400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

кіріктірілген семинар сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ














«Әдемі көбелектер»


( кіріктірілген семинар сабақ)



















Шағын орталық тобының тәрбиешісі:

Болыскей Нұргүл Кенжеғалиқызы








2017-2018 оқу жылы

Білім беру саласы. Шығармашылық 
Оқу іс-әрекеті: Сурет 
Тақырыбы: Көбелек

Мақсаты: Білімділік: Шығармашылық cалаcы бойынша балалардың білімдерін тиянақтау . Көбелек туралы түсінік беру. Бейнелі ойлауын балалардың дұрыс жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық : шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту. 
Тәрбиелілік : шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбелеу. 

Бұл сабақты білім берудің шығармашылық саласы, яғни мүсіндеу, жапсыру, сурет салу бөлімдері бойынша жыл бойғы үйренгендерін жинақтай, интеграцилап өткіздім.
Қажетті құралдар: қағаз, түрлі- түсті қарындаштар, көбелектің суреті, гүлдер. 
Әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, жұмбақ, тосын сәт, тақпақ айту, ойын. 

Билингвалды компонент: Көбелек-бабочка-Butterfly (бетерфай).
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастырушы- қозғаушы компонент: 

Үш тілде амандасу: Амандасу : Саламатсыз ба! Здравствуйте! Good morning!
Шаттық шеңбері: 
Амансың ба, алтын күн!  Здравствуй, солнце золотое ! Good morning, golden sun!                        
Амансың ба, көк аспан!  Здравствуй, небо голубое!    Good morning, blue is sky!                                            
Амансың ба, достарым!  Здравствуйте, мои друзья !   Good morning, my friends!   

Сендерді көріп қуанам! Очень рад вас видеть Я!     I am glad, to see you!

Суретпен жұмыс. 
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
-Көктем. 
Көктемнің қанша айы бар? 
-Үш айы бар(наурыз, сәуір, мамыр). 
-Көктемде қандай өзгерістер болады? 
Балалар: күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік атады. 
Ендеше бейне таспадан көктем мезгілінің ерекшеліктерін тамашалап алайық (құстардың даусын, сарқыраған сулар, ұшып жүрген көбелектерді)  тамашалайды. 
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар. 
Жұмбақ. 

Ақпын,сары,көкпін,

Түрлі-түрлі көппін.

Қанатым бар ұшатын,

Гүлге барып қонатын.

Бұл жұмбақтың шешуін,

Кім бар тез табатын.
Балалар: - көбелек. 
Көбелектердің түстері қандай болады? 

- Көбелектер жылдың қай мезгілінде болады?

- Көбелек туралы не білесіңдер?

- Көбелек қалай тамақтанады?

-Балалар, көбелек- жәндік. Ол жұлдызқұрттан шығы. Көбелектердің өсіп жетілуі 4 сатыда өтеді:.

жұмыртқа – жұлдызқұрт -қуыршақ –көбелек. Құрттар көбелекке айналар кезде ағаштың бұтағына немесе жапыраққа жабысып, төмен қарай салбырап тұрады екен. Содан соң олар өз аузынан жіңшке жіптерді шығарып өзін қуыршаққа ұқсатып орай бастайды. Қуыршақтарды үйшік деп айтады .Қуыршақтың ішіндегі құрттар көбелекке айналады. Қуыршақ- үйшіктерін тастап көбелектер ұша бастайды. Көбелек жылы жерде мекендейді. Оның қанаттары түрлі- түсті, өте әдемі болады. Көбелектер өте иісшіл келеді. Хош иісті гүлдің иісін үлкен арақашықтықтан сезіп қояды. Көбелектің алдыңғы екі қанаты үлкен, артқы екі қанаты кішілеу болады.   Көбелектің ұзын, жіңішке тұм­сығы болады, сол тұмсығымен гүлдің тәтті шырынын сорып алады. Көбелек бунақденелілерге жатады, олар бақшаның ішінде  гүлдің , шөптің арасында, ұшып-қонып жүреді. Көбелектерді қолмен ұстауға болмайды себебі,олардың қанаттарын жауып тұрған нәзік ұнтақты қабаты тез зақымданады. Ол тек әдемілікті ғана бұзып қоймайды көбелектер ұша алмай қалады. Сондықтан да көбелектерді алыстан бақылап, әдемілігіне сүйсініп қолға ұстамау керек.

Көбелек орыс тілінде- бабочка,ағылшын тілінде- Butterfly (бетерфай). Слайд көрсету

Тосын сәт:  Осы кезде топқа көбелек ұшып келеді (көбелек болып киінген бала) 
Көбелек: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен кіммін? 
Балалар: -Сәлеметсің бе, сен көбелексің. 
Көбелек: Иә, мен көбелекпін, біз өте нәзікпіз, жаз мезгілінде өмір сүреміз. 
Гүлден-гүлге қонып, гүлдің ішіндегі шырындарымен қоректенеміз. 
Гүлдің иісін мұртшалар арқылы сеземіз. Гүлдерге қонып, өсімдіктерді тозаңдандырамыз. Тозаңданбаған өсімдік жеміс пен тұқым бермейді.

Көбелекті жоғары шығарып біздің бүгінгі оқу- қызметімізге бірге қатысуға шақырамыз.
Балалар бүгінгі оқу іс-қызметімізде «Әдемі көбелектер» тақырыбында 3 орталықта тапсырмалар орындаймыз . Яғни шығармашылық саласының кіші салалары: сурет , мүсіндеу, аппликация орталықтарына бөлініп 3 топта жұмыс жасаймыз.

Орындалу тәсілін көрсету және түсіндіру:

1-тапсырма «Сурет» орталығына:

Ендеше балалар мен бәріне мынадай жартылай салынған көбелектерді беремін енді ары қарай сендер үзік сызықтарды бастырып, көбелектің жартысын аяқтаңдар.

2-тапсырма «Аппликация» орталығына:

Сендер балалар түрлі- түсті қағаздан көбелекті жапсырасыңдар.

3-тапсырма «Мүсіндеу» орталығына:

Ал енді сендер балалар ермексаздан көбелекті мүсіндейсіңдер.

Тәрбиеші басқаруымен жұмыс 3 орталықта орындалады.

Түстерді үш тілде айту : Ақ- белый- White (уайт), Сары- жёлтый- Yellow (уеллау ), Қызыл-красный- Red (ред). Көк- Синий- Blue (блу ), Жасыл-зёленый- Green ( грин )

Өз жұмыстары туралы әңгімелеу.

Сергіту сәті. 
1.Қане қанат жасайық,
Көбелекке ұқсайық.
Оңға қарай бір ұшып, 
Солға қарай бір ұшып. 
Шарлайықшы жер шарын. 
ұшып-ұшып алайық,

Орнымызды табайық.

Көрме ұйымдастырып балалардың жұмысын көрмеге қою.

Балалар жұмыстарын көрмеге қояды. Балалар өздерінің орындаған жұмыстарына талдау жасайды. Түстердің мағынасы туралы айту. Әдемі шыққан көбелектерді мадақтау.

Ойын: « Өз гүліңді тап »
- Ал балалар сендер көбелек туралы тақпақ, өлең білесіңдер ме? 
Ән айту. «Қызыл-жасыл көбелек». М. Әубәкіров.( Балалар әнді хормен орындайды)

Балалар үш тілде көбелек туралы тақпақтар айтады.
Көбелек балаларға рахмет айтып қоштасады. 
Қорытынды:

-Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? 
-Қонаққа кім келді? 
-Не ұнады? 
Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтап,  сабақты аяқтаймын. 

Нені білу керек: Көбелектерді бояуды,құрастыруды,мүсіндеуді және жапсыруды .

Нені игереді: Үлгі арқылы жұмыс жасауды.

Нені біледі: Көбелектер туралы мәліметтерді.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі