400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кішіпейілділікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:28.01.19.

Мектеп: №8 ЖББ орта мектеп.

Сыныбы:2А.

Сынып жетекшісі: Кенжебай Ж.Ә.

Әдіскер: .........

Машықкер: ..................

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Әдептілік ережелері.«Кішіпейілділікке тәрбиелеу!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: оқушыларды кішіпейлділікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.

Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз – өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.

Сабақтың типі: өнеге сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ – жауап, ой бөлісу.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер, нақыл сөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздерме, балалар!
Бүгінгі сынып сағатына сендерге мен беремін. 

Психологиялық дайындық:

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

ІІ. Жаңа сабақ: 

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі. Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Мысалы: уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді. Онымен басқа адамдар қарым – қатынас жасаудан қалады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады. Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен кісіге орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн. Ол әдептіліктің белгісі болып табылады. Үйде әжелерің, аталарың «Үлкенді сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес» деп үйретіп отырады. Міне, осы ереженің бәрін ұстап, бұзбай жүрген бала – нағыз әдепті бала. Егде және сырқат адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен ауыр жүк көтеріп келіп жатқан адамдарға жол беру қажет. Міне осының барлығы әдептілік ережелері.

Әдептілік сөзіне Ассоциация құру.

Ойын «Жалғастыр»

«Не істеуге болмайды?» Мұғалім басқы сөзін айтады, оқуы ойланып жалғастырып айтуы керек.

----- Үлкендердің алдынан .......... (кесіп өтуге болмайды)

----- Кішкене баланы .............. (жылатуға болмайды)

----- Құстарды ....................(атуға болмайды)

----- Қыз баланы ............... (ренжітуге болмайды)

----- Сабақтан ................. (кешігуге болмайды)

----- Сыныпта ...................(айғайлауға болмайды)

«Не істеу керек?»

----- Үлкен кісіні ............... (сыйлау керек)

----- Үлкеннің тілін .............(алу керек)

----- Үлкендерге ....................(сәлем беру керек)

----- Кішілерге ...................... (қамқор болу керек)

----- Оқу құралдарын ...................(күтіп ұстау керек)

----- Тәртіпті ..........................(болу керек)

Әдептілік дегеніміз не? Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей – ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі. Бір – бірімізне кешірімді болу керек, ол да – әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез – құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

Әдептілік жайлы мақал – мәтелдер айту.

1.Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала.

2.Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені.

3.Ашу – дұшпан, ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос.

4.Сіз деген – әдеп, Біз деген көмек.

5.Кішіден ізет- үлкеннен құрмет.

6.Әдепті бала ата – анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.

7.Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп, Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Сұрақ – жауап: «Сен маған, мен саған»

1.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

3.Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

4.Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?

5.Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Сәлемдесу – ізеттілік қағидасы. Ал ізеттіліктен әдептілік туындайды. Ол адамдардың мейірбандық белгісі.

1.Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? Дауыстап сәлем беру, қол алысып амандасу, иіліп сәлем беру, алыстан қол көтеріп амандасу, қас – қабақпен, қимыл, іс-әрекеттермен, ыммен сәлем, ізет көрсету.

2.Амандасу үшін айтылатын сөз: сәлеметсіз бе, ассалаумағалейкум, қайырлы таң, қайырлы күн, кеш жарық.

3.Кім бірінші амандасады? Үлкендермен жастар бірінші болып амандасады.

4. «Сәлем» деп кімдерге айтқан жөн? Тең қатар құрбыларға, жолдастарға.

5.Қол беріп амандасу кімге тән? Ер адамдарға, үлкен кісілерге.

6.Алыста кетіп бара жатқан адамдармен қалай амандасу керек? «Сәлеметсіз бе» деп айқайлаудың қажеті жоқ, ол сені көрсе, басыңды иіп амандас. Түйін: «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені» дегендей, халқымыз адамгершіліктің басты қағидасы ретінде, амандасу ережелерін қояды. Достығына, жаттығына қарамастан сәлем береді, амандасу-адамдық парыз, борыш деп саналады.

Әдептілік ережелері:

  • Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.

  • Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.

  • Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.

  • Үлендерді, ауру адамдарды, көзі көрмейтін адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

ІІІ. Қорытынды 

-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптрды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік. Ақыл, сана, біліммен, Өнеріме сенемін. Арым таза, ақ көңіл, Адалдыққа сенемін. Абыройлы ақ ниет Адамдыққа сенемін! – дей келе, адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен де әдемі. Сендердің де әдепті оқушы болып өсетіндеріңе сенемін. Осымен тәрбие сабағымыз аяқталды.

Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі