Материалдар / Кіршіксіз бала көңілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кіршіксіз бала көңілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылырдың көңіл күйін көтеру жарасымды қарым-қатынас орнату барлық жақсылықты үйрету жаман қасиеттен жиренту , әрдайым күліп ойнап жүрулерін , өздерін ортада қалай ұстай алатындығы жайлы оқушыларға түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
676
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан обылысы Қазығұрт ауданы «Диқан» жалпы орта мектебінің педагог-психологы : Асқарова Жадыра Әбдіманапқызы







Армысың: Құрметті ұстаздар және оқушылар ата-аналар. Бүгінгі біздің «Кіршіксіз бала көңілі» атты тренингімізге қош келдіңіздер!

Тренингіміздің негізгі мақсаты: Баланың гуманистік бағыттылығы , сана сезімі, адамдармен қарым-қатынасы, көңіл-күйін реттеуі болып табылады. Ең алдымен біз тренинг сабағымызды «танысу жаттығудан» бастайық. Мұның мақсаты: топтық өзара әрекетті дамыту. Қазір мен сендерге бірнеше сұрақ қоямын, сол сұрақтарға жауап береміз.

  1. Аты-жөнің? Жасың?

  2. Сүікті ісің? (хобби)

  3. Өзіңізге ұнайтын және ұнамайтын мінез сипаттарыңызды атаңыз?

  4. Не үшін осындасыз?

  5. Нені үйренгіңіз келеді?

  6. Не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді?

Міне балалар сұрақтар арқылы бір-бірімізді тереңірек танып алдық.

Ал енді екінші жаттығумызды бастаймыз «Көжек» жаттығу

Мұның мақсаты: өзара бір-бірімізбен достық қатынаста дамыту. Қазір мына бір кішкетай «көжек» сендердің қолдарыңа тиеді. Осы көжекті еркелетуіміз керек.Мысалы: аппағым, мамығым деп , еркелетіп болған соң, сол сөздерді бір-бірімізге айтамыз.

Ал балалар көңі-күйлерің көтеріліп қалдыма?

Ал енді үшінші жаттығумыз «Мен сені жақсы көремін» жаттығуы

Бұл жаттығудың шарты: Бұл ойында оқушылар айналарын алып, айнадағы өз бейнелерін көз алмай біраз уақыт қарайды. Сосын мынадай сұрақтар қойылады.

  • Мен кіммін? Маған қарап тұрған кім?

  • Мен жақсы адаммын ба? Әлде жаман адаммын ба?

  • Мен туралы айналадағылар не ойлайды?

  • Менің мінезім қандай?

  • Қандай жақсы қасиеттерім бар?

Осы сұрақтарды жауап беру арқылы оқушылар «өзін-өзі» бақылауын және реттеуін жүзеге асырады.

«Жануарды тап» ойыны. Мұның негізгі мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатын қолданады.

Төртінші жаттығу «Аутогенді» жаттығу. Бұл жаттығудың негізгі мақсаты- оқушылардың сергіту сәті және терең демалу арқылы ауаны жұту. Ал балалар жаттығумызды бастайық.

  1. Ынғайлана отырып , көзді жұмып терең демалыңдар

  2. Төбелерің алтын нұрға бөленіп тұрғындай елестетіңдер. Терең баяу дем алып, демдеріңді сыртқа шығарыңдар. Бар зейіндердің жарқырап тұрған төбелеріңдегі күнге аударыңдар

  3. Мойындарыңа зейін қойып , ол да алтын нұрға бөленіп тұр деп ойлап, сол алтын нұрға зейін салып, 5 рет баяу тыныс алып, демдеріңді сыртқа шығарыңдар.

  4. Алдың ақ нұрға бөленіп, кеудеңе шуақ шашып тұр деп ойлап, өзіңді сағым арасында, жайқалған гүлдеріңдің ортасында жүрмін деп елестете отырып, деміңді сыртқа шығар. Өзіңе «Қазір мен көзімді ашқанда өзімді жайлы сезінемін» деп 2 рет қайталау керек.

Бір оқушы шығып : Бұл жатығудан алған әсеріміз тамаша, көңіл-күйіміз қөтеріліп қалды және өзімізді жайлы сезініп тұрмыз. Солай ма балалар?

«Мен кіммін және қандаймын» жаттығуы Бұр жаттығудың мақсаты: өзін-өзі реттеуі, ішкі сезімін сыртқа шығару, кім екенін анықтау болып табылады.

Бұл жаттығуды бастамас бұрын «Екі бақа» туралы аңыз әнгімені айтып берейін. Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі шыға алмайтына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі шыға алмайтына көзі жетіп, тұрсада арпалысқаны бәрі бекер сияқты көрінсе де , секіре береді. Бірақ аяғында қаймақ, әлгі бакқаның секіргеніне қоюланып, майға айналады. Әлі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.

Талдау: Балалар мына аңызды қалай түсінесіңдер? Осыны талқылап көрейікші?

Бір оқушы шығып: Бұл аңыздан түсінгенім жалқаулықты болдырмау, әрдайым алға қадам басу керек екен. Еңбек етсең. Бір нәтижесі шығады екен. Сол сияқты адам бойындағы жаман қасиеттерді жою керек, жақсы қасиеттерді көбейту керек.

Ал енді балалар «Мен кіммін және қандаймын» деген жаттығумызды бастайық. Ол үшін сендер мына ақ қағазға өздеріңнің жақсы және жаман қасиеттеріңді жазасыңдар. Кейін өздерің оқып, жаман қасиетері жазылған парақты жыртып «қоқыс» жәшігіне тастаймыз.

«Шеңбер бойынша алғыс білдіру» жаттығуы

Барысы: Бүгін біз жақсы жұмыс істедік. Рахмет Маған сендермен жұмыс істеу қызық болды. Сендерге ше? Барлық жаттығуларға жақсы көңіл-күймен белсенді қатысқанымыз үшін бір-бірімізге шын жүректен алғыс білдірейік.

«Қоштасу» жаттығуы

Барысы: Психолог бәрін орнынан тұрғызып психологиялық ант беруге шақырады. Оқушылар шеңберге тұрып, қолдарын ортаға созып, бірінің үстіне бірін қойып ант береді.

Біз оқушылар

Ант береміз

Оқушылық жауапкершілікті

Мінсіз орындауға

Берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарап

Мектептегі дәстүрді орнымен сақтауға

Білімді болуға-

Жаңа шындарға да бәріміз бірге жетуге

Ант береміз

Алтыншы сыныпты «жақсы» деген бағамен аяқтауға

Төменгі ізбасарларға үлгілі аға мен әпке болуға

Ант береміз.

Ал балалар «Біз қандаймыз» деген сұраққа қалай жауап береміз.

Біз «керемет» оқушылармыз.

Сонымен біздің бүгінгі «Кіршіксіз бала көңілі» атты тренинг сабағымызды аяқтаймыз. Өмірде сендерге тек, Жолаушы самал, жел көмек берер деп білемін! Қош сау болыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!