жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған" тренинг
Мектеп алды мен мектеп жасындағы оқушыларына арналған психологиялық-дамыту тренингі
№1
Мақсаты: мектеп алды мен мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын дамыту, танымдық ауқымын кеңейту; балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру.
Тақырыбы: «Қызықты –қабылдау шеңберім»
№ |
Барысы |
уақыты |
Құрал –жабдықтар |
1 |
Тренингтің тақырыбы мен мақсатымен таныстыру |
10:00-10:05 |
|
2. |
«Сәлемдесу» ойыны |
10:05-10:10 |
|
3 |
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойын «Ине мен жіп» |
10:10-10:20 |
|
4 |
«Не үлкен?» жаттығуы |
10:20-10:35 |
|
5 |
«Көз жұмбақ» жаттығуы
|
10:35-11:05 |
4-6 орамал |
6 |
«Сиқырлы қапшық» жаттығуы |
11:00-11:20 |
Ойыншықтар мен қапшық |
7 |
«Серіктесіңді сипатта» жаттығуы |
11:20-11:50 |
|
8
|
Топтық ынтымақтастықты дамытуға арналған «Өрмекші өрмегі» ойыны |
11:50-12:30 |
|
9 |
Аяқталмаған сөйлем әдісі бойынша оқушылар «Мен бүгін үйрендім....» сөйлемін аяқтайды |
12:30-12:40 |
|
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларына арналған
психологиялық ойындар.
Мақсаты: Жаңа
заман талабына жеке тұлғаны дамыту,
танымдық ауқымын кеңейту;
балалардың
шығармашылығын дамыту, белсенділігін,
іскерлігін арттыру.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
«Сәлемдесу» ойыны:
Жүргізуші:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз,
қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз»
деген белгі берілгенде, мен қалай
амандасу керек екенін айтамын, сонда
сендер бір-бірлеріңмен тез-тез
амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі
амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен…
иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен…
өкшемен… арқамен.
2.
«Ине мен жіп»
Жүргізуші:
мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер
менің артымнан бір - бірлеріңнің
белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір
бәріміз алдымызда тұрған кедергілер
арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті
үзсе сол ойыннан шығады.
3.
«Не үлкен?»
Отырған
балаларға жүргізуші сұрақ қояды.
Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен
заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде
жүргізушіге атаған заттарды қайтадан
айтуға болмайды және балаларға қайталауға
болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан
шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші
болады.
4.
«Сиқырлы қапшық»
Балаларды
шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың
алдындағы кішкентай үстел басына
отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық
тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар.
Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың
ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды
талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина,
т. б. Балалар қолымен заттарды сипап
бірдей затты тауып алған соң сипаттап
айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды
сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.
5. «Серіктесіңді сипатта» жаттығуы
Жүргізуші: Асықпай жұпта - қасыңызда отырған серіктесіңізге мұқият караңыз. Визуалды жағынан ерекшеліктерін өзіңізге белгілеп алыңыз. (30 секунттан соң, бір-біріне артқа қарап отырады) Енді қағаз бен қаламды алып, мен қойған сұрақтарға жазбаша жауап беріңідер.
- Сенің жұбыңның шашының түсі қандай?
- Сенің жұбыңның көзінің түсі қандай?
- Сенің жұбыңның бетінде немесе денесінде қал бар ма? Бар болса қай жерінде орналасқан?
- Сенің жұбыңның қасының түсі қандай?
- - Сенің жұбыңның бетінде немесе денесінде ерекше белгі бар ма? Бар болса қай жерінде орналасқан?
Сұрақтарға жауап берілген соң жұптар бір-біріне қарап жауаптарының дұрыс-бұрыс екенін анықтайды.
6. Топтық ынтымақтастықты дамытуға арналған «Өрмекші өрмегі» ойыны.
Жүргізуші: қазір барлықтарын көздеріңді жұмып қолдарыңды алға созыңдар. Мен сендердің қолдарыңды бір-бірлеріңе өрмекшінің торы секілді шатастырып ұстатып қоямын. Сендердің мақсаттарың осы өрмекті шешу.
7. Аяқталмаған сөйлем әдісі бойынша оқушылар «Мен бүгін үйрендім....» сөйлемін аяқтайды
Жүргізуші:
Сендер мыны і «Мен
бүгін үйрендім....» сөйлемін
аяқтау арқылы бүгінгі үйренген, білген
дүниелеріңмен бөлісіп, бір-біріңе алғыс
білдіресіңдер.
№2
Тақырыбы: «Есте сақтау - менің мықты қабілетім»
№ |
Барысы |
уақыты |
Құрал –жабдықтар |
1 |
Тренингтің тақырыбы мен мақсатымен таныстыру |
10:00-10:05 |
|
2. |
«Сәлемдесу» ойыны |
10:05-10:15 |
|
3 |
«Төрт құбылыс» жаттығуы |
10:15-10:20 |
|
4 |
«Ерекше жануарлар саябағы» жаттығуы |
10:20-10:40 |
Кеспе қағаздары |
5 |
«Әсем көйлек, көркем қыз» жаттығуы
|
10:40-11:00 |
Кеспе қағаздары |
6 |
«Көңілді шеңбер»» ойыны |
11:00-11:20 |
гүл, орамал, көзілдірік,т.с.с. |
7 |
«Ұшты, ұшты...» ойыны |
11:20-11:30 |
|
8
|
Топтық ынтымақтастықты дамытуға арналған «Мұз айдыны» ойыны |
11:30-12:00 |
|
9 |
Мақал-мәтелдер сайысы жүргізіледі |
12:00-12:10 |
|
10 |
Кері байланыс жүргізіледі |
12:10-12:20 |
|
Есте
сақтау қабілетін дамытуға арналған
ойындар.
«Сәлемдесу» ойыны
Жүргізуші оқушыларға түрлі ұлттардың амандасу ерекшелігі бойынша ақпарат береді сол бойынша оқушылар бір-бірімен амандасып шығады.
Жапония. Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі.
Ауғандар. Алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.
Қытай. Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «каутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет.
Тибет. Бір-бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.
Гректер. «Қуаныңыз» деп сәлемдеседі.
«Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.«Ерекше жануарлар саябағы» жаттығуы
Жүргізуші: Сендердің алдарыңда түрлі жан-жануарлардың суреттері тұр. Олардың бірі сүйкімді болса бірі қауіпті жануарлар. Сендер осы жануарларға мұқият қарап, естеріңде сақтап қалуға тырысыңдар. 1 минут өткен соң қағаз жиналып алынады.
Есіңізде сақтап қалған жануардың атын алфавиттік ретпен жазып шығыңдар?!
3. «Әсем көйлек, көркем қыз» жаттығуы
Жүргізуші: Балалар мына төмендегі қыздармен танысып алыңдар, олар Мария, Бабиана, Мерседес, Хуана. Ия, біздің аймақ үшін ерекше есімдер, бірақ оған қарамастан осы қыздардың киімдеріне, шаш үлгісіне, заттарына зейіндеріңді аударып барынша есте сақтап қалуға тырысмыңдар. Сендерге есте сақтап қалу үшін 90 минут беріледі.
Кеспе қағаздары таратылып, 90 минут өткен соң оқушыларға төмендегідей сұрақтарға жауап беру үшін бланкісі таратылады.
Қай қыздың басында бантик бар: Марияда ма, әлде Бабианада ма?
Етік киген қыздың есімін ата?
Қай қыздың кекілі және горошек киімі бар?
Қай қыздың мысығы бар: Хуанада ма, әлде Бабианада ма?
«Көңілді шеңбер» ойыны
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.«Ұшты, ұшты...» ойыны
Жүргізуші: «Ұшты, ұшты...» деген сөзден бастап түрлі ұшатын және ұшпайтын заттарды атайды. Қателескен ойыншылар ойыннан шығып отырады.
Топтық ынтымақтастықты дамытуға арналған «Мұз айдыны» ойыны
Жүргізуші: Қазір біз сендермен мұз айдыны ойынын ойнаймыз. Сендерге үлкен газетті тосеніш беріледі, ол үлкен мұздықтың рөлін білдіреді. Сендер барлығың сол мұздықтың үстіне орналасып аласыздар. Кез-келген мұздық уақыт келе еритіндіктен сендердің қағаз газеттеріңді мен біртіндеп жыртып отырамын, сендердің мақсаттарың мұздық қаншалықты кішірейседе, өз топ мүшелеріңді суға батып қадағалап, бір-біріңді берік ұстап тұру, қандай жағдай болмасын достарыңды құтқарып тұру.
Жаңылпаштар сайысы жүргізіледі
Жүргізуші жаңылпаш жазылған кеспе қағаздарын таратып береді, қатысушылар алдымен өздері дұрыс айтып шығып, басқалардың қатесіз айтып шығуын қадағалайды.
Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан.
Басқарақ асқабақ әкелді.
Доп
теп
Дөптеп
Сұр інген сүрінген бе
Сүрінген сұр інген бе
Бұлаң
бұлаң еткен бұл аң
Бұлаң десем екен
қылаң
Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.
Тоқпақ жаттап,
Айтсақ жақсы-ақ.
Жатка тақпақ
Жатта тақ-тақ
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
Кермеде тұр қырық
кір қыстырғыш,
Қырық кір қыстырғышқа
Қырық қыз келіп,
кір қыстырды.
Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді,
Ауырға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
Қоғанбай қомағай ма?
Жоқ, ағай
Қоғанбай қомағай емес,
Зор ағай.
Есім есі кетіп есінеп отыр екен.
Ол несіне.
Есі кетіп есінеп отыр екен.
Жағажайды жағалай,
Жүгіреді Қамажай.
Қатысушылардан керібайланыс алынады.
№
Тақырыбы: «Зейінді, зерек – бала»
№ |
Барысы |
уақыты |
Құрал –жабдықтар |
1 |
Тренингтің тақырыбы мен мақсатымен таныстыру |
10:00-10:05 |
|
2. |
«Сәлемдесу және сәттілік тілеу» жаттығуы |
10:05-10:15 |
|
3 |
« Мен жеңімпазбын» ойыны |
10:15-10:25 |
|
4 |
«Жануарлар ұйқыдан оянды» ойыны |
10:20-10:40 |
|
5 |
«Құлақ – мұрын» жаттығуы |
10:40-10:50 |
|
6 |
«Өз орныңды тап» жаттығуы. |
10:50-11:00 |
|
7 |
«Дайын бол», «Зейінді бол» жаттығуы. |
11:00-11:30 |
|
8
|
Топтық дамыту-түзету «НЛБ» жаттығуы жүргізіледі |
11:30-12:00 |
А3 кағазы |
9 |
«Дальтоник» жаттығуы |
12:00-12:10 |
Кеспе қағаздары |
10 |
Кері байланыс жүргізіледі |
12:10-12:20 |
|
Зейінді
тұрақтандыруға арналған ойындар.
«Сәлемдесу және сәттілік тілеу» жаттығуы.
Қатысушылар бір-бірімен амандасып, сәттілік тілейді.
« Мен жеңімпазбын».
Жүргізілуі: Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
3. «Жануарлар ұйқыдан оянды» ойыны
Жүргізуші
оқушыларрғаоянып жатқан кез-келген
жануарды көрсетуін сұрайды. Қалған
оқушылар оны қайталап және табу қажет.
4.
«Құлақ – мұрын» жаттығуы
Жүргізілуі:
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші:
«Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар
айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс.
Жүргізуші балалардың зейіні мен
қабылдауын тексеру мақсатында оларды
шатастырып айтады.
5.
«Өз орныңды тап» жаттығуы.
Жүргізілуі:
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың
қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі
берген уақытта балалар сандардың реті
бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет
қайталанады. Балалардың орындарын
шатастырып алмауы қадағаланады.
6. «Дайын бол» жаттығуы.
Жүргізілуі:
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші
бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс
- қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян –
секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
7.
Зейінді бол.
Жүргізілуі:Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.
Топтық дамыту-түзету «НЛБ» жаттығуы жүргізіледі.
Жүргізуші: балалар сендерге А3 парақшасында белгіленген алфавить әріптерін көріп тұрсыздар, сіздер әріпті айта отырып, әріптің астында жазулы тұрған Л- сол қолды, П- оң қолды, В- бірге деген берлілерді қайталап отырасыңдар.
«Дальтоник» жаттығуы
Жүргізуші балаларға кесте таратып береді, қатысушылар ондағы сөздің мағанасы мен түсін бөлек айтып шығады.
Мысалы:
Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары
Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл,
Кері байланыс жүргізіледі
Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары
Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары
Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары
Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары
Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары
Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары
Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары
Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары
Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары
Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары
Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары
Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары
Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары
Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары
Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары
Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл Жасыл, Сары, Көк, Қызыл, Қара , Ақ, Күлгін, Қызғылт-сары Сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары, Көк, Қызыл, Жасыл, Сары, Қызғылт-сары

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген