400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріктірілген оқыту мазмұны бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектептердегі ағылшын тілін кіріктіріп оқытудың тиімділігі жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«CLIL» -жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқыту.

Yштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі»


Мемлекет басшысы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан"атты жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар: Қазақ тілі –мемлекеттік тіл, Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, Ағылшын тілі – жахандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі“,- болуы қажет деген болатын, бұл дегеніміз білім беру саласында,оқу орындарында жаңа міндеттер,жаңа талап,жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді.Негізгі мақсат өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым -қатынаста,өзін -өзі еркін ұстап,кез-келген ортаға тез бейімделетін,белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын ,көп тілді және көп мідениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке, құзыретті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Сондықтан да бүгінде ұстаздарға жүктелген жауапкершілік өте жоғары және жылдам болып жатыр,ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып,білім беруді одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық,жаңартылған әдістемелік жүйені меңгеру,әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты жаңа талаптарға сәйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:

1.Оқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау.

2.Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру.

3.Пәндерді кіріктіру.

4.Жаңа пәндерді енгізу.

5.Тереңдетіп және стандартты оқуға арналған пәндерді жоғары мектепте таңдау құқығы.

6.Жоғары оқу орындарына түсуге мақсатты түрде дайындалу.

7. Бағалаудың критерийлік жүйесі.

8.Осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын дамыту.

9.Сын тұрғысынан ойлау.

10.Білімдерін шығармашылықпен пайдалана білу.












Пәндік және тілдік интеграцияланған оқыту әдісін тілдің үш тұғырлығы саясатын іске асыруда қолдану: мұғалімдердің тәжірибелік қолданысы, осы әдіс жайлы түсініктері және әдісті енгізу барысында кездесетін қиындықтары

Мұғалімдердің CLIL-ды қалай түсінетінін, сондай-ақ CLIL тәсілін өз тәжірибелерінде қалай жүзеге асырып жатқанын, оны қолдану барысында кездестіретін қиындықтары мен сол қиындықтарды қалай шешетінін зерттеу

Мұғалімдер CLIL тәсілін қалай түсінеді? CLIL тәсілін қолдануда мұғалімдердің тәжірибелері қандай? Мұғалімдер CLIL-ға қатысты қандай қиындықтарға ұшырайды және оларды қалай шешеді?

Мұғалімдер CLIL әдісін қалай түсінеді?

CLIL тиісді әдіс ретінде:

1) Сөздік қорды ұлғайтады

2) Жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілі білімін дамытады

3) Оқушылардың дербестігін нығайтады

CLIL-ды орта мектептерде қолдану мүмкіндігі:

4) Қажетті әдіс

5) Ертерек бастау қажеттілігі 1) CLIL көзделген тілмен жұмыс жасауға мүмкіндік береді (Леон, 2015; Хант, 2011; Васкез, Молина, & Лопез, 2015) 2) CLIL ағылшын тілі білімін дамытады (Агилар &Родригес, 2012) 3) CLIL жоғарғы деңгейде ойлауды дамытады (Койль, 2006) 4) CLIL-ды позитивті түрде қабылдау (Гильмен-Суеста & Рено, 2015) 5) Бастауыш сыныптарда CLIL-ды позитивті түрде қабылдау (Плейдвал-Болстер, 2015)

Әдебиетке шолу: мұғалімдер CLIL-ды қалай түсінеді, олардың тәжірибесі және CLIL-ды қолдану барысында кездестіретін қиындықтары

Түсініктері

•коммуникацияның шынайы ұғымын береді (Дэнман, Таннер, & де Грааф, 2013) •Оқушылардың мотивациясын ұлғайтады (Леон, 2015; Хант, 2011)

•Оқушылардың дербестігін, өзіне сенімін және өзге мәдениет жайлы хабардарлығын дамытады (Койль, 2007)

•Сөздік қорын кеңейтеді (Далтон-Паффер, 2008)

•Жазу дағдысына әсері жоқ (Янг&Гослинг, 2014)

Тәжірибелері

•Т1 оқушыларын пайдалану (Кунан, 2007; Роя, 2014)

•Әртүрлі оқыту әдістерін қолдану (аудио, визуалды, кинестетикалық, топтық жұмыс) (Хант, 2011; Всакез, Молина, Лопез, 2015)

•Когнитивты қиыншылықтар жоғарғы деңгейде ойлануға (HOT) тәрбиелейді (Кунан, 2007; Койль, 2007)

•Халықаралық оқуға септігін тигізеді (Судхоф, 2010)

•Мұғалімдердің команда болып оқытуы (Гуилмон-Суеста &Рено, 2015)

Қиындықтары

•Оқыту материалдарының жетіспеушілігі (Плейдвал-Болстер, 2015)

•Оқушылардың және мұғалімдердің шетел тілін төмен деңгейде білуі (Агилер & Родригез, 2012)

•Институционалды қолдаудың жетіспеушілігі (Плейдвал-Болстер, 2015)

•Командада оқытатын мұғалімдердің арасында серіктестіктің жетіспеушілігі (Роя, 2011; Кейтли, 2011



Қорытынды

•Қатысушылар CLIL-ды жақсы қабылдады және бұл әдістің Қазақстанның білім беру саласында қолданылуының болашағы бар. Себебі, ол оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді және дербес жұмыс жасай алу қабілетін нығайтады, сондай-ақ жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілі білімін дамытады. Көпмодальді оқытуды және оқушыға бағытталған оқытуды көздей отырып, мұғалімдер жоғарғы деңгейде ойлану қабілеті мен ұлтаралық коммуникацияны дамытатын әртүрлі оқыту әдістерін (аудио, визуалды, кинестетикалық, топтық жұмыс) пайдаланады, бір тілден екінші тілге ауысуды, сондай-ақ командада бірігіп оқыту әдістерін қолданады. Мұғалімдер CLIL-ды қолдану барысында келесідей қиындықтарға тап болады: жергілікті мұғалімдер мен оқушылардың ағылшын тілін жетік білмеуі, ортақ семинарлар мен CLIL материалдарының тапшылығы, командада бірігіп оқытатын мұғалімдер арасындағы әлсіз байланыс. Кейбір мәселелер дифференциация, көмек көрсету стратегиялары мен индивидуалды оқыту арқылы шешілген. Одан арғы зерттеу алдында туындайтын мәселе мен ұсыныстар

Мәселе: қатысушылар санының аздығы мәліметтерді жинақтауда уақыттын жеткіліксіз болуы (бір апта) зерттеу орындары санынын жеткіліктірепрезентативті болмауы

•Одан арғы зерттеуге қатысты ұсыныстар:

тараптардың санын ұлғайту

Іс-шараны бір ғана жерде өткізбеу

мәліметтерді жинақтауда уақыттын көбірек болуы

•“2020 жылға дейін халықтың 95 пайызы қазақша, 90 пайызы орысша және 20 пайызы ағылшынша сөйлеуі қажет” (Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту және қолдану бойынша 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2011 жыл, 8-бет)

•Назарбаев Зияткерлік мектептері «Дербес білім беру ұйымы» деген жаңа заңды мәртебеге ие болды (НЗМ ДББҰ), толық автономия мен білім беру дербестігі берілді (‘Назарбаев Зияткерлік мектептері мәртебесі туралы’ заң, 2011 жыл)

•НЗМ ДББҰ өз оқу бағдарламаларын, оқыту материалдары мен мұғалімдерді оқыту бағдарламаларын әзірлейді (НЗМ ДББҰ, 2013, 4-бет)

•Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларға үш тілді меңгеруге көмектесетін жағдай жасау үшін CLIL-ды бейімдеді (НЗМ ДББҰ, 2013, 13-бет)








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі