жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Кішкентай ару сайысы
Кішкентай ару сайысы
Тақырыбы: Кішкентай ару
Мақсаты: болашақ арулардың бойына қазақы тәрбиені бойына сіңіру, «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің жан - жақты сұлулықтың белгісі екенін түсіндіру
Барысы:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Жер Анаға тіршілік нәрін себер, көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбатты мейрам келіп жетті. Барша аналарға, аруларға ілтипатымызды білдіре отырып осынау төл мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз. Бүгін сіздерге «Кішкентай арулар» байқауын тарту етеміз.
Қыз емес, қыздың өзі алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдып басып,
Келеді міне, ортаға толқып - тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
Жүргізуші: (Қыздарды таныстырып ортаға шақырады).
1. Ай секілді өзі де,
Сыңғыр – сыңғыр сөзі де.
Назерке деген арудың
Әдемі ғой көзі де.
2. Қуантады білімімен бізді Эльнара
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз
Білімің серік болсын талабыңа
Бүгіні қабыл болсын тілегіміз.
3. Атыңнан
айналайын Гауһар деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған
деген.
4. Білімді оқу озаты
сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Томирис алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
5. 4 - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Кәмила өнерлі
қызымыз.
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән
салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық
1. Оқу ісі меңгерушісі Карагатеева Алтын Сағатқызы
2. Қазақ тілі және қазақ әдебиет мұғалімі Смаилова Айгуль Жұмабайқызы
3. Аға тәлімгер Бейсекеева Гулимжан Сейілханқызы
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, сайыстың
атқаратын міндеттері мен таныстырып
өтейін.
1. Өздерін
таныстыру.
2.
«Білгенге
маржан» Сұрақ -
жауап.
3 « Үй жұмысы- салт дәстүр көрсету»
4. «Шебердің қолы ортақ»
5. «Смайлики»
6. Сән үлгісін көрсету.
7. Арулардың өз өнерлерін көрсетуі.
Жүргізуші:
Кішкентай арулар келіп жетті танысуға
Бойындаға бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
1 - кезең. Өздерін таныстыру
1 - ару.
2 - ару.
3 - ару.
4 - ару
5 - аруТомириспін, Томимын
Еркесімін әкемнің
Ән айтуға келгенде
Алдымда жан салмаймын.
«Қыз сынында» бағымды
Сынауға келіп тұрмын.
Көшеметтеп Томиді
Қаттырақ қол соғыңдар!
Өнерім көкке өрлесін!
2 - кезең.
«Білгенге маржан»
Жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.
Үлкенді сыйлау ұққанға соның бірі,
Зерделі ой зейінді қызды сынар,- сұрақ - жауап сайысы.
Сұрақтар:
1. Дүниеде ең тәтті, ең жұмсақ не?
2. Көктемнің қай айында аналарымыздың мерекесі
болады?
3. Әлемдегі ең аяулы, ең сұлу,
ең мейірімді жандар деп кімді атаймыз?
4. Өнімі жердің астында өсетін көкеністерді атаңдар? (картоп, сәбіз, қызылша, сарымсақ,
пияз)
5. Қызыл Телпекті бәрінен көп кім жақсы көрді?
6. Анаң сені үйде не деп
еркелетеді?
7.Төрт түлік малды ата
?
8. Қасиетті тағам
(нан)
9. Золушка Ханзаданың кешінде нені жоғалты? (хрустальді туфли)
10. Ең киелі құс (аққу)
3 - кезең. « Үй жұмысы- салт - дәстүр көрсету»
Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - дей келе аруларымыздың өнерімен танысайық.(Кішкентай арулар аналарымен бірге салт – дәстүр көрсетеді!)
4 - кезең. «Шебердің қолы ортақ»
жүргізуші:
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан - Қатысушы екі қолына бір – бірден фломастерді алып, сол қолымен ағашты, оң қолымен гүлді салады.
(Қыздар жұмыстарын аяқтағанша дайындық оқушылары аналарына тақпақ айтып береді)
1 - оқушы:
Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
2 - оқушы:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
3 - оқушы:
Айналайын, анашым,
Жұмысына барасың.
Қайтып мені көргенше
Шын сағынып қаласың
4 - оқушы:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз
5 - оқушы:
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
6 - оқушы:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Анаға сыйлаймыз.
5 - кезең. «Смайлики»
-
Алаңсыз күліп тұр
-
Құлықпен күліп тұр
-
Таңқалып күліп тұр
-
Ризашылықпен күліп тұр
-
Марқайып күліп тұр
Суреттегі әр кімнің көңіл -күйін көрсету.
6 - кезең «Сән үлгісін көрсету»
Жүргізуші:
Сымбатына сән киім
жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне өзі сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қарасасың!
Ал, халайық ықыласпен демейік
Арулардың сән үлгісін көрейік
Сыры менен сымбатына көз тоймай,
Әділдікпен бағаларын берейік!
Қыздар дайын болғанша дайындық тобының оқушыларының орындауында
Би « »
Кішкентай арулар музыка әуенімен сән үлгілерін көрсетеді.
Мың бұралып билеген,
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға,
Кімдер басын имеген – деп өлең жолдары жырлағандай байқау ережесі
бойынша кезекті «Өз өнерін көрсету» сынағына
береміз.
8 – кезең
Жайдары жазық маңдай,
Үнінен наз ұққандай.
Қазақтың арулар – ай,
Ибалы, нәзік қандай
Қорытынды: Сіздер бүгін
аруларымыздың өнерлі екенін көрдіңіздер.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпазға
«Көктем
Аруы» -
атағы беріліп, аруларға мадақтама және сыйлықтар
ұсынылады.
«Жүзден-жүйрік» күшімен
«Мыңнан-тұлпар» шықты шын.
Арулардың ішінен
Шыққан ару мықтысың!
V. Марапаттау.
«Көктем
Аруы»-
«Білімді Ару»
-
«Өнерлі
Ару»
«Сәнғой
Ару»
«Іскерлі
Ару»
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару
қыздарымызға рахмет айтамыз.
Мерекелеріңіз
құтты болсын!
Балалар
аналарына мерекелік ашық
хаттарын сыйлайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген