Мағынаны
тану кезеңі.
Сабақтың
ортасы
15
мин
|
Әңгіме
оқу: Кішкентай
бағбан. (Балаларды
шеңбер бойымен кілемге отырғызып
алу).
Садықтың
әкесі –Бағбан. Садық оған ылғи
көмектесіп жүреді. Қар кетіп , жер
дегдісімен әкесі мен баласы бақта
құмырсқаша қыбырлып, еңбек етті.
Бір
күні Қалел жүгіріп келіп:
-Кеттік,
Садық, ойынға,-деді.
-Менің
жұмысым көп,- деп жауап берді Садық
оған.
-Жұмыс
деген немене тәйірі!
Әкең
бәрін істейді ғой. Ойнаған қызық емес
пе?!
Қалел
ойыншықтарының бірінен кейін бірін
алып, көрсете бастады. Садық ойнағысы
келіп кетсе де, өзін-өзі басып, жұмысын
жалғастыра берді. Күз де келді. Бақта
жеміс-жидектің сан алуан түрі
өсіп-жетілді.
Садықтың
өзі де қарық болды, досын да барынша
сыйлады.
Қалел
тойып алып:
-Бәрін
де түк қалдырмай жеп қоямыз,-деді.
-Қалады,-деп жауап
берді Садық.
-Әкем „Кім ойынға
елікпей еңбек етсе, жер соны қарық
қылады„ деген.
-Бағбан деген
кім?
-Жаңа
сөзді,„Телефон„
ойыны арқылы
қайталату. Шарты:
„Бағбан„ сөзін
шеңбер бойымен бір-бірінің құлағына
сыбырлау арқылы, ең соңғы баладан
қандай сөз естігендігін сұрау.
„Ғ„ дыбысына
жаттығу орындау.
Бағ-бағ-бағ-бағбан
Бұғ-бұғ-бұғ-бұғы
Қағ-қағ-қағ-қағаз
Сұрақтар:
-Әңгіме қалай
аталады?
-Неге ол „Үлкен
бағбан„ деп аталмаған?
-Садық қандай
бала?
-Ол не егеді екен?
Сергіту
жаттығуы:
Гүл
өсірсең терлеп,
Мұның
аты-еңбек,
Кесте
тіксең зерлеп,
Оның
таы-еңбек.
Қырға
шықсаң өрлеп,
Оның
таы-еңбек.
Қиындықтың
бәрін,
Еңбек
қана жеңбек. (Н.Жанаев)
Дидактикалық
ойын:
„Жемістер
мен көкөністерді ажыратып, себеттерге
орналастыр„
Мақсаты:
Көкөністер мен жемістерді ажырата
білу.
Ойын шарты: тіл
дамыту дәптерімен
орындалады.
Суреттегі
жемістерді бір бөлек, көкөністерді
бір бөлек себетке топтау.
-Әңгімеміздің
жалғасына оралайық, бір күні оған кім
келді, ойнайықшы деп?
-Халел қандай
бала екен?
-Ал
Халелдің ол ісі дұрыс па?
-Ал
Садықтың іс-әрекеті сендерге ұнады
ма? Неліктен?
-Әңгіме
соңында қалай аяқталды?
Мақал-мәтелдің
мағынасын түсіндіру:
Еңбек
етсең ерінбей
Тояды
қарның тіленбей.
Жалпылама
хор күйінде жаттату.
|
Балалар
әңгімені мұқият тыңдауға тырысады.
-Бағбан
деп-бақша егетін адамды атайды.
Балалар
ойынды қызыға ойнайды.
Дыбысқа
арналған жаттығуды орындайды.
-Кішкентай
бағбан. Өйткені кішкентай бала жайында
айтылған.
-Садық-еңбекқор
бала.
-Ол
бақта көкөністер егеді.
Сергіту
жаттығуын қимылмен жасау.
Дәптермен
жұмыс жасайды.
-Оған
Халел келді.
-Халел
жалқау бала екен.
Өз
ойларын айтады.
қайталау
арқылы, жаттап алуға тырысу.
|