кіріктірілген сабақ жаратылыстану 4-сынып Ауа жәнесу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

кіріктірілген сабақ жаратылыстану 4-сынып Ауа жәнесу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәнінен кіріктірілген сабақ ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:

Темиргалиева Н.Ф Кайбалиева Ф.Г

Пән/Сынып:

Жаратылыс тану, 4-сынып

Күні:

08,12.21

Тарау немесе бөлім атауы:

Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су

Сабақтың тақырыбы:

Ауа қалай ластанады?

Оқу мақсаты:




4.3.3.1табиғаттағы су айналымын сипаттау

4.1.2.1зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу

Сабақ мақсаты:

Ауаның ластану көздерін анықтайды. Ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсынады.

Мұғалімнің көмегімен ауаның ластану көздерін анықтайды. Ауа тазалығын сақтау жолдары мен оны тазарту шаралары туралы өз ойларын айтады;


Бағалау критерийі:


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімн ің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5мин

Психологиялық дайындық

Гүл өсімдік ажары,

Гүлдер жердің базары,

Су тірліктің өзегі.

Ақса болар өзені,

Ауа өмір нәріміз,

Тыныстаймыз бәріміз.



Өткенді пысықтау «Маймыл мен банан» ойыны

Өткен тақырып бойынша банандағы сұрақтарға жауап беру

Дескриптор

Сұраққа нақты жауап береді.-1балл


Оқушылар іс-әрекетті орындайды

Тамаша!













Жапырақ суреті



Сабақтың ортасы

35мин

Сабақ мақсатымен таныстыру:

Ауаның ластану көздерін анықтайды. Ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсынады.

Мұғалімнің көмегімен ауаның ластану көздерін анықтайды. Ауа тазалығын сақтау жолдары мен оны тазарту шаралары туралы өз ойларын айтады;


«Мені түсін»әдісі

Оқушылар топқа суреттер таңдау арқылы бөлінеді.

Жаңа ақпарат.

Ауаның ластануына байланысты бейнефильм көрсету. (тақырыпты ашу)

Бейнежазбаны топпен талқылаймын. Оқулыққа назар аударта отырып, қосымша ақпараттар беремін.

Жетекші сұрақтарға жауап береді.

  • Ауа қалай ластанады?

  • Табиғи ластану көздерін ата?

  • Адам іс-әрекетінен болатын ластану көздері?


Тәжірибе алаңы.

Ауа ластануына байланысты кішігірім тәжірибе жасайды.

Майшамды ақырын жағып, оның үстіне фарфор немесе балқымайтын, қатты қызбайтын, күймейтін кез-келген 1 ыдысты ұстап тұрады. Аз уақыттан соң майшамды сөндіріп, бетіне ұстаған ыдысқа назар аударулары керек. Олар майшам жанған соң әртүрлі иістің шығып, ыдыстың бетіне қара күйе пайда болғанын айтуы мүмкін. Балалардан неге бұлай болғанын сұрап, тағы қандай денелерден ауаға осындай заттардың шығатынын сұраймын.

Балалардың жауаптарын тыңдап, міне осылардың барлығы ауаның ластануы екеніне көз жеткіздіртемін.


Т.«Топтас,ойланбөліс» әдісі


1 топ- зерттеушілер.

Топтастыру.

Суреттер таратылып беріледі. Суреттегі ауаны ластау көздерінің қайсысы адам іс әрекетінен, қайсысы табиғи жолмен болатынын жіктеу. Табиғи және адам іс-әрекетінен болатын ластанудың себептерін анықтау.


Табиғи жолмен ластану

Адам іс әрекетінен

болатын ластану




Дескриптор:

  • оқушылардың өз жеке тәжірибелеріне сүйеніп, мысал келтіруі.-1

  • ластану көздерін біледі-1

  • табиғи және адам іс әрекетінен болатын ластану себептерін ажырата алады-1



2 топ- көгалдандырушылар.

Зерттеу жұмысы. Топты біріктіру, ресурстар тарату. Жол бойына егілетін ағаштар туралы мазмұндап, ағаштардың пайдасына тоқталады. Қалада өсетін ағаштармен ауылда өсетін ағаштардың тіршілігіне тоқталады.


Қала ағаштары

Ауыл ағаштары



Дескрипторы:

Ауыл мен қаладағы ағаштардың тіршілігін салыстырады;

Ағаштардың табиғатқа пайдасын біледі. 1

Ауаның тазарту шараларын ұсынады; 1

  • Жол бойына ағаштардың егілу себебін анықтайдыТоптас қалада өсетін ағаштың тіршілігі мен орманда, ауылда өсетін ағаштардың тіршілігінің айырмашылығын біледі1


*Ойнайық та,ойлайық (сергіту сәті)


1.Мұрын арқылы өкпеге өтіп,

Кері қайта шығарамыз.

Көрінбестен бірақ бәрібір,

Онсыз біз өмір сүре алмаймыз. (Ауа)


2.Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (Күн)


3.Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қонады. (Жел)


4.Бар ма,жоқ па,оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)


А)тест

1. Ауаның түсі қандай?

а)бұлыңғыр,көкшіл б)түссіз,мөлдір

ә)ақшыл,бу в)жылтыр,газ

2 .Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы?

а)газдандыру б)сүзгіштер қою

ә)көгалдандыру в)желдеткіш орнату

Дескрипторы:

-ауаның физикалық қасиеттерін сипаттайды;

-ауаның қасиеттерін атап жаза алады; 2балл


2В) Семантикалық карта

Дескрипторы:

-адам әсерінен болатын ластану түрін сипаттай алады;

-табиғи жолмен болатын ластану түрін сипаттай алады; 2балл



3С) «Табиғатты аялайық» тақырыбында суреттемені бояу.

Дескрипторы:

-суретті эстетикалық талғамға сай бояйды;

-суретке түсіндірме айта алады; 2балл



Бекіту

Әр оқушыға тест сұрақтарын тарату, тақтадан тест жұмысының қорытындысын көрсету.

  1. Дем алу үшін ауаға қандай газ керек?

А)азот

Б)оттегі +

2. Ауаның қандай қасиеттері бар?

А) мөлдір, түссіз, иіссіз +

Б) аспан тәрізді көгілдір, иісі жоқ

3. Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?

А) сутек, мыс, мырыш

Б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы +

4. Терезелерге жылу ұстау үшін екі қабат әйнек орнатады. Қандай қасиет пайдаланады?

А) Ауа жылуды жай өткізеді +

Б) қыздырғанда ауа ұлғаяды



Мақсатқа оралу.Пысықтау

Тапсырмаларды топпен орындайды















Тәжірибе жасайды



















































Жұмбақ шешеді







































































































































Оқулық



Слайд





Поезд суреті





Сабақтың соңы

5 мин


Күн сияқты .......................................................

Бұлтты күн сияқты ............................................. ...

Жауынды күн сияқты ............................................



Оқушыларды тыңдау

Оқушыларды бағалау










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі