Материалдар / Кіріспе. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кіріспе. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өміріндегі сөз мәденитінің рөлі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру; б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2020
1481
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күнтізбелік-тақырыптың жоспардың

сабақ жоспары

___1____


Топ атауы





Өткізілген күні






Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. Сабақтың мақсаты : 

а) Адам өміріндегі сөз мәденитінің рөлі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : слайдтар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.


1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқыңыздар.


Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі

Сөз мәдениеті дегеніміз ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар, өзіне тән нормаларды сақтау болып табылады. Бұл нормаларға сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібі жатады.

Мәдениет сөзінің өзі тәртіпке бағыну, заңдылықты сақтау деген ұғымға саяды.

Сөз мәдениеті орфоэпиялық, грамматикалық, стильдік әдеби норманы сақтауға баулып, қазақ тілінің әдеби нормасынан орынды ауытқушылықтықты қабылдайды, сөздік қордағы сөздердің санын көбейтеді, синонимдік алуантүрлілікті туғызады, қанатты, дәл, тапқыр сөздерді, фразеологияны орынды қолдануға, сөйлемді дұрыс құру заңдылығын игеруге, сөз сапасын тануға үйретеді.

Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениетіболып екіге бөлінеді.Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез-құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, ол – мәдениеттіліктің белгісі.

Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын – жазба тіл. Соның ішінде, жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әртүрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары стильдік-жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.

Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану және сөзді бедерлі жұмсау деген екі сатыдан тұрады.


2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнына көңіл аударыңдар, өз пікірлеріңізді білдіріңдер

Мәдениет дегеніміз не? 26 бет. (Авт : Н.Оразақынова)


3-тапсырма. 1.Мақал-мәтелдің мәнін түсіндіріңдер. 2. Тіл, сөз өнері жайлы өздерің білетін мақал-мәтелдерді естеріңе түсіріп , дәптерлеріңе жазыңдар.

1.Суды сіңген жеріне құяды, сөзді түсінген адамға айтады.

2.Алтыннан қымбат сөз айтсаң, ақымақ құлақ салмайды.

3.Жақсы сөз -жарым ырыс.

4.Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.

5.Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң, құйып алады.


4-тапсырма. Мәтіндерді оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің қай мағынада екенін айтыңдар. Олардың екі мағынасын салыстырып жазыңдар. Тілдің суреттеме құралының қай түрі екенін анықтаңдар.


Мынау шалқып жатқан Арал теңізі - алтын да күміс балыққа толы күміс қазан. «Балығы тайдай тулаған»деп осыны айтады. Ойнақ салғанда, теңізге сыймай кететін көксеркелер, алтындай сары сазандар атылып жағаға шығып жатады.

5-тапсырма. Емле ережелерін пайдалана отырып, біргі жазылатын сөздерді бір бағанға , бөлек жазылатын сөздерді екінші бағанға жазыңдар. Неге бірге, неге бө жазылатынын түсінідіріңдер.


Құбыла жақ, мыңтамыр (өсімдік), өнертапқыш, құла қасқа, абайтану, отбасы, жиырма бес, пәнаралық, қара қоңыр, құла дүз, елбасы, онбасы, сары ала, түйежапырақ, он үй, шай шөп (өсімдік) , ауыл іші, ауа райы.



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.


Үйге тапсырма: 6-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөздеріңмен баяндаңдар.

Әкем жайлы естелік 29 бет. (Авт : Н.Оразақынова)




















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!