кіші топтын перспективалық жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

кіші топтын перспективалық жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
кіші топтын перспективалық жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)____________________________________
Топ: кіші жас тобы
Балалардың жасы: 2-3 жас.
Жоспардың құрылу кезеңі: қыркүйек айы, 2022-2023 оқу жылы.



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қыргүйек

Дене шынықтыру

- жалпы дамытушы жаттығуларды қолдану арқылы балалардың денсаулықтарын нығайту: ұлттық ойындар, саусақ ойындары, қимылды ойындар, жалпы шынықтыру процедуралары;

- негізгі қимыл түрлерін дамыту;

- саламатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін және құрдастарымен

бірлескен әрекетке дайындықты қалыптастыру.

- педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру,

қарқынды өзгерте отырып жүру, бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, бағдар бойынша жүру (кілемнің бойымен, жіпке дейін), кедергілерден аттап жүру. Ұзындығы 2,5-2 м, ені 25 см (2 жаста), 20 см (3 жаста) тақтай бойымен жүру, жіптен немесе таяқтан аттап өту;

- бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Мәдени-гигиеналық дағдылар.

- Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

-Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге, ілгектің әр түрлерін қолдана білуді жаттықтыру. Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту. Жолдасының киіміндегі ұқыпсыздықты көруге және оған өз көмегін ұсынуды үйрету.

- Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту.

- Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

- Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру.

- Жуыну туралы қысқа өлеңдерді немесе тақпақтарды үйрету, оларды ересектермен немесе өз бетінше қайталау.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

1) балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларының

үйлесімділігімен шынықтыру;

2) сумен шынықтыруда ұсақ тастары бар ванна қолданылады. Су температурасы +

30°С градустан +18°С, +16°С -қа дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады.

Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.

Спорттық жаттығулар:

1) шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғанатуы; шанаға отырғызып,

төбешіктен сырғанату, шананы жіппен сүйрету, баланың ойыншығын шанамен сырғанатуы;

2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және өз бетімен рөлді басқару;

3) мұз жолдармен сырғанау: ересектер балалардың қолынан жетелеп сырғанатуы.

Сөйлеуді дамыту

- дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;

- халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу;

- пассивті және белсенді сөздік қорын байыту;

- балалардың түрлі әрекеттердегі ауызша және байланыстыра сөйлеуін дамыту.

- айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді;

Көркем әдебиет

- ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға;

- тақпақтардың интонациясын қабылдауды;

Сенсорика

- заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен

үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;

- көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;

Қоршаған ортамен таныстыру

- тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көгөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

Құрастыру

- құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруды үйрету;

- әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш,

пластмасса құрылыс материалдары;

- материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел

үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр);

Сурет салу

1) балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. Балалардың

көркемдік қабылдауларын дамыту;

Мүсіндеу

1) балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;

Жапсыру

- фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру;

Музыка

Музыка тыңдау:

1) музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;

Ән айту:

1) ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Келесі дағдыларды қалыптастыру:

1) музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;

2) пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту (қатты-баяу);


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2025
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі