400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кіші топ ұйымдастырылған оқу қызмеиі Нұранова Мадинс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілірге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғажайып қыс.

Күні:

Топ: Балапан

Тәрбиеші: Нұранова.М.С

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Ғажайып қыс»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге,  қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін  әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жыл мезгілдерінің, қыстап қалатын құстардың, қысқы киімдердің суреттері, .

Сөздік жұмыс: қыс, қар.


Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар, күн салқын болсада біздің жрегіміз жылы, ендеше жүрегіміздегі жылулығымызды жан-жаққа шашып, жылулық шеңбер құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.



Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық.

Бір жадырап қалайық,

Келіп қалған қонақтарды

Қошеметпе қарсы алайық.



Балалар шеңбер бойында тұрып, өлең шумақтарын қайталайд































Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

-  қардың түсі қандай  ?

- қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде «Ғажайып қыс» деген тақырыпты өтеміз.

Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Жыл мезгілдерін атайық?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз?

- Жаңа жылда бізге кім келеді?

-  не әкеліп береді?

- қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?


- балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?

- сырт киімдерді атайық?


- қар

- аппақ

-қар жұмсақ


- жылдың төрт мезгілі бар

- қыс, көктем, жаз, күз

- қыс мезгілі

-Тәуелсіздік күнін, Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

- Аяз ата келеді

- сыйлық әкеледі

- қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

- жылы киініп жүреміз

- малақай,тон, етік, қолқап, шәлі.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт.

Балалар қараңдаршы мынау не?

шыршаның түбінде ақ қоян жатыр, қанекей бәріміз ақ қоянды қолымызға алып жылытайық, өзі тоңып қалғанға ұқсайды, өзі сыбырлап бірдеме дегендей, құлағымызды тосып тыңдайық.

Сергіту сәті.

Қоян: мен осы шыршаның астында інімде жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп, біраз сендермен бой сергітсем деймін. Бәріміз қоянды ортаға алып сергіту жаттығуын жасайық.

-балалар, қоян сендерге рахмет айтып жатыр. « Маған үйшік жасап беруге енді көмектесендер балалар» - деген ұсыныс айтып тұр.

Үйшік құрастыру; Мақсаты:Көлем және пішіндеріне қарай ажырату,есте сақтау қабілетін дамыту

Балалар , қарандаршы қоянның көніл- күйі көтерліді. Ал сендердінше?

Қоянмен ойын: Көңіл күй

Мақсаты: Балалар суретке қарап, көңіл күйлерін анықтау және ажырата білу.

Көрнекіліктер: Балалардың көңіл күйі бейнеленген суретін көрсету.

Ойын шарты: Тәрбиеші суреттегі бейнеленген түрін балаларға көрсетіп, ажыратады. Мысалы: күлу, ренжу, қуану, жылау.




Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып –ытқып жүгірді,

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

 





балалар қоянға көмектеседі.

 

Рефлексилық – түзетушілік

Балалар сендер бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Сендерге қоян шыршасын безендіріп, бой сергіткені үшін рахметін айтып сыйлық әкеліпті.

-  балалар мәз болып сыйлықтарын алады.



Күтілетін нәтиже:

Білді : қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін

Игерді:  жұмбақтар шешуді, тақпақтар айтуды , ойындарды

Меңгеру:  аққала жасауды, шыршаны безендіруді 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.11.2020
376
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі