400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріктірілген сабақ "Сөйлем мүшелерін қайталау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлем мүшелерін қайталау тақырыбындағы ағылшын тілімен кіріктірілген сабақ бастауыш сынып мұғалімдеріне кіріктірілген сабақ жоспарлауда көмекші құрал бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі/ағылшын тілі

Оқу ісі орынбасары:

Сынып: 4 «Б»

Мектеп: №172 мектеп-гимназия

Күні: 3.10.2018Ж

Мұғалім: Тенгебаева Г.Ж Бектұрғанова А

Каб №33

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлем мүшелерін қайталау

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Оқушылардың сөйлем түрлері және сөйлем мүшелері жайлы білімдерін пысықтау, түрткі сұрақтар арқылы сыни ойлауға; ереже тұжырымдауға үйрету.

Сабақтың мақсаттары:

SMART

Барлық оқушылар: Сөйлем мүшелері жайлы білімдерін еске түсіреді. Сөйлем түрлеріне ажыратады. Сөйлемді ағылшын тіліне аударады

Көптеген оқушылар: Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшеге ажыратады. Сурет бойынша мәтін құрайды.

Кейбір оқушылар: ЖАДА рөлінде басқа оқушылардың түсінуіне ықпал етеді, қосымша күрделенген тапсырмалар орындайды

Бағалау критерийлері:

Cұрақтардың реті бойынша 2 сөйлем құрайды

Cызба бойынша сөйлем құрайды, талдайды

Құпияхатты шешеді

Сурет бойынша мәтін құрайды, пікірін білдіреді

Ойлау деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Белсенді әдістер:

«Кезбе тілші», «Құпияхат»,

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер мен сұрақтар:


Құндылықтарды дарыту

Бірлескен жұмыста бір-біріне деген сыйластығын арттыру.

Тілге, елге, ұстаздарға деген құрмет сезімдерін ояту

Дәптерге қойылатын талаптарды сақтауға үйрету

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, бейнелеу өнері,

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор беттерінен суретші Ербол Хамиров шығармалары туралы ізденеді

Бастапқы білім

Сөйлем деген не? Сөйлем түрлеріне ажыратады, сөйлем мүшелерін біледі

Саралау

Қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларғ қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Қолдау: бірдей тапсырма беріледі, оны орындауда оқушыларға әртүрлі қолдау жасалады

Диалог: оқушы деңгейіне қарай әртүрлі сұрақтар қойылады

Қабілеті жоғары оқушыларға ағылшын тілінде ұстаз жайлы эссе жазу, ғаламтор бетінен іздену тапсырылады

Нәтижені саралау: сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін демонстрациялауы , яғни көрсете білуі

Бағалау

Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушы жұмысын бақылау, сұрақтар қою, кері байланыс беру Дескрипторлар бойынша өзін-өзі, бірін-бірі тексереді. «Қошемет», «Отшашу», «Басбармақ» «Спидометр»

«Табыс баспалдағы»

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы.

5 минут

Топқа бөлу (үзілісте жүзеге асады)

Бастауыш, баяндауыш, тұрлаулы, тұрлаусыз

Жағымды ахуал

Сәлем – сөздің анасы. Сәлемдесудің өз әдебі бар. Біз көп ұлтты мемлекетпіз, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар қалай амандасады екен?

Қазақтар бір-бірімен қол алысып амандасады

Жапондықтар бір-біріне иіледі

Италияндықтар құшақтасады

Бразилиялықтар бір-бірінің иығын қағады

Никарагуада арқасымен амандасады

Ағылшындар бір бірімен Hello! Hi! Good morning! деп амандасады екен.

Бүгін бізде қазақ тілі мен ағылшын тілінің кіріктірілген сабағы өтеді.

  • Қалай ойлайсыңдар, қазақ тілі мен ағылшын тілін не байланыстыруы мүмкін?

Балалар өз ойларымен бөліседі. ҚБ

Сабақтың тақырыбы хабарланады.

Сабақтың мақсаты айқындалады.

Бағалау критерийлерімен таныстырылады

Үлестірме





Сабақтың ортасы.

30 минут

«Кезбе тілші» әдісі арқылы оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады

1-критерий

Cызба бойынша сөйлем құрайды Ө

Дескриптор

Сызбаға сәйкес сөйлем құрайды

Сөйлем мүшесіне талдайды

Сөйлемдегі сөздердің байл-н цифрмен анықтайды

Ағылшын тіліне аударады

Ағылшын тілінде жазады

Көркем, сауатты жазады



ҚБ «Таңба» әдісі Мұғалім оқушы жауабын таңба (мөр) қою арқылы бағалайды.

2-критерий

Cұрақтардың реті бойынша 2 сөйлем құрайды Ж

Дескриптор

Сұрақтарға сәйкес сөйлем құрайды

Сөйлем түріне ажыратады

Тұрлаулы мүшеден ғана сөйлем құрайды

Сөйлем түріне ажыратады

Көркем, сауатты жазады

ҚБ «1 жұлдыз, 1 ұсыныс» Оқушылар кері байланыс береді




Сергіту сәті «Қонжықтар биі»


3-критерий Құпияхатты шешеді Т

Дескриптор

  • Құпияхатты сызбаның көмегімен оқы

  • Ағылшын тілінде айтып көр

  • Бастауыш пен баяндауышты тап

ҚБ Оқушылар кері байланыс береді

4-критерий

Сурет бойынша мәтін құрайды Т

Дескриптор

Суретке сәйкес әңгіме құрайды

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды

Ойын жүйелі, еркін жеткізеді

Сөйлем құрылымын сақтайды

Жалаң, жайылма сөйлемдердің санын анықтайды

Ағылшын тілінде әңгімелейді


ҚБ «Қошемет»

Саралау

  • Ғаламтордан суретші Ербол Хамиров жайлы ізденеді, балаларға ақпарат береді

  • Ұстаз жайлы ағылшын тілінде эссе жазады



Соңы.

5 минут

Үй тапсырмасы: 46-бет 5-жаттығу

Рефлексия

Табыс баспалдағы


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқуды да, оқытуды да ескеріңіз)


Сабақ барысында сынып н/е жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі