«Кішкентай
білгірлер» зияткерлік сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным
белсенділіктерін арттыру. Пәндерге қатысты сұрақтарға мәдени түрде
жауап беру, қарым – қатынасты дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға
жетелеу және пәндерге деген қызығушылықтарын
ояту.
Қатысушылар: 1 «А», 1
«Ә».
Сайыстың
барысы:
Жүргізуші: – Сәлеметсіздер ме ұстаздар мен оқушылар!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады,
білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгін
біздің мектебімізде 1 - класс оқушылары арасында
Бастауыш сынып
онкүндігіне орайластыра өткізгелі отырған «Кішкентай
білгірлер - 2017» зияткерлік сайысына қош
келдіңіздер!
ӘН:
«Оқуда озат
боламын» Орындайтын: Жеткербай
Данияр.
Осындай озат оқушылардың
тобынан құралған топтарды ортаға
шақырайық.
«Алғырлар» тобы және
«Білгірлер»
тобы.
Мұғалім:
Сайыста бақсыналар,
бапсыналар,
Бас жүлдені білімді,
тапқыралар.
Кім білімді, кім тапқыр шешу
қиын,
Қазылар алқасы болма санық сыналар, —
дегендей, кезкелген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін
ажырататын – қазылар алқасы. Ендеше әділ қазыларымызды сайлап
алайық.
1.
2.
3.
- Енді сайысымыздың шарттарымен таныс
болыңыздар:
1.Таныстыру.
2. «Кім жылдам?» / сұрақтарға
жылдам жауап беру /
3. «Сәйкесін
тап»
3. Жұмбақ ойдың азығы.
/Жұмбақты шешіп, жауабын екі тілде айту/
4. Логикалық есептер
геометриялық фигуралардан суреттер
құрастыру.
5. «Таңдайық та, табайық»
әріптерден сөз жарыстыру.
Жүргізуші:
Әрқашан білімнен
қашпаймыз,
Білімсіз шуақ нұр
шашпаймыз.
"Кішкентай зияткер”
атанып,
Ал енді сайысты
бастаймыз.
Ұрпақсыз мына өмірде кім
түледі?
Жақсы ұрпақ – еліміздің шын
тірегі.
Ортаға шығып таныстырсын
өздерін,
Білімді ұрпақ елімнің
жас түлегі, — деп оқушылар өздерін
таныстырсын.
«Кім
жылдам»
1-топқа.
1.Қазақ алфавитінде неше әріп
бар? / 42 /
2.Әріпті не істейміз?
/көреміз, жазамыз /
3.Дыбыстар нешеге бөлінеді? /
2/
4.Кедергіге ұшырайтын дыбыстар
қалай аталады? / дауыссыз/
5.Құмыра сөзінде неше буын бар
? / 3 /
6. Бір таңбалы сандар неше
цифрмен жазылады? / 1 цифрмен/
7. 25 неше таңбалы сан? / 2
таңбалы /
8. 18 санында неше ондық
нешебірлік бар? / 1 ондық, 8 бірлік /
9. Халқымыз ерте заманда неде
тұрған? / киіз үйде/
10.Қауіпсіздікті сақтауға
көмектесетін не? / бағдаршам/
2-топқа.
-
Ағылшын тілінде неше әріп бар?
/25 /
-
Дыбыстарды не істейміз? /
естейміз, айтамыз /
-
Буынды не арқылы табамыз? /
дауысты дыбыс арқылы/
-
Кедергіге ұшырамайтын дыбыстар
қалай аталады? / дауысты /
-
Бағдаршам сөзінде неше буын
бар ? / 3 /
-
Екі таңбалы сандар неше
цифрмен жазылады? / 2 /
-
Дауыссыз дыбыстан кейін келсе
дауысты болатын қай дыбыс? / У /
-
Ұзындықты немен өлшейміз? / см
/
-
Қосуға кері амал ? / азайту
/
-
1 ондық, 1 бірліктен тұратын
сан ? / 11 /
-
«Сәйкесін тап»
сәйкестікті анықтауға аранлған әр топқа үш тапсырмадан
беріледі.
-
«Жұмбақ - ойдың азығы»
жұмбақтың шешуін тауып, үш тілде атау.
1.Қабат-қабат
қаптама,
Ақылың болса
аттама. /
кітап-книга-бук/
2. Бiлiмнiң жол
басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.
/Мұғалiм-учитель-тиче
/
3.Қысқа таяқ дiңi
бар,
Шиырлаған
iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.
/Қарындаш-карандаш-пэнсл/
4. Тiл жоқ
өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.
/ Қаламсап- ручка –пэн
/
5. Оқу-бiлiм
аспабы,
Қоймасының бас
қабы.
Бөлмесi де
бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.
/Сөмке- сумка-скулбэг /
6.Қанатсыз құс
жақын барады,
Көзінен жас
тамып барады. /Бұлт-көк-синий-блу
/
7. Сен бар әлемді
жылытасың,
Шаршауды еш
білмейсің,
Терезеден
күллімдейсің,
Сенсің кәдімгі ... дейтін.
/ Күн –сары-сары-иелоу
/
8.
Тазалап ақ қағаз
жүзiн,
Жоқ етер қарындаш iзiн.
/Өшiргiш-ластик-рабэ
/
5.Геометриялық фигураларадан суреттер
құрастыру.
Белгілі бір уақыт
аралағында.
Көрермен оқушыларға жұмбақтар
жасырамын, олар оны шешеді.
Ұшып түсер күн бiтсе,
Жоғалады жыл бiтсе.
(Күнтiзбе)
Үш
тiлi тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды-ақ.
(Сағат)
Тұра қалсам алдына,
Жалтыраған ақ айдын,
Өзiмдi — өзiм мен мына,
Көре аламын ап-айқын.
(Айна)
Өзi
тұрғанымен мелшиiп,
Жап-жалтыр жүзiне,
Кетедi ел сиып.
(Айна)
Үскiнiң көп тармағы,
Қара орманды шарлады.
Қисықтарын түзедi,
Теп-тегiс түз ендi.
(Тарақ)
Танауында арқаны,
Бiр
батып, бiр шығып,
Алға қарай тартады.
(Ине)
Ұзын өзен,
Суы
жоқ. (Жол)
Мөлдiреп жатқан қос
көлге,
Шыныдан тұттым қос перде.
(Көзәйнек)
Сәбиге сәндi үй,
Әжеге ән-күй.
(Бесiк)
Бесiкке iледi,
Әнiн де,
Дәмiн де,
Сәбилер бiледi.
(Сылдырмақ)
Шүберек қабығы,
Iшi
құс мамығы. (Жастық)
-
«Таңдайық та,
табайық» кубик лақтыру арқылы өткен
әріптерді таңдап жұптаса отырып екі топ оқушылары сол әріптен
басталатын сөздер айтып жарысады.
Д, Қ, Ш,
М
Қорытынды.
Білімнің қырларын жүйелеп,
Ғылымның сырын біз ұғайық,
"Білгірлер,
Алғырлар”
атанып,
Жеңістің шыңына шығайық.
Қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасына
береміз.





