|
Сабақтың
тақырыбы
|
§6 Кіші жүздің Ресейге
қосылуы
|
Сынып
|
8
«а»
|
|
Мақсаты
|
Білімділік:
Кіші жүздің Ресей империясының құрамына
кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы. Ресейге
қосылудың алғы шарттары мен себептері. Әбілқайыр ханның жүргізген
саясаты. Ресейге қосылудың салдары жайлы
түсіндіру. Дамытушылық:
сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана
отырып, оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру, тарихи білімді
шығармашылықпен қолдана білу дағдысын дамыту, оқиғалар мен
құбылыстарды талдау қабілетін
қалыптастыру. Тәрбиелілік:
оқушылар бойында азаматтық, интернационалдық,
жоғары адамгершілік сезімін қалыптастыру, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
|
|
Табыс
критерийлері
|
Кіші Жүздің Ресейге қосылуының алғышарты мен
себебін және Ресейдің қол астына өткеннен кейін жер дауының
шиеленісіп кетуінің негізгі себептерін анықтайды. Кіші Жүз
қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдары қандай болғанын
түсінеді. Салыстырмалы талдау жасау арқылы оқушылардың шығармашылық
ынтасы дамиды. Өз көзқарасын дәлелдеуге
үйренеді.
|
|
Әдіс
|
Мұғалім
іс-әрекеті
|
Оқушы
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Уақыты
|
|
Жұптық жұмыс «Аралас. Қозғалма.
Жұптас»
|
Оқушылар жанындағы көршісі екеуі жұптаса
алады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды
орындайды.
|
1 - оқушы – Қазақстан Ресей қол астына енген
кездегі статистикалық мәліметтерін
дайындайды.
2 - оқушы – Әбілқайыр хан және қазақ
батырлары туралы
баяндайды.
|
Оқулық, стикер, А4
қағазы.
|
7
минут
|
|
Сумативті
бағалау
|
|
Тапсырма орындалып болған соң жұптар өз
жұмыстарын ауыстырып, тақтада берілген дұрыс жауапты тексеру арқылы
бағаланады.
|
1-10 сандық
белгілер
|
3
миинут
|
|
Сұрақтар
шеңбері
|
Фигуралар арқылы сыныпты 3
топқа бөлемін. Шеңберді таңдағандар «жоңғарлар», төрт бұрыш
таңдағандар «ресейліктер», үш бұрыш таңдағандар «қазақтар» тобына
бірігеді. 3 топқа 3 түрлі тапсырма беремін. 1-топқа: Жоңғарлардың
қазақ жеріне басып кіру себептері. 2-топқа: Кіші жүздің Ресейге
қосылуының алғышарттары. 3-топқа:Әбілқайыр ханның және оның
төңірегіндегілердің Ресейдің бодандығын мойындауы туралы дайындауды
тапсырамын.
|
Оқушылар өздері таңдаған фигуралар бойынша 3
топқа бөлінеді. 1-топ
Жоңғарлардың қазақ жеріне
басып кіру себептері туралы мәліметтер дайындайды. 2-топ Кіші
жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары жөнінде анықтап, талдап
береді. 3-топ Әбілқайыр ханның және оның төңірегіндегілердің
Ресейдің бодандығын мойындауы туралы баяндама дайындайды.
Баяндамаларын оқып болғаннан кейін 3 топ бір-біріне сұрақтар
қояды.
|
Әртүрлі фигуралар, оқулық,
дәптер
|
10
минут
|
|
Өзара
бағалау
|
|
Әр топтар бір-бірінің
баяндамаларын мұқият тыңдап бағалайды. Топтар басқа топтарды «өте
жақсы», «жақсы», және «орташа» деп арнайы смайликтер бойынша
бағалайды.
|
Смайликтер
|
3
минут
|
|
Ашық
тест
|
Сынып оқушыларының жаңа
тақырыпты меңгергенін баылау мақсатында жүргізілетін тест
сұрақтары.
|
XVIIғасырдың 40 жылдарынан
бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген
мемлекет:
А) Қоқан
В) Қытай
С) Жоңғария
D) Ресей
Е) Иран
Дұрыс жауап: С
1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін
оның мирасқоры:
А) Сәмеке
В) Әбілқайыр
С) Қайып
D) Әбілмәмбет
Е) Абылай
Дұрыс жауап: С
Қазақстанға жойқын жорықтар
ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты:
А) Қазақ жасақтарын әлсіретіп, құрту
В) Бір мезгілде қазақтармен және Ресеймен
соғысу
С) Қазақтармен экономикалық, сауда байланыстарын
орнату
D) Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне
қарату
Е) Жоңғар әскерінің басымдығын
көрсету
Дұрыс жауап: D
|
А4 қағаз,
қалам
|
5
минут
|
|
Өзін-өзі
бағалау
|
|
Берілген тест сұрақтары
бойынша оқушылар тесттің дұрыс жауабын тексеріп, өз жұмыстарын
бағалайды.
|
Жауап
парағы
|
2
минут
|
|
Топтық
жұмыс
Галлерия әдісі (постер
қорғау)
|
Сынып оқушыларын әртүрлі
түстер бойынша 4 топқа бөлемін. Көк түсті таңдағандар «жігер»,
жасыл түсті таңдағандар «қыран», сары түсті таңдағандар «болашық»,
қызыл түсті таңдағандар «тұлпар» топтарына бірігеді. Әр топқа
әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беремін. 1-топқа: Тевкелев бастаған
елшіліктің Кіші жүзде болуы, 2-топқа: Патша үкіметінің
Қазақстандағы жағдайының нығаюы, 3-топқа: Орынбор экспедициясы,
4-топқа: Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдары.
Берілген сұрақтар бойынша тақырыпты
ашу.
|
Оқушылар ұнаған түстері
бойынша 4 топқа бөлінеді. Оқушылар өзара берілген сұрақтарды
талқылап, топ ішінде өздері плакатқа түсіреді. Кейін топтар
бір-біріне сұрақтар қояды.
|
Түрлі түсті фигуралар,оқулық, плакат,
фломастер,
стикер
|
10
минут
|
|
Табыс критерийлері арқылы
бағалау
|
|
Әр топ өз жұмысын плакаттарға түсіріп,
қорғайды. Кейін мәтінді тағы бір қарап шығып, берілген ақпаратпен
салыстырамыз, қай топтың неғұрлым нақты, жүйелі айтқанын
анықтап.
Топтар өз жұмыстарын ауыстыра отырып,
критерий арқылы 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы
бағаланады.
|
Түрлі түсті жұлдызшалар,
стикерлер
|
5
минут
|
|
Үйге
тапсырма
|
§6 Кіші жүздің Ресейге қосылуы
оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап
жазу
|
|
|
|