«Шұғыла»
бөбекжай-балабақшасы
Ашық
сабақ
Тақырыбы: «Кішкентай
доп»
Дайындаған: Тасқожина
К.(тәрбиеші)
2016
жыл
Кішкентай доп
Білім саласы:
«Шығармашылық»
Бөлімі: «Мүсіндеу»
Тақырып: «Кішкентай доп»
Мақсаты: Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы
түсінік беру. Әр түрлі көлемдегі доптарды, ермексаз арқылы
мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын,
ойлау дағдыларын дамыту. Достастыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Әр түрлі, әр түсті доптар, түрлі-түсті
қамыр, тақтайша, сүлгі.
Әдіс-тәсілдері: ойын арқылы.
- Балалар, сендер кілемнің үстінде отырып ойнағанды жақсы
көресіңдер ме?
- Иә. - Кілемнің үстіне
қараңдаршы, сендерді әдемі, дөп-дөңгелек доптар күтіп тұр.
«Сендермен ойнағымыз келеді» дейді. Ал, сендердің доппен
ойнағыларың келеме?
- Иә, келеді. - Ендеше, ең
алдымен, топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы
ережені есімізге сақтап алайық: доппен ойнағанда қандай оқыс
жағдайлар болуы мүмкін?
- Допты тым биікке лақтырсақ,
жарықты сындырып аламыз, алысқа лақтырсақ терезеге тигізіп алуымыз
мүмкін немесе басқа заттарды да құлатып алуымыз мүмкін. Олай болса,
топтың ішінде доптармен қалай ойнасақ болады? - Бір-бірімізге
дөңгелетіп, еденге соғып немесе бір-біріміздің қолымызға лақтырамыз
т.б.
- Доптар сондай жеңіл. Олар секіргенді, дөңгелегенді ұнатады. Олар
биікке секіріп, алысқа дөңгелеп тыңдамай қоюлары мүмкін. Сол үшін
сендер оларға топтың ішінде қалай ойнау керек екендігін
үйретіңдер.
- Иә, үйретейік.
Доппен ойнай отырып, олардың дөңгелек, жұмыр екендігін
анықтайды.
Ұйымдастыру – іздеушілік:
Енді доптарымыз біраз демалсын, кілемнің үстінде қалдырайық та
үстелімізге келіп отырайықшы.
- Балалар, доп қандай болады екен? - Дөңгелек.
- Дұрыс айтасыңдар, дөңгелек болады. – Қане, ауада салып
көрсетейікші (ауада салу).
- Жарайсыңдар. Біздің тобымызда қандай доптар бар? - Үлкен,
кішкентай доптар бар. – Демек, доптар үлкен, кішкентай пішінде бола
береді екен. Балалар, мен сендерге бүгін қамырдан доп жасауды
үйреткім келеді. Сендер әрқайсыңда өз қолыңнан жасалған доп
болғанын қалайсыңдар ма?
- Иә, қалаймыз. - Олай болса, мұқият болайық. Ол үшін бізге қандай
құралдар қажет екен? Үстел үстіндегі заттарды атайды: -қамыр,
тақтайша, сүлгі. – Дұрыс айтасыңдар. Ал енді, жасалу жолдарын
көрсетемін. Ең алдымен доптың көлемі мен түсін анықтаймыз. Сол
доптың түсіне сәйкес қамырды таңдаймыз. Қамырды жұмсартамыз. Екі
алақанымыздың ортасына қамырды салып дөңгелетеміз. Міне менің добым
дайын. Енді сендер жасап көріңдер. Балалар жұмысқа кіріседі
(көмегімді қажет еткен балаға көмектесемін). Сергіту сәті: Бала,
бала, балақан, Қане, қайсы алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былай
ойнат. Топ-топ, топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса
жарқын күн, Жаса, жаса алтын күн! (Қимылмен орындайды). Қорытынды:
- Сонымен, барлығымыз ермексаз арқылы не жасап алдық? - Доп. -
Допты жасаған сендерге оңай тиді ме? - Иә, оңай. - Ендеше, кімнің
добы әдемі болып шыққанын көрейік те, ата-аналарымызға көрсету үшін
көрмеге орналастырайық (ең әдемі допты таңдайды, көрмеге жұмыстарын
орналастырады). Үйге барған соң да осылайша ермексаз арқылы доп
жасап алуларыңа болады. (Доппен еркін ойнауға рұқсат беріледі).