400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кішкентай баланың басынан өткендері немесе Бала құқығы Декларациясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшага арналған, бала қауіпсіздігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Кішкентай баланың басынан өткендері немесе Бала құқығы Декларациясы»

Мақсаты: балаларға құқық туралы түсінік беру, достыққа,мейірімділікке ойын арқылы тәрбиелеу,ой

өрісін дамыту.


Тәрбиеші: Балалар,біз бүгін өзімізге таныс « Қызыл телпек» ертегісін тамашалаймыз! Бірақ бұл ертегі

сәл өзгешелеу,кәне тамашалайық!

Анасы:Қызылтелпек қызым келдің бе? Мен сені күні бойы күтіп отырмын,қалың қалай,не өттіңдер?

Қызылтелпек: Бүгін біз құқық туралы сабақ өттік,анашым.әрбір бала қуанышпен өмір сүруге,ойнап күлуге құқылы» Балабақшада тәрбиеленіп,мектепке білім алуға барлық балалар құқылы! Әрбір бала өз құқығы туралы білуі керек! Сондықтан да мен мектептен жақсы білім алуға тырысамын,мына кітапты көп оқып өз құқығым туралы білемін!

Анасы:Дұрыс айтасың,қызым, мен сенімен келісемін,көп оқысаң көп білетін боласың!Сен оқи бер,ал мен әжеңе барып келейін, ауырып қалған екен,мына күлшелерді апарып,жағдайын біліп қайтайын.

Қызылтелпек:Анашым, сіз демалыңыз, мына журналды сізге әкелдім, оқыңыз!

Анасына газет журнал береді. Ал сүйікті әжеме өзім барып келемін, күлшелерді өзім апарып беремін.Жол бойы құқық туралы кітабымды оқып,білімімді тереңдетейін,сөйтіп ертең бес алуға тырысайын!

Анасы Қызылтелпекке күлшелерді беріп, қол бұлғап қалады: Қызылтелпектің алдынан құмырсқа шығады:

Қызылтелпек:Қайырлы күн құмырсқа!

Таң атпай еңбектеніп жатырсың, отырып дем ал!

Қалың қалай айтшы?

Құмырсқа: Еңбек еткен құмырсқа,

Жалығуды білмейді.
Қор жинайды қамбаға,

Текке жортып жүрмейді!

Еңбекққор құмырсқа,

Жалқаулықты сүймейді.

Құрт-қоңызға ақыл айтып,

Сен де дәнді жи дейді!

Енбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей

Қызылтелпек кітабын ашып оқиды: Барлық тірі жан еңбек етуге құқылы!

Дұрыс айтасың,құмырсқа,еңбек ету пайдалы!Мені әжем күтіп қалды,кетейін.Ал сені кешке қонаққа шақырамын!

Әуендетіп құмырсқа шығып кетеді,Қызылтелпек келе жатып бақаны көреді.

Қызылтелпек: Мына дауыс кімнің дауысы? Бақаға қарап а-а-а бұл біздің жасыл досымыз-бақа екен ғой.

Бақа: Балалар мені ренжітеді,

Көлге қоқыс тастайды!

Мені ұстап ала жаздады!

Банкінің ішінен сала жаздады»

Бір бала ортаға келеді

Бала: Сәлеметсіңдер ме?

Қызылтелпек:Балақай,сен бақаны ренжіткен балаларды көрдің бе?

Бала: Мен табиғатты сүйемін! Құстар мен жан-жануарларды ренжітпеймін!

Менің мақсатым барлық жан-жануарларға көмектесу, достарды қиын жағдайда тастамау!

Қызылтелпек: Жарайсың, балақай! Ал, бақаны ренжіткендерді көрсең, Басқа жанды ренжітетін құқық жоқ екенін айт! Мен кешке сендерді қонаққа шақырамын, күлшелермен шәй ішеміз.Келіңдер, кездескенше !

(Қызылтелпек әуендетіп келе жатады, алдында коляскада көжегі бар Ана-қоян шығады.)

Қызылтелпек:Қайырлы күн! Балаңызға не болды?

Ана-қоян: Кішкентай көжегім аурып қалды. Дәрігерге бара жатырмыз!

Қызылтелпек: Сіз қайғырмаңыз,мен сіздерді дәрігерге апарайын!

Әуендетіп Айболитке келеді

Айболит:Мен- Айболит дәрігер боламын. Қане көжегіңіздің қай жері ауырады?

Айтыңыз!

Ана-қоян: Менің аңқау көжегім ойнап жүріп ,саусақтарын кесіп алды,көжегім ауырып,ақсаңдап қалды,көжегім менің Жылайды

Айболит: Қайғырма,әкел көжегіңді!Оның саусақтарын емдейміз.

Көжектің аяғын емдейді.Енді ол секіреді де , билейді де

Айболит: Емделуге барлығымыздың құқығымыз бар.Бірінші байлық-денсаулық.Біріншіден денсаулығымызды сақтайық.

(Қызылтелпек жолмен жүріп келеді ,алдынан қасқыр шығады ол балаларға қарап)

Қызылтелпек:Балалар көшеге ешқашанда жалғыз шықпаңдар! Сендерді ұрлап әкетуі мүмкін,-дейді

Қасқыр:Қызылтелпек,сұлу қыз! Қайда барасың?

Қызылтелпек:Әжеме барамын! Мен асығыспын, жолдан былай тұр!

Қасқыр:Мен сені жібере салады дейсің бе? Ақымағым, ха-ха-ха!

Мені күлдірмеші, бәрібір жол бермеймін!

Мен сені жеп, қарным тоқ боп жүрмеймін бе?

Мен- ашулы, сұр қасқырмын ғой!

Қызылтелпек:Сен асықпа, сұр қасқыр (кітабын ашып)

Мен өз құқығымды білемін!

Мені ренжітпе!

Қасқыр: Ал әкел кітабыңды! Оқып көрейін
1 Егер ақылды болғың келсе,үлкендерді сыйлау керек!

2 Достарды өкпелетіп,кішіні ренжітпеу керек

Бұл құқықтарды әркім білу керек.

Қасқыр желкесін қасып ойланып қалды.

Қызылтелпек:Ал,қасқыр жауап бер! Түсіндің бе, әлде жоқ па?

Қасқыр:Мен бұл құқықтарды түсіндім,енді ешкімге тиіспеймін,ешкімді ренжітпеймін.

Қызылтелпек:Ал, қымбатты қасқырым, енді сен ормандағы жануарларға қорғаушы боларсың!

Қасқыр:Мен өзім шештім,ормандағы қорғаушы мен боламын.Ормандағы барлық жануарлар тату-тәтті өмір сүріп,бір-бірімізге сәлем беріп жүретін боламыз!

Қызылтелпек:Рахмет,қасқыр,мен сені мақтан етем, барлық жерде айтып жүремін,

сенде кешке біздің үйге қонаққа кел.

Қасқыр шығып кетеді,Қызылтелпек жүріп келеді,әжесінің үйіне жақындайды,қоңырау соғады,әжесі үйінен шығады.

Әже:Қалайсың кызыл телпегім?Сені көргеніме қуаныштымын

Қызылтелпек:Жолда ұзақ жүрдім, талай достарымды жолықтырдым әжетай саған тәтті күлшелер әкелдім көңілді болсын деп достарымды қонаққа шақырдым.

Әжесі:Рахмет саған сүйікті немерем сенің достарың келгенше кітап оқи тұрайық.

Қызылтелпек:Бұл кітап балаларға да үлкендерге де өте қызық және қажет.

Құқық туралы барлығымыз білуіміз қажет:

Қане қызым кітапты ашшы не жазыпты?

Қызылтелпек: әр адам өз құқығын білуі қажет.Менің достарым бақа мен қасқыр өз құқықтарын біледі.

Әже:Біреулердің дауысы естіледі қонақтар келіп қалды ғой деймін.

Қызылтелпек:Төрлетіңдер,достарым,сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Әже:Барлықтарыңа рахмет! Дастарханға жайғасайық.

Қызылтелпек:Қане достарым алдымен құқық туралы тағы бір қайталайық.

Бәріміз мықты дос болдық!

Бір жанұя болдық!

Бір-бірімізге арқау болайық!

Қасқыр:Әр баланың құқығы бар оны бәрі біледі,күніміз жарқын болсын

Әже:Бәріміз шеңберге тұрып құқық туралы айтайық

Бәрі: Атыңызға құқық бар!

Емделуге құқық бар!

Демалуға құқық бар!

Білім алуға құқық бар!

Еңбек етуге құқық бар!

Мұның бәрін біліп ал!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі