Материалдар / Кіші топ балаларына арналған дамытушы ойындар

Кіші топ балаларына арналған дамытушы ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіші топ балаларының танымдық қабілеттерін дамытатын ойындар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

1.Тақырыбы: «Ненің төлі жоқ?»» ойын


Мақсаты:

Үй жануарларын ажырата білуге, оларды төлдерін ажырата білуге, жануарларды күте білуге, қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу.

Ойын ережесі: Ойыншық үй жануарлары үстел үстінде тұру керек.Балалар ойыншықтарды мұқият қарап алады.Тәрбиешінің белгісі бойынша көздерін жұмады, сол кезде тәрбиеші үй жануарларын бір төлін тығып тастайды.Тәрбиеші ненің төлі жоқ деп сұрайды?.Балалар жауап беру керек.Ойын бірнеше рет жалғастырылады.

2.Тақырыбы: «Балық аулау»» ойын


Мақсаты-міндеттері:

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту, әртүрлі заттардың көмегімен ойыншықтарды алуды үйрету. Пластик балықты сумен толтырылған мөлдір құмыраға салу. Балаға магниті бар қармақшаны беріп (егер балықтарда темір құлақшалар болса) және оны қалай жасағанын көрсете отырып, балықты қармақпен аулауды ұсыну.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, сенсорика)

3.Тақырыбы: «Дұрыс орналастыр»» ойын


Мақсаты-міндеттері:



Балаларды жылдам қимылдауды қалыптастыру.Балаларды ептілікке, шапшаңдлыққа тәрбиелеу. Қолмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.Балалардың зейінін шоғырлануын дамыту.

Ойын барысы: Үлкен қорапқа текшелер мен шарларды салу. Шарларды бір қорапқа, ал екінші қорапқа текшелерді салу керек.

4.Тақырыбы: «Қуыршақ ойыншығымен ойнату» ойын


Мақсаты-міндеттері:



Баланың қуыршақ ойыншығының сыртқы бейнесі адамның дене мүшелеріне ұқсастығына көңіл аударту; эмоциялар сферасын дамыту.

Қуыршақтар күлімдейді:

"Кел, ойнайық!" - дейді.

Қуыршақты тербетейік:

"Ұйықташы",- дейік.

(сенсорика, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

5. Тақырыбы: «Поезд» ойыны

Мақсаты:

Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынысатың белсенді стилін қалыптастыру;

Ойын барысы

Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады. Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар. Балалар бірінің соңынан бірі «шу-шу» деп жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді. Одан кейін жүруді баяулатады, ақырындап тоқтайды да » Аялдама» деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан тәрбиеші » поезд» ойынын ойнауды ұсынады. Мен паровоз жолға аттанады.


6. Тақырыбы: «Кел ойнайық» ойыны

Мақсаты:

Ерте жас балаларының сөйлеу дағдысын дамыту және қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.

Ойын барысы

Тәрбиеші баладан 2-3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастып, балаларға айтады: Аю,қоян,түлкі үшеуі отырып зерікті. Қане, оларды бізбен ойнауға шақырайық. Олар бізді есту үшін қатты дауыспен : «Аю кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиещімпен бірге аюды,түлкіні,қоянды шақырып бірге ойнайды.Мұнда ең маңыздысы балалардың айқай салмай, ойыншықтарды қатты дауыспен шақыруын қадағалау болып табылады.


7. Тақырыбы: «Төлін тап» ойыны


Мақсаты:

Балалардың үй жануарлары туралы түсінігін кеңейту, олардың төлдерін танып, ажыратып айта білуге үйрету.


Ойын барысы


Тәрбиеші үй жануарларын балаларға көрсетіп, балаларға айтады: Мұқият қарап төлін дұрыс табуға тырысыңдар.Жарайсыңдар балалар сендер ойынды өте жақсы ойнадыңдар. Үй жануарларының төлдерін дұрыс таба білдіңдер. Енді балалар бізде осы төлдер туралы тақпақтарымызды бірге айтайықшы.

Бә - бә деген қошақан

Өзі сондай момақан,

Бө - бө деген әні бар,

Жібек жүнді ботақан.

Мө - мө деген әні бар,

Бұзауым менің тағы бар,

Ио - ио дейтін құлыным,

Желбірейді тұлымың.

Шөре - шөре лағым,

Тентек болма шырағым.


8. Тақырыбы: «Ку-Ку» ойыны


Мақсаты:

Ерте жас балаларын эмоционалды тұрғыда дамытып, байқампаз ету.

Ойын барысы

Психолог балаларға ойын ойнауды ұсынады. Психолог «ку-ку!» деп, қолының немесе бір заттың арттына тығылады. Бала жоғалған адамды іздеп, оның қайта пайда болуын күтеді. Бірнеше секундтан кейін, психолог пайда болып, балалар қуанышқа бөленеді.Осылайша бірнеше рет қайталанады.



9. Тақырыбы: «Қысқыштар»

Мақсаты:

Балаларды түрлі-түсті қысытырғыштардың түстерін ажыратуға үйрету.

Ойын барысы:

Себеттің жақтауларына киім қысуға арналған қысқыштар қыстырылады. Бұдан кейін балаға оларды үш саусақпен (қалам ұстайтын саусақтарымен) қайтадан шешіп алып, себетке салу ұсынылады. Бар жаттығу осы. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды. Аталған саусақтарды дамыту баланың тез жазып үйренуіне түрткі болады.


Егер тапсырманы қиындату керек болса, жылдам орындау нұсқауын беруге болады. Балаларды екіден жұптастырып қысқыштарды алдымен қыстырып соңынан шешкізіп ойнатуға болады.


10. Тақырыбы: «Ғажайып қорапша»

Мақсаты:

Балаларды пішіндермен және олардың атауларымен таныстыру. Пішіндерді өз орнына орналастыра білуге тәрбиелеу. Қол қимылдарын дамыту.

Әдіс-тәсілі

Көрсету, өз бетінше әрекет ету. Қайталату.

Қажетті құралдар

Сенсорлық дамытушы ойыншықтар.

11. Тақырыбы: «Ілгекті жолдар» ойын


Мақсаты: Ұсақ маториканы дамыту.Ілгектердің көлемін, түсін ажыратуға үйрету. Бірдей түсті ілгектерді табуға олардан жол жасай білуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілі: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қажетті құралдар: Ақ қағаз, ілгектер

Ойын барысы: Үстел үстіне түрлі ілгектерді қою. Балалар ілгектерді қолмен ұстап көздерімен көріп, ілгектерді көлеміне түсіне қарай топтастырады. Жиналған бірдей ілгектерден ақ қағаз бетіне жол жасату.


12. Тақырыбы: «Кім не жейді?» ойын


Дидактикалық тапсырма: балалардың жануарлардың атаулары және олар немен қоректенетіні туралы білімдерін нақтылау. Байқау мен зейінді дамыту.

Ойын шарты: мұғалімнің белгісі бойынша карталарды алуды бастау. Бір-біріне кедергі жасамай әрекеттерді орындау.

Ойын әрекеті: қажетті карталарды іздеу.

Дидактикалық материал: балалар санына қарай жануарлардың және олардың немен қоректенетіні бейнеленген карточкалар.

Ойынның барысы

Балалардың алдарында жануарлардың суреттері бар карточкалар бар. Балалар мұғалімнің үстеліндегі жануарларға сәйкес суретті таңдайды: мысыққа ыдыстағы сүт, итке сүйек, шошқаға ботқа, ешкіге шөп.


13. Тақырыбы: «Моншақты тізбекте» ойын


Мақсаты:

Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру. Моншақтарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету. Ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу және моншақтардың түсін,көлемін, пішінін тану арқылы ақыл-ой белсенділігін арттыру. Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамыту

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету,ойын, саусақ жаттығулары,салыстыру.

Қажетті құралдар: Үш түрлі-қызыл, көк, ақ түсті моншақтар, үш түрлі түсте боялған үш түрлі макарон өнімдері, жіптер, қапшықтар, сандықша, қуыршақ.

14. Тақырыбы: «Ұқсас затты тап» ойын

Мақсаты:

Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай білуге үйрету. Баланың түстерді, форманы ажыратудағы ой-қиялын дамыту.



Барысы: Тәрбиеші үш түрлі геометриялық формаларды көрсетіп сұрайды. Бұдан кейін балаларға тапсырма береді. Таратып берілген суреттеріңе қараңдар, мен ұшбұрышты көрсетем, соған ұқсас заттың суреттерін маған көрсетіңдер. Төотбұрышты көрсетеді, дөңгелекті көрсетеді. Балалар өздеріндегі ұқсас затты көрсеткенде не екенін, түр-түсін сипаттап айтуды талап етеді. Ұшбұрышты сызғыш, үйдің төбесі, топ бөлмесінде ұшбұрышқа ұқсас зат бар ма?

Тік төртбұрыш: кітап, портфель.

Дөңгелек: доп, алма, апельсин, шар, т.б.

Суреттегі заттар жайында кім өлең тақпақтар, жұмбақтар білетінін сұрау. Енді балаларды үш топқа бөліп үш түрлі форманы таратып береді. «Өз орныңды тап» қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындарындағы формалар көлемі жағынан, қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың іс-әрекетін бекітіп, талдау жасайды.

15. Тақырыбы: «Шарларды домалату» ойын

Мақсаты:

Балалардың түстерді ажырату қабілеттерін дамыту.

Барысы: Тәрбиеші балаларға бір топ түрлі түсті шаралар көрсетеді, балаларға тек көруге ғана емес, тіпті ұстауға да мүмкіндік беріледі, олардың түр-түсін айтуды сұрайды. Бұдан кейін тәрбиеші шарды қалай домалатуды көрсетеді, одан соң балаларды біртіндеп шақырып, бір-екі шарды домалатуды ұсынады. Шарды домалатып бара жатқан бала өзі соның артынан жүгіреді және шарды кәрзеңкеге немесе жәшікке салады.

Ойын қайталанған кезде тәрбиеші балалардың шардың түсіне қалай назар аударатынын байқап алады. Мысалы, өзі қызыл шарды домалатады да балаға да сондай шар ұсынады. Немесе бірінен кейін бірін 2-3 шарды домалатуда тапсырма береді де (қызыл, жасыл), әр жолы түсін айтады. Тапсырманы әр жағдайға қарай өзгертіп тұруға болады.




















22 Қаңтар 2025
147
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі