Кішкентай археологтар мен зерттеушілер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кішкентай археологтар мен зерттеушілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың археолог және зеріттеуші ғылыми мамандықтар туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; -Қазба жұмыстары арқылы зерттеу, салыстыру, қортынды жасау дағдыларын дамыту. -Ежелгі жаруарлар –динозаврлар туралы білімін кеңейту. -Жасанды интеллект көмегімен (мультфильм көру, сұрақ қою) үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Кішкентай археологтар мен зерттеушілер әлемі»

Мақсаты:

- Балалардың археолог және зеріттеуші ғылыми мамандықтар туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

-Қазба жұмыстары арқылы зерттеу, салыстыру, қортынды жасау дағдыларын дамыту.

-Ежелгі жаруарлар –динозаврлар туралы білімін кеңейту.

-Жасанды интеллект көмегімен (мультфильм көру, сұрақ қою) үйрету.

Көрнекіліктер:

- «Жасанды интеллект» бейне материалы (қысқа мультфильм)

- Қазба жұмысына арналған қорап (құм, щетка, пинцет)

- Пластикалық динозавр сүйектері немесе модельдері

- Карта, лупа, дәптер

-Зерттханалық құралдар

-Мамандардың бейнесі (археолог пен зерттеушілерді) бейне жазбадан көрсету.

. Ұйымдастыру кезеңі:

- Жасанды интеллект арқылы арнайы мультфильм көрсету: динозаврлар өмірі мен олардың жойылуы жайлы түсінік береді.

- Мультфильмнен кейін сұрақ-жауап: «Не көрдіңдер?», балалардың жауабы

Тәрбиеші балаларды археологиялық- зерттеушілік экспедицияға шақырады.

Тәрбиеші балаларды қазба жұмыстарына шақырады және сол қазба жұмыстары мен зерттеушілік жұмыстарын қандай мамандықтар атқаратыны жайлы айтып өтті .«Археологтар –зеріттеушілер мен» таныстырады.



Негізгі бөлім:

Қазба алаңымен таныстыру

Тәрбиеші балаларды құм салынған алаңға алып келеді.

Тәрбиеші:– Балалар, бүгін біз нағыз археологтар-зеріттеушілер сияқты жұмыс жасаймыз. Мына құмның астында ежелгі дәуірде өмір сүрген алып жануардың – динозаврдың сүйектері жасырылған. Біз оларды табуымыз керек!

Балалар қызығушылықпен құм алаңына жақындайды. Балалар құмды жайлап қазуды бастайды.

Біреуі сүйектің ұшын көреді.

Мынау бірдеңе сияқты!

Сүйек шығар!

-Жұмыртқа

жұмыртқа зерттханаға жіберледі.

Тәрбиеші:

Өте жақсы! Енді щеткамен ақырын тазалаймыз. Мына жерде үлкен сүйек көрініп тұр, бұны қатты тартпаймыз. Балалар сүйектерді бір жерге жинайды, әр сүйектің пішініне назар аудартады.

Тәрбиеші: – Бас сүйегіне қараңдаршы, тістері қандай! Ол қандай жануарға ұқсайды?

Тәрбиеші сүйекті үлкейткішпен қарап көруді ұсынады.

Тапсырма:

Балалар табылған сүйектерді схемаға қарап сәйкестендіреді.

Қай сүйек қай жерде орналасатынын ойланып, бірге құрастырады.

Балалар бірге жұмыс жасап, динозаврдың толық қаңқасын құрастырады.

Тапқан сүйектерді зертханалық жұмысқа жібереді.

  1. Мұзға қатып қалған динозавр ойыншықтарын жылы су, тұз, қасық көмегімен ерті.

  2. Әртүрлі материалдан жасалған жұмыртқа. Балалар жұмыртқаның ішінде не барын зерттейді, жарып көрсетеді, сипап сипаттайды.

  3. «Сүйектерді жинау» Балаллар табылған сүйекті лупамен қарайды. Табылған сүйектерді бір-бірімен салыстырып, қандай динозавырға тиесілі екенін болжайды.







Жанартаудың атқылауы

Балалар үстелдегі дайын макетке назар аударады (вулкан).

Тәрбиеші: «Ежелгі заманда мұнда жанартау болған. Қазір біз оның қалай атқылайтынын көретін боламыз!»

Тәрбиеші сода, бояғыш пен лимон қышқылы араластырып, вулканның атқылауын көрсетеді.

Балалар: Не байқадың? Қандай дыбыс шықты?

Бұл құбылыс қалай аталады? – деген сұрақтарға жауап береді.

Қорытынды:

Жұмысты қорытындылау – Археологтар есебі

Балалар айнала отырып, өз тапқандарын талқылайды.

Сұрақтар:

Бүгін не таптық?

Қандай құралдар қолдандық?

Қазба жұмысында не маңызды?

Балалар:

Абайлап қазу керек

Сүйектерді сындырмау керек

Барлығын бірге істесек, тез табылады

- «Сен болашақта археолог болғың келе ме?» деген сұрақ арқылы рефлексия

Жанартау – табиғат құбылысы, ол ежелгі тіршіліктің өзгеруіне себеп болған.

Күтілетін нәтиже:

- Балалар археолог жұмысының маңыздылығын түсінеді

- Қазба жұмыстары мен динозаврлар туралы танымы артады

-

- Жасанды интеллект (мультфильм) арқылы визуалды ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды

2. Балалардың пікірін тыңдау (рефлексия):

- «Саған бүгінгі жұмыс ұнады ма?»

- «Қандай жаңа нәрсе үйрендің?»

- «Кім болашақта археолог болғысы келеді?»

Балалар эмоцияларын смайликтер, карточкалар немесе қол көтеру арқылы білдіреді.

3. Педагогтің қорытынды сөзі:

«Кішкентай зерттеушілер мен археологтар әлемі» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекеттің қортындылау барысында балалар зерттеуші мен археолог мамандықтарының ерекшеліктерімен танысып, қазба жұмыстарының маңызын түсінді. Жасанды интеллект арқылы мультфильм көру, сүйек қалдықтарын іздеу, тәжірибе жасау сияқты әрекеттер балалардың қызығушылығын арттырып, зерттеушілік қабілеттерін дамытты. Бұл іс-шара балалардың логикалық ойлауын, байқағыштығын, танымдық белсенділігін оятуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, командалық жұмыс, шығармашылық және жауапкершілік дағдылары қалыптасты. Алынған білім мен тәжірибе болашақта ғылым мен тарихқа деген қызығушылықты арттыруға негіз болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі