400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кісілік пен кішілікке үлгі болған атам жайлы..

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдер мен оқушыларға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кісілік пен кішілікке үлгі болған атам жайлы бір үзік сыр.

Ұстаз - ұлағатты ұғым.
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі -Ұстаз. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

«Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Менің атам Әбілдікұлы Бисенғали 45 жыл математика мұғалімі болған ардагер ұстаз. Атам 1937 жылы Долгиде туылды. Атырау ( Гурьев) ПИ-ның математика факультетін бітірген. Жармыш орта мектебінде 10 жыл оқу ісінің меңгерушісі, 1969 жылдан бастап Жанғабылов ( Тұщықұдық) мектебінде 8 жыл, Онды орта мектебінде 10 жыл директор қызметін атқарған. Облыс және аудан оқу бөлімі мақтау қағаздары, 1973 жылы «Соцолист жеңімпазы», «Ағарту ісі озаты», «Ауданның Құрметті азаматы», «Маңғыстау мұнайына 50 жыл, Ақтау қаласына 40 жыл» төс белгілерімен марапатталған ардагер ұстаз.

Ол кісі әр кез менің ұстаздық болмысымның қалыптасуына дем беріп, менің өміріммен педагогикалық өмірімді ұштастырған тірегім еді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші ұстаз атамнан алған тәлім тәрбие, әжемнен алған өнеге – бәрі де менің ұстаздық болмысымның нық қалыптасуына үлкен үлесін қосты деп ойлаймын. Балалық шағымнан менің үлгі тұтатын адамым - атам. Ол кісіге қарап мұғалім болуды армандадым және сол арманыма бүгінде қол жеткіздім. Қай жерде жүрсемде атам аты аталса, ол кісінің еңбегін бағалайтын, елең етпейтін адам жоқ екенін біліп мақтанамын . Ал менің жадымда атам бала жастан жаныма - жалау, өміріме - сүйеніш бола білген, азаматтық қалыптасуыма зор ықпалын тигізген үлкен дос болып қала береді.


Немересін артық көрген баладан,

Үйренейік Ата сынды данадан.

Олар білген жайлар бізге тым керек,

Оқыған ғой оның бәрін даладан.

Жүрсің,Ата, мәртебеңді түсірмей.

Бақытты бол әжемменен,жан Ата,

Қартаймаңдар 100-ге жетіп ғұмырлар,

Жүріңдерші ақыл нұрын тарата,- дей келе шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелерінің абыздай ардақты атасы сізді 80- жас мерей тойынызбен шын жүректен құттықтаймыз. Атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын деп тілейміз.

Біз сізді мақтан тұтамыз, жан аташым!





Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылы


Немереңіз Әбілдікова Индира Қаршығақызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі