Кіші ғылым академиясы
ғылыми жоба
Қорғаған: 3-сынып
оқушысы Тлеубек Айым
Жетекшісі: Халиева
Майра Кадыровна
2017-2018 оқу
жылы
Қазтамақ гүлінің
пайдасы
Мақсаты : Қазтамақ
гүлінің емдік қасиеттерін зерттеу
Жоспары
1.1. Қазтамақ гүлінің тарихы
1.2. Қазтамақ түрлері
2.1.Қазтамақ гүлінің шипалық пайдасы және оны
қолдану жолдары
2.2. Қазтамақ гүлін
өсіру, көбейту
3.1.Қызықты
деректер
3.2. Қазтамақ гүлі –
өмірдің ажары, сұлулық пен тыныштық
нәрі
Пайдаланылған
әдебиеттер
Аннотация
Жұмысымның тақырыбы :
“Қазтамақ гүлінің пайдасы” деп алуымның
себебі:
Өйткені қазтамақ гүлін
ерте заманнан ата- бабаларымыз дертке ем ретінде пайдаланғанын көп
естігенмін.Қазтамақ гүлінің ұмытылған емдік қасиеттерін қайта
жаңғырту мақсатында осы жобаны
таңдадым.
Тақырыбы
“Қазтамақ гүлінің
пайдасы”
Мақсаты : Қазтамақ
гүлінің үй жағдайында өсуі мен емдік қасиеттерін
зерттеу.
Өзектілігі: Бөлме
өсімдіктерінің (қазтамақтың) адам ағзасына тигізетін шипасын
пайдалана білу.
Әдіс-тәсілі: Бақылау,
іздену, қадағалау, мағлұмат жинау, зерделеу, зерттеу
жүйелеу.
Болжамы:
Химиялық-синтетикалық дәрі-дәрмекке жүгіне бермей, қолжетімді,
экологиялық таза өнімдерді пайдалану – үнемділікке
тәрбиелейді.
Кіріспе:
Қазтамақ гүлінің шығу
тегі
Көпшіліктің
сүйікті гүліне айналған
қазтамақ (pelargonium -пеларгония
(герань) — герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.
Негізгі отаны – Оңтүстік Африка. 280 – ге жуық түрі белгілі.
Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдеп
тұрады.
Қазтамақтың
түрлері
Қазақстанда шалғындық
жерлерде, өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі
бар. Биіктігі 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген
жапырақтары қарама – қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл,
күлгін, ақ түсті гүлдері , көбінесе шоқталып , кейде жеке дара
шығады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп , шілде –қыркүйекте
жемістенеді. Жемісі –дәнек.
Қазтамақтың
күтімі
Қазтамақ тез өсетін,
оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Өсімдіктің күтімі
дұрыс болса,араға аз уақыт салып демалып, үздіксіз гүлдей береді.
Мамыр айында аулаға шығарып , гүлзарларға егіп қоюға болады.Күзде
қайтадан қазып алып,түбекке отырғызып үйге кіргізеді.Қараша айында
жапырағы сарғайып , түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15
см дей биіктікте кесіп тастау
қажет.
Қазтамақты жаз айларында
жиі , ал қыс айларында бірқалыпты суғарған дұрыс . Аталмыш гүл
шамалы суыққа шыдағанымен , негізінен жылу мен жарықты жақсы
көреді.Көптеген қазтамақ жарықта ерекше гүлдейді. Өсімдік жиі
тыңайтқанды қажет етпейді.Сондықтан , өсімдікті ерте көктемде және
жаз айларында айына бір рет тыңайтып тұрса
жеткілікті.
Қазтамақтың емдік
қасиеті
Қазтамақ емдік заттарға
бай, оның гүлдерінің құрамында және сабағында танин, бояғыш заттар,
кальций мен каротин, С дәрумені мен
геранин (эфир майы алынады)
аминқышқылдары, дәрумендермен антибиотиктер
бар.
Халық медицинасында
қазтамақтың тұнбасын ішу арқылы асқазан, ішек және көз ауруларын
емдеуге болады. Сонымен қатар , бүйрекке тас байланғанда , тамақ
пен ауыз қуысы қабынғанда, сыртқы жараларға,тұмауға , бас ауруына,
жөтелге және ревматизмге қарсы
қолданылады.
Қазтамақтың гүлінің де ,
жапырағының да , сабағы мен тамырының да шипалық қасиеті
мол.
Мен сіздерге өзімнің 2
жылдан бері зертеп жүрген тәжірибеммен бөліскім келеді. 1,2-сыныпта
дүниетану пәнінен танысқан өсімдіктер әлемі бойынша өз
қызығушылығымды туғызған үйдегі гүлдер болды. Иә, рас, гүлдер үйдің
сәні, әдемі. Көптеген гүлдердің шипалық қасиеті бар екенін де
білетінмін. Үйдің үлкені болғандықтан оларды күтіп-баптауды өз
мойныма алғанмын. Өзім көргенімдей, әжем жапырағын кептіріп, үгітіп
матаға салып, моль көбелегінен сақтану үшін қыстық тон немесе
жағалы,қымбат киімдердің жағаларына түйреп қоятын. Тіс ауырғанда
бет терісінің сыртына қазтамақ гүлінің жапырағын басса, біраз
уақыттан кейін тіс ауырғаны басылады екен. Құлақ ауырса жапырағын
шиыршықтап құлақтың ішіне қарай салса немесе жапырағын кептіріп,
үгітіп оны қойдың майымен (құйрықмайы) араластырып жақпа май
(мазь)жасап, құлаққа тампон ретінде қолданатын болсақ, құлақ
ауырғаны тыйылады.
Қазтамақты
косметологияда да қолданады.Өсімдіктің 200 грамм ұсақталған
жапырағы мен гүлінің шырынын сығып, қақпағы бар ыдысқа құйып,
тоңазытышқа қояды. Дайын болған мұзды таңертең бетке уқалап жағады.
Ол беттің қан алмасуын жақсартып, өңін кіргізіп , теріні жақсартуға
көмектеседі.
Қызықты
деректер
Қазтамақ бөлмедегі ауаны
стафилакокк, стрептококк бактерияларынан тазалайды.Оны тексеру үшін
ғалымдар стафилакокк бактериясының 1-2 тамшысын қазтамақтың
жапырағына тамызғанда, үш сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен
қатар , шыбын шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Қазтамақ тұрған
бөлмеде ұрыс керіс болмайды деген де сөз
бар.
Қорытынды
Қорыта келгенде қазтамақ
гүлі тек медицина тұрғысынан ғана емес ,сонымен қатар үйге сән және
де тыныштық алып келеді.Қазтамақ гүлі ертеде өзінің сұлулығымен тек
байлардың аулаларында,биік үйлердің алдында өсірілетін «ақсүйектер
гүліне» айналған.Содан да болар, гүлдің түрлері де ақсүйектердің
ұғымына сай «Кароль Эдуард -7 » , «Кароль Альберт» , «Эмиль Лемуан»
сияқты атақтылардың құрметіне аталған. Ал 19 ғасырдан бастап
қазтамақ гүлі бүкіл әлемге таралған
.
Сөзімді қорыта келе
айтайын дегенім, химиялық-синтетикалық қоспалары бар дәрі-дәрмекке
жүгіне бермей, өзімізге қолжетімді, экологиялық таза өнімдерді
пайдалансақ және де әр отбасына тыныныштық пен сұлулық сыйлайтын
қазтамақ гүлін көбейтіп, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың алдын ала
білуге шақырамын.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Ж.Жатқанбаев . Өсімдік және
адамзат.
-
М.Қожабеков . Дәрілік өсімдіктер.
Алматы, Қазақстан
1982 жыл.
-
“Денсаулық“туралы
журнал
-
Құлжабаева Г. Ә. «Өсімдіктер әлемі» оқу –
әдістемелік кешені
-
Ақпараттық
құралдар