Кіші топқа жаңа жылдық ертеңгілік жоспары

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Кіші топқа жаңа жылдық ертеңгілік жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру және шығармашылық қабілеттерін шыңдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

КЕЛІСІЛДІ «БЕКІТІЛДІ»

81 «Әсемгүл» балабақшасы   №81 «Әсемгүл» балабақшасы  

әдіскері М.К.Байжигитова меңгерушісі Ж.С. Маматова

«____»______________2025 жыл. «____»________________2025 жыл.


                 





Тақырыбы: «Шырша жанындағы мереке!»


(«Қоңыраугүл» кіші тобының Жаңа жылға арналған

мерекелік ертеңгілігі)










Тәрбиешілер: Ахын.Ж.Б









«Шырша жанындағы мереке!»



Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өздерін еркін ұстай білуге, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Залдың іші әсем мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен ырғағымен балаларға залға кіреді, отырады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Шырша жанындағы мереке!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Келе жатқан Жаңа жыл сіздерге жақсылық,қуаныш алып келсін! 
Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел, балалар келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Балалар,Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп жатыр екен?

Келіңдер, бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайық.

Аяз ата ,Ақшақар ! (3 рет)

Балалар Аяз ата мен Ақшақар келмей жатыр ғой, барлығымыз бірге: «Аяз ата кел, кел!» әнін орындайық, бәлкім сол кезде Аяз ата мен Ақшақар әнімізді естіп, келіп қалар.

Ән:«Аяз ата кел, кел!»,

Аяз ата, Аяз ата тез, тез кел,

Ақшақарды , Ақшақарды ерте кел.

Келмесеңіз болмайды,

Мына шырша жанбайды.

Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата: Амансыңдар ма, балақайлар? Жаңа жыл құтты болсын! Мен сендердің дауыстарыңды, әндеріңді естіп асыға келдім.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Қарлы боран болса да,

Қорықпаймын, тоңбаймын

Өйткені, немересі Аяз атайдың

Ақшақар сұлу мен боламын.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақшақар. Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер, біздің балалар сіздерді асыға күтті.

Аяз ата, тыңдаңыз
Айтпауға әсте болмай тұр
Шырайлы сұлу шыршаның
Шамдары мүлде жанбай тұр

Аяз Ата: Шыршаларыңыз көңілсіз тұрған сияқты.Барлығымыз сиқырлы сөзімізді айтып шыршаны жағайық:

Шырша,шырша таңырқат!

Шамдарыңды жарқырат!

(шырша шамы жанады)

Аяз ата: Шырша әсем безендірілген екен. Балалардың да киімi қандай әдемі.

Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалардың мерекеге арналған тақпақтары да бар.

Нұржан,Санжар,Айлин,Б.Аиша,Аршат,Азат,Ғабдул-Ғани,Азиза

Аяз ата: Ой,тамаша!

Нұржан:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын!


Санжар:

Төрле,төрле Жаңа Жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

Айлин:

Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде,

Билейміз,ән саламыз.


Б.Аиша:

Тамаша ,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.


Аршат:

Ән айтамыз,би билейміз,

Біз көңілді баламыз.


Азат:

Жаңа Жылда бақшамыз,

Гүлдей болып жайнасын


Ғабдул-Ғани:

Аяз ата қандайсың,

80-дегі шалдайсың.

Өтірік сақал киіп ап,

Неге бізді алдайсың


Азиза:

Келді міне Жаңа Жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді

Аяз ата:Жарайсыңдар,балалар!

Жүргізуші:Бүлдіршіндеріміздің мерекеге арналған «Сылдырмақтар»әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Сылдырмақтар»

Жүргізуші: Аяз Ата ,біздің балаларымыздың мерекеге арналған билері де бар.

Би:«Қояндар»

Жүргізуші: енді бәріміз бірге: «Жаңа жыл» әнін орындайық

Ән: «Жаңа жыл»

Ән салайық қол соғайық,

Жаңа жылды қарсы алайық.

Қайырмасы:

Топ топ басайық ,

Алақанды соғайық.

Топ топ басайық ,

Маңайды шолайық.


Ақшақар:Балалар,менімен бірге ойын ойнағыларың келе ме?

Мынау не балалар?

Қардың түсі қандай?

Келіңдер,ендеше «Қар жинау» ойынын ойнайық.

Ойынның шарты:Шашылған қарларды себетке жинау. (2рет қайталау)

 Балалар сендердің өнерлеріңді тамашалап, көңіліміз бір көтеріліп қалды. Ал, енді Ақшақар қызым балалардың сыйлықтарын таратайық. /сыйлықтарын таратады/

Балалар енді біз қайтайық. Бізді басқа балалар да күтіп отыр.

Жаңа жыл құтты болсын,

Жаңа жыл мол табыс әкелсін.

Денсаулықтарын мықты болсын,

Сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Шырша жанындағы мереке!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі