«Кіші тобының Аналар күні
мерекесіне арналған
ертеңгілігінің
сценарийі»
Ниязбекова Мейрамгуль
Рахымбековна
Абай облысы, Семей
қаласы
«№8 «Балбөбек» бөбекжайы»
КМҚК
музыка жетекшісі.
Жүргізуші:
Қымбатты
аналар, әжелер, құрметті қонақтар! Бүгінгі көктемнің алғашқы
күндерімен бірге келетін сегізініші наурыз мерекесі құтты болсын!
Баршаңызға отбасына береке, бірлік, бақыт тілейміз.
Бүгінгі кіші тобының Аналар күні
мерекесіне арналған ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:Көңілді өскен
бөбекпіз,
Шырқап әнге саламыз.
Анамызға ән сыйлап,
Алғысын біз аламыз.
Құрметті аналар, қонақтар мына тамаша әнді
өздеріңіздің құрметтеріңізге тарту етеміз. Қабыл
алыңыздар!
Ән:
«Айналайын анашым»
(Сөзі:М.Хакімжанова;Әні:Ө.Байділдаев.)
1.Айналайын
анашым,
Әлпештеген
мамашым.
Еміп өскен
бөбекпіз,
Маматайдың
мамасын.
2.Ай қабақты
мамашым,
Күн сәулелі
анашым.
Әлпештеген
баласын,
Айналайын
анашым.
Жүргізуші:Таңдай қағар
тамсана,
Тіршіліктің
басы-Ана.
Құттықтаймыз қуанып,
Тақпақ айтып
бәріміз.
Бал бөбектеріңіздің сіздерге
арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
1-бала.Титтей бөбек
кезімнен,
Еркелетіп
күлгізген.
Әлдилеген
емізген,
Алғаш ана
дегізген.
2-бала. Айналайын
анашым,
Әлемдегі жан
асыл.
3-бала. Айналайын
анашым,
Асқар таудай
панасың.
4-бала. Ана-өмір
шырағы,
Ана-өмір
бұлағы.
5-бала.Әлди-әлди, әлди-
ай,
Анамыздың бұл
әні.
6-бала. Айналайын жан
ана,
Аялаған мен
балаң.
7-бала. Анам, анам,
анашым,
Данасың да
дарасың.
8-бала.Ана-біздің
күніміз,
Ананың біз
гүліміз.
9-бала. Балаңды ана
қуантып,
Ұзақ өмір
сүріңіз.
10-бала.
«Алтыным»
деп мақтаған,
Айналайын ақ
мамам.
Жүргізуші:
Қар, мұз
еріп,
Су
көбейіп,
Сай-салада ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер
гүл шашақ тағады.
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл
қай кезде болады?
Балалар:
Көктемде!
Жүргізуші:
Дұрыс
айтасыңдар, көктемде.
Жүргізуші:
Дұрыс
айтасыңдар, көктемде. Ендеше «Көктем» ханшайымын
шақырайық!
Балалар: Көктем, Көктем! Өлкемізге кел,
Көктем!
Музыка әуенімен залға билеп, қолында бір себет
гүлдері бар, Көктем кіреді.
Көктем:
Шуақты
көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі
аналар,
Ана
деп бас иеді күллі халық.
Гүлге толы құшағым
Құлпырады кең далам.
Тіршіліктің бастауы.
Гүл көктемің мен болам.
-
Сәлеметсіздер ме, ардақты аналар, ақжаулықты
апалар, құрметті қонақтар!
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар амандасады:
Көктем:
Мен
баршаңызды аналар күні мейрамымен
құттықтаймын.
Жүргізуші:Сәлеметсің бе,
көктем!
Өзің келіп дала гүлге оранды, түрлі түске
боянды,
Жылғалардан су ағып, табиғат
та оянады.
Балалар, көктемге арнап тақпақ айтып
берейік.
Көктем:
Рахмет,
мен балалардың өнерін қуана
тамашалаймын.
1-бала. . Көктем, көктем, көктем
деп,
Құстар ұшып сайрайды.
2-бала. Көктем келді далаға,
Көктем келді қалама.
3-бала. Төбеден күн
күледі.
Құстар да ұшып келеді.
4-бала. Келсе көктем
сырнайлы,
Бұлақ күліп
тынбайды.
5-бала. Көктем қандай
көңілді,
Көктен жаңбыр
төгілді.
Көктем:
Ай,
керемет, тақпақты тақылдап айтады екенсіңдер!
Рахмет!
Жүргізуші:
Көктем,
көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде,
Қуанып біз қалайық,
Бимен қарсы алайық!
Көктем ханшайымы біздің
балаларымыздың өзіне арналған биін қабыл ал!
Би:
«Көктем биі» Құрметті қонақтар қошеметтеп қарсы
алыңыздар!
Көктем:
Балалар
менің сендерге жұмбақ жасырам сендер
шешіңдер!
Жұмбақ: «Сылдырмақ
туралы»
Сылдыр-сылдыр
етеді,
Былдыр-былдыр
етеді.
Кіп-кішкентай
бөбектердің
Сүйікті ойыншығы
деседі. (Сылдырмақты
сыңғырлатады)
Балалар:
Сылдырмақ.
Жүргізуші:
Балалар,
қане, сылдырмақты алайық,
Орнымыздан тұрайық, әсем әнге
салайық!
Ән:
«Сылдырмақ» (Сөзі:Ж.Әлімқұлов; Әні:Ж.Бөдешев)
1.Қолымызда сылдырмақ,
Сылдыр-сылдыр етеді.
Аяғымыз тыпылдап,
Өзі
билеп кетеді.
2.Нағыз биші өстеді,
Тыпылдатып билейміз.
Кезек-кезек өкшені,
Тоқылдатып билейміз.
Көктем: Балалар, сендерге
рахмет! Сендер өнерлі де, өжет екенсіңдер! Мерекені көркейте түсу
үшін ойын сауық құрайық!
Жүргізуші: Қандай тамаша! Қандай
мереке ойын-күлкісіз өтеді?
Ендігі кезек- ойынның
кезегі.
Көктем: Ойын:
«Күлтешелерден гүл
құрастыр».
Ойынның шарты: үш бала ортаға шығып, шашылып
жатқан күлтешелерден гүл құрастырады. Ортаға 3 ұл баланы шақырамыз,
-деп, 3 ұл-баланы шақырады. Балалар мына күлтешелерді жинап, гүл
құрастыру керек.
Көктем: Ойыншыларды мақтайды.
Тамаша, сендер гүлдердің күлтешелерін тез жинап, гүл құрастыра
білдіңдер!
Көктем:
Қадірлі
аналар көңілі,
Көктемдей жайнап, гүл ашсын!
Бақытқа толып өмірі,
Шатыққа шаттық ұлассын! деп шығып
кетеді.
Жүргізуші:Рахмет, саған
Көктем!
Жүргізуші:
Балалар,
«Ару көктем, гүл көктеммен»
қоштасайық.
Балалар:
Сауболыңыз!
Көктем:
Сауболыңдар, балалар!
Жүргізуші:
Жұмбақ
әже туралы.
Ертегі айтып берген,
Ақ
кимешек киген,
Еркелетіп немересін,
Ақ
бітінен сүйген..........
Ол
кім балалар?!
Балалар: Әже.
Жүргізуші:
Бүгін
әжелереміздің де мерекесі. Қанеки, ортаға шығып әжелерімізді
құттықтайық.
1-бала.
Менің
әжем, жыр әжем!
Шуағы мол нұр
әжем!
2-бала.Ақ таяққа
сүйініп,
Аман-есен жүр
әжем!
3-бала. Бөбегіңнің
тілегін,
Қабыл алшы
әжетай.
Ұзақ өмір жүз
жасап,
Жүрші әже
қамықпай.
4-бала.Әже деген көп
шығар,
Әжемдейі жоқ
шығар.
5-бала.Қуанатын
балаша,
Әжем менің
тамаша.
Жүргізуші:Сендердің тақпақтарынды
тыңдап әжелерін мен аналарын бір шаттанып қалды, иә адамның бір
қызығы бала деген деп Абай аталарын айтқандай, қартайғанда
әжелеріне сендердің қызықтарыннан артық не бар екен!
Былдыр,
былдыр тіліңнен,
Балапандай
түріңнен.
Тәй-тәй басып
адымдап,
Құлыншақтай
жүгірген.
Әжелеріне арналған
немерелердің биін қабыл алыңыздар!
Би: «Бөбектер» биін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:
Әжелерді
ардақтап,
Қуантатын келді күн.
Мейрамыңмен құттықтап,
Ән
салайық біз бүгін.
Балаларымыздың әжелеріне арналған әні де
бар.Балалардың орындауындағы мына тамаша әнді қабыл
алыңыздар.
Ән: «Апатайым»
(Әні мен
сөзі:Б.Жұмабеков)
1.Мақтаным-апа,
Шат
әнім-апа.
Өзіңе тақпақ,
Жаттадым апа.
Қайырмасы:Мен үшін жан асыл,
Тек
өзің ғанасың.
Қартайма, жүз жаса,
Апатай анашым.
2.Дарасың-апа,
Данасың-апа.
Әркез сен маған,
Жанашыр апа.
Жүргізуші:Құтты болсын осы шаттық
күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз,
деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Құрметті аналар, қонақтар,
осымен 8 наурызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі
кездескенше, қош сау болыңыздар!