таптық па?
Балалар:Ия,таптақ.
Тәрбиеші:Ал, енді қызыл торғайды табайықшы. Жасыл торған қайда жасырынған екен?(балалар көздерімен табады). Жарайсыңдар, балалар. Көзімізге арналған жаттығуымызды да жасап алдық. Көктемде балалар құстар ағаштарға, ұя салып балапандайды. Мал басы көбейеді. (сиыр, жылқы, түйе, қой). Балалар үй жануарлары, адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Балалар үй жануарлары қорада өмір сүреді, оны адамдар баптап, қарайды.Ой, балалар, бұл жақта қорамыз құлап қалыпты. Қораның ішінде қандай жануарлар көріп тұрсыңдар?
Балалар:Сиыр, жылқы, түйе, қой.
Тәрбиеші:Олар қалай тіршілік етеді?
Балалар:Шөп жейді, жем жейді және су ішеді.
Тәрбиеші: Қорада үй жануарларының төлдері бар ма?
Балалар:Жоқ
Тәрбиеші: Олар қора құлағанда қашып кеткен болу керек. Балалар алдымен, үй жануарларымыздың қорасын салып берейік. Қорамыз қандай бөліктерден тұрады?
- Шатыр, есік, терезе, қабырғасынан тұрады?
- Қораның бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
-Түстері қандай?
Балалар:Төбесі ұшбұрышқа, үшбұрыштың ішіндегі тереземіз дөңгелекке, есігі, терезесі және қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды екен(балалар пішінін, түсін атап, қораны құрастырады).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Қорамызды құрастырдық. Енді үй жануарларымызға төлдері табуға көмектесеміз бе?
Балалар:Ия, көмектесеміз.
Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап».
Мақсаты:Балаға үй жануарларын айыра білуге үйрету. Олардың төлдерін тауып, аттарын атуға үйрету. Балаларға үй жануарларының суретін көрсете отырып, олардың аттарын сұрау.
Тәрбиеші:Мынау ненің суреті?
Бала:Сиырдың сурет суреті.
Тәрбиеші:Екеуміз бірге атайықшы.
Бірге:Сиыр,сиыр.
Тәрбиеші:Сиырдың төлін не деп атаймыз?
Бала:Бұзау, бұзау.
Тәрбиеші: Мына суреттен бұзаудың суретін тауып берші? (бала бұзаудың суретін тауып, сиырдың қасына орналастырады.)
Тәрбиеші:Бұлар қалай дыбыстайды?
Бала:Мө-ө-ө, мө-ө-ө.
Тәрбиеші:Жылқының суреті.
Тәрбиеші:Екеуміз бірге атайықшы.
Бірге:Жылқы, жылқы.
Тәрбиеші:Жылқының төлін не деп атаймыз?
Бала:Құлын, құлын.
Тәрбиеші: Мына суреттен құлынның суретін тауып берші? (бала құлынды суретін тауып, жылқының қасына орналастырады.)
Тәрбиеші:Бұлар қалай дыбыстайды?
Бала:Иһо-һо-һо.
Тәрбиеші:Мынау ненің суреті?
Бала:Түйенің суреті.
Тәрбиеші:кеуміз бірге атайықшы.
Бірге:Түйе, түйе.
Тәрбиеші:Түйенің төлін не деп атаймыз?
Бала:Бота, бота.
Тәрбиеші: Мына суреттен ботаның суретін тауып берші? (бала ботаның суретін тауып, түйенің қасына орналастырады.)
Тәрбиеші:Бұлар қалай дыбыстайды?
Бала:бө-ө-ө, бө-ө-ө.
Тәрбиеші:Мынау ненің суреті?
Бала:Қойдың суреті.
Тәрбиеші:Екеуміз бірге атайықшы.
Бірге:Қой, қой.
Тәрбиеші:Қойдың төлін не деп атаймыз?
Бала:Қозы, қозы.
Тәрбиеші:Мына суреттен қозының суретін тауып берші? (бала қозының суретін тауып, қойдың қасына орналастырады.)
Тәрбиеші:Бұлар қалай дыбыстайды?
Бала:Мә-ә-ә, мә-ә-ә.
Тәрбиеші:Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Балалар:Үй жануарлары дейміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Айналамызға қарайықшы. Аналарынан қашып кеткен, төлдерді аналарына апарып, қораларына қамайық. (балалар төлдерді алып, аналарының жанына орналастырады).
Сергіту сәті: «Құлыншақ».
Ойын: «Үй жануарларын тамақтандыру»
Мақсаты:Балалардың мергендігін, тепе-теңдігін, ептілігін және ұсақ қол момторикасын дамыту.
Қажетті құралдар: Қасықтар, жем(дәнді-дақылдар. Жануарлардың суреті бейнеленген ашық қорапшалар.Ойын ережесі: Қазір сендер үй жануарларын тамақтандырасыңдар. Бірақ, оған жету үшін түрлі кедергілерден өту керек. Қасықпен жемді түсіріп алмай, жануардың аузындағы ыдысқа дәл салу қажет. Балалар кезекпен қолына қасық пен жем алады. Белгіленген кедергілерден (түзу сызық, айналма жолдар, зигзаг)өтеді. Қасықтағы жемді жануардың аузындағы ыдысқа салады. Ойын осылайша, жем біткенше, жалғасады. Жарайсыңдар, балалар үй жануарларында тамақтандырдық.
Шығармашылық жұмыс: «Сүттің көмегімен жасырынған жануарларды табамыз». Балалар, бүгін жануарлар сиқырлы ойын ойнамақшы. Олар сүттің ішіне тығылып қалыпты. Біз оларды тауып, сүт беріп қуантайық!
1.Ақ қағаздағы жануарлардың суретінің үстін ас содасымен толық жауып қоямыз.
2.Қылқаламды сүтке малып, соданың үстінен жаймен жүргіземіз. Сүт содаға тигенде «сиқырлы» түрде көріне бастайды.
3.Әр балада әр түрлі жануар көрінеді. Оны жеке-жеке сұрап шығамыз.
Қорытынды:
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай жануарлармен таныстық?
-Олар қалай дыбыстайды?
-Олардың төлдерін қалай атаймыз?
- Үй жануарларына біз қалай көмектестік?
Тәрбиеші: Сендер өте ақылды, қамқор екенсіңдер! Үй жануарларына қора салып бердіңдер, төлдерін тауып бердіңдер, оларды тамақтандырдыңдар және сүттің көмегімен сиқырлы жануарларды таптыңдар. Жарайсыңдар! Балаларды мадақтау. Үй жануарлары сендерге алғысы ретінде құрт беріпті балалар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз