Кіші топ перспективалық жоспар 2024-2025

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кіші топ перспективалық жоспар 2024-2025

Материал туралы қысқаша түсінік
Перспективалық жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

2023 жылының жазғы сауықтыру бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы) «Аққайың» бөбекжай балабақшасы

Топ: кіші жас «Балапан »топ

Балалардың жасы: 2 жастан.

Жоспардың құрылу кезеңі: маусым айы, 2023 жыл.

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Маусым

Дене шынықтыру

- негізгі қимыл түрлерін жетілдіру: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау;

- жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық, қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;

- салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және құрдастарымен бірлесіп әрекет етуге дайындау.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу.

Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.

Сөйлеуді дамыту

- көрнекілікке сүйенбей айналасындағылардың сөзін түсіну қабілетін дамыту;

- дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту;

- пассивті және белсенді сөздік қорды байыту;

- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу.

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Көркем әдебиет

- қолжетімді халық ауыз әдебиеті, көркем әдебиет шығармаларына, театр әлеміне баулу;

- кітаптарға қызығушылықты дамыту;

Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.

Сенсорика

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;

- қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;

- түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;

- заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.

Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.

Қоршаған ортамен таныстыру

- қарым-қатынас барысында бір-бірінің атын атауға, достарының аттарын есте сақтауға баулу;

- аты мен жынысына сәйкес өзін-өзі тануға баулу;

- өзгелерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

- әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі негізінде әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру;

- табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың әсемдігін байқауға үйрету;

- табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (бейтаныс жануарларға жақындамау, оларды сипамау; өсімдіктерді аузына алмау және жұлмау).

- құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етуі және бірлескен ойындарға қатысуы үшін жағдайлар жасау.

Бала, оның отбасы, үйі.

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал етуді пысықтау.

Көлік.

Жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыруды пысықтау.

Еңбекке баулу.

Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйретуді пысықтау.

Адамгершілік тәрбиесі.

Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды пысықтау.

Табиғат әлемі.

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Құрастыру

- заттар туралы түсініктерді, бейнелеу және құрастыру әрекеттерін нақтылау

үшін көру және сипап-сезу (тактилді) зерттеу әдістерін қалыптастыру;

- құрылыс материалдарынан құрастыруға баулу.

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.

Сурет салу

- бейнелеу өнеріне шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру.

Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.

Мүсіндеу

- материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.

Жапсыру

- желімсіз жапсыру техникасын игеру.

Фланелеграфта доптарды орналастыру.

Музыка

- музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;

- балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу;

- көркемдік қабылдауды дамыту, балаларды бейнелеу өнерінің шығармаларын түсінуге, музыка мен әнді қабылдауға баулу.

Музыкаға деген қызығушылықты ояту, музыка тыңдауға, ән айтуға, қарапайым би қимылдарын орындауға баулу.

Музыка тыңдау.

Фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білуді пысықтау.

Ән айту.

Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізуді пысықтау.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Қарапайым би қимылдарын орындау: шапалақтау және аяқты тарсылдатуды пысықтау.

2023 жылының жазғы сауықтыру бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы) «Аққайың» бөбекжай балабақшасы

Топ: кіші жас «Балапан »топ

Балалардың жасы: 2 жастан.

Жоспардың құрылу кезеңі: шілде айы, 2023 жыл.

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Шілде

Дене шынықтыру

- негізгі қимыл түрлерін жетілдіру: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау;

- жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық, қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;

- салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және құрдастарымен бірлесіп әрекет етуге дайындау.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.

Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

Спорттық жаттығулар.

Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.

Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Сөйлеуді дамыту

- көрнекілікке сүйенбей айналасындағылардың сөзін түсіну қабілетін дамыту;

- дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту;

- пассивті және белсенді сөздік қорды байыту;

- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

Сөздік қорды қалыптастыру.

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу, балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу.

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Көркем әдебиет

- қолжетімді халық ауыз әдебиеті, көркем әдебиет шығармаларына, театр әлеміне баулу;

- кітаптарға қызығушылықты дамыту;

- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

Сенсорика

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;

- қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;

- түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;

- заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атауды пысықтау.

Қоршаған ортамен таныстыру

- қарым-қатынас барысында бір-бірінің атын атауға, достарының аттарын есте сақтауға баулу;

- аты мен жынысына сәйкес өзін-өзі тануға баулу;

- өзгелерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

- әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі негізінде әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру;

- табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың әсемдігін байқауға үйрету;

- табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (бейтаныс жануарларға жақындамау, оларды сипамау; өсімдіктерді аузына алмау және жұлмау).

- құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етуі және бірлескен ойындарға қатысуы үшін жағдайлар жасау.

Бала, оның отбасы, үйі.

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал етуді пысықтау.

Заттық әлем.

Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу, белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою) орындауға баулуды пысықтау.

Көлік.

Жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыруды пысықтау.

Еңбекке баулу.

Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйретуді пысықтау.

Адамгершілік тәрбиесі.

Дөрекілікке, сараңдыққа теріс көзқарас қалыптастыру; басқа балалармен бірге, келісіп ойнауға, бір-біріне көмектесуге және жетістіктеріне, әдемі ойыншықтарға бірге қуануға баулуды пысықтау.

Табиғат әлемі.

Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, қарды домалату, тасты жинау, қалау) туралы түсініктерді қалыптастыру,

олармен ойнау және эксперимент жасауды пысықтау.

Құрастыру

- заттар туралы түсініктерді, бейнелеу және құрастыру әрекеттерін нақтылау

үшін көру және сипап-сезу (тактилді) зерттеу әдістерін қалыптастыру;

- құрылыс материалдарынан құрастыруға баулу.

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинауды пысықтау.

Сурет салу

- бейнелеу өнеріне шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру.

Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасауды пысықтау.

Мүсіндеу

- материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табуды пысықтау.

Жапсыру

- желімсіз жапсыру техникасын игеру.

Фланелеграфта қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыруды пысықтау.

Музыка

- музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;

- балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу;

- көркемдік қабылдауды дамыту, балаларды бейнелеу өнерінің шығармаларын түсінуге, музыка мен әнді қабылдауға баулу.

Музыкаға деген қызығушылықты ояту, музыка тыңдауға, ән айтуға, қарапайым би қимылдарын орындауға баулуды пысықтау.

Музыка тыңдау.

Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру. Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтауды пысықтау.

Ән айту.

Әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізуді пысықтау.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналауды пысықтау.

2023 жылының жазғы сауықтыру бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы) «Аққайың» бөбекжай балабақшасы

Топ: кіші жас «Балапан »топ

Балалардың жасы: 2 жастан.

Жоспардың құрылу кезеңі: тамыз айы, 2023 жыл.

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Тамыз

Дене шынықтыру

- негізгі қимыл түрлерін жетілдіру: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау;

- жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық, қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;

- салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және құрдастарымен бірлесіп әрекет етуге дайындау.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).

Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

Спорттық жаттығулар.

Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.

Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.

Сөйлеуді дамыту

- көрнекілікке сүйенбей айналасындағылардың сөзін түсіну қабілетін дамыту;

- дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту;

- пассивті және белсенді сөздік қорды байыту;

- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

Сөздік қорды қалыптастыру.

Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолдануға ықпал ету.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу.

Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Көркем әдебиет

- қолжетімді халық ауыз әдебиеті, көркем әдебиет шығармаларына, театр әлеміне баулу;

- кітаптарға қызығушылықты дамыту;

- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамытуды пысықтау.

Сенсорика

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;

- қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;

- түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;

- заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.

Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беруді пысықтау.

Қоршаған ортамен таныстыру

- қарым-қатынас барысында бір-бірінің атын атауға, достарының аттарын есте сақтауға баулу;

- аты мен жынысына сәйкес өзін-өзі тануға баулу;

- өзгелерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

- әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі негізінде әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру;

- табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың әсемдігін байқауға үйрету;

- табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (бейтаныс жануарларға жақындамау, оларды сипамау; өсімдіктерді аузына алмау және жұлмау).

- құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етуі және бірлескен ойындарға қатысуы үшін жағдайлар жасау.

Бала, оның отбасы, үйі.

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету.

Заттық әлем.

Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.

Көлік.

Жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

Еңбекке баулу.

Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) пысықтау.

Адамгершілік тәрбиесі.

Жақын адамдарының жағдайын эмоционалды қабылдай білуге тәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлық таныту). Ата-аналарын сыйлауға баулу.

Табиғат әлемі.

Жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі. Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерін қайталау.

Құрастыру

- заттар туралы түсініктерді, бейнелеу және құрастыру әрекеттерін нақтылау

үшін көру және сипап-сезу (тактилді) зерттеу әдістерін қалыптастыру;

- құрылыс материалдарынан құрастыруға баулу.

Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.

Сурет салу

- бейнелеу өнеріне шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру.

Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.

Мүсіндеу

- материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.

Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға пысықтау.

Жапсыру

- желімсіз жапсыру техникасын игеру.

Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) пысықтау.

Музыка

- музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;

- балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу;

- көркемдік қабылдауды дамыту, балаларды бейнелеу өнерінің шығармаларын түсінуге, музыка мен әнді қабылдауға баулу.

Музыкаға деген қызығушылықты ояту, музыка тыңдауға, ән айтуға, қарапайым би қимылдарын орындауға баулу.

Музыка тыңдау.

Қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай) дыбыстарын тануды пысықтау.

Ән айту.

Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2024
199
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі