Материалдар / Кіріспе сабақ

Кіріспе сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріспе сабақ
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

1 тоқсан

АӘД пәнінен 10-сыныпқа арғалған сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: 1-бөлім

ҚРҚК-нің мемлекеттік әскери қауіпсіздігі кепілі.

Педагогтің аты:

Сарсеев.А.А

Күні:


Сынып:10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кіріспе сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.1 Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мақсаты,міндеттері мен мазмұнымен таныстыру .

Сабақтың мақсаты

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мақсаты,міндеттері мен мазмұнымен танысу

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту. 7 мин.

Ұйымдастыру сәті.Оқытушы-ұйымдастырушы сапқа тұрғызады, взвод командирінен рапорт қабылдайды. Оқушылармен амандасады, түгендейды, киім үлгілерін тексереді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Өткен тапсырманы сұрау

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

АӘжТД

оқулығы



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт беруді, амандасуды, түгендеуді, оқушылардың сырт көрінісін тексеруді көрсету,түсіндіру.

Оқушылардың алғашқы әскери даярлығы мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

  1. оқушылардың ҚР Конституциясының ережелерін, мемлекет қорғанысының негіздерін білу;

  2. ҚР ҚК-нің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, ҚР ҚК Жарғыларының негізгі

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

АӘжТД

Оқулық

Жаңа сабақ кезеңі

33 мин.


ҚҚР-ның «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдары және ҚР Үкіметінің 2006 жылғы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» № 449 қаулысы.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде қызмет ету–оның әр азаматының міндеті. Бұл – бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге білдірген халықтың сенімі.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деп көрсетеді: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз–аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету».

Елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету – бүкілхалықтық іс, сондықтан қазақстандықтарға жаңа мұраттар негізінде білім мен тәрбие беру міндет. Олар қазақстандық патриотизм, көп ұлтты Отанына деген сүйіспеншілік, еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілікті сезіну.

Қазіргі уақытта, армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді. Қысқа мерзімде қазіргі қаруды меңгеру, өзіңнің Отаныңның лайықты қорғаушысы болу - күрделі іс; сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны ҚР мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс. Орта оқу орындарында «Алғашқы әскери дайындық» курсын меңгеру жастарға ҚР ҚК-нің қатарында қызмет етуге дайындалуына көмектеседі.


Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.












Қорытыныды кезең

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- «Бастапқы әскери даярлық» сабағының мақсаты қандай?

- «Бастапқы әскери даярлық» сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сәйкес жүргізіледі?

«Алғашқы әскери дайындық» оқулығы қандай бөлімдерден тұрады?

Үйге тапсырма 7-11 бетті оқу

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.





Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.












ЖИ арқылы жасау
13 Сәуір 2025
233
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі