400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада дене шынықтыру нұсқаушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы


№63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

дене шынықтыру нұсқаушысы:

Хайролдина Ақбаян Жарылхановна


Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар.

Мақсаты: кішірейтілген тірек алаңы бойынша теп-теңдікті сақтауға үйрету. Алға жылжу арқылы екі аяқпен секіруге үйрету. Ойындарға және жаттығуларға оң көзқарасты және олар қажетсіну дағдысын қалыптастыру. Кішкентай допты еденге ұрып, және жоғары лақтыруға, қағып алуға үйрету.

Қолданылатын құрал жабдықтар: бала санына қарай доп, тақтай, орындықтар, төсеніштер, текшелер.

Мотивациялық – қозғаушылық

Амандасу рәсімі. Бір-бірден сапқа тұру. Екі сапқа тізіліп тұру. Нұсқаушының балаларға әңгімелеуі:

А) доптардың түрлі өлшемі туралы;

Б) доп қолданылатын спорт түрлері туралы. Топтардағы жүгіру жаттығулары. (ысқыру бойынша, қарқынды өзгерту

Ысқыру бойынша қайта құрылып тұру.

Балалар баскербол, волейбол, футбол ойындарын ойнауға арналған дпотармен танысады.

Жылдам қарқынмен жүгіру.Баяуқарқынмен жүгіру.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1. Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:

Б.қ. негізгі тұрыс, доп оң қолда. 1-қолдарымызды екі жаққа созамыз; 2- қолдарымызды жоғары көтереміз допты екінші қолға ауыстырып қоямыз; 3- қолдарымызды екі жаққа созамыз; 4- бастапқы қалып.

Б.қ.: аяқты екі иықтың деңгейіне қойып, допты оң қолға аламыз. 1- қол қолға қарай иілу; 2-3- допты оң аяқтан сол аяққа қарай домалату және керісінше орындау; 4-алғашқы қалыпқа келу, оң аяқтан сол аяққа қарай домалату.

Б.қ.: тізерлеп тұру екі қолмен допты ұстау. 1-2-отырып, кеудені оңға бұрып, допты еденге тигізу; 3-4- алғашқы қалыпқа келу. Осыны сол жаққа қарай қайталау.

Б.қ.: еденде отырып, допты табанмен қысып, қолды артқа қарай тіреу.1- 2- аяқты түзу ұстап көтеру, допты түсірмеуге тырысу; 3-4- алғашқы қалыпқа келу.

Б.қ.: етпенен жатып, басынан асыра қолдарын созып допты ұстау. 1-2-қолдарын және оң аяғын алға қарай түзу ұстау,

допты аяққа тигізу; 3-4- алғашқы қалыпқа келу. Осыны сол жаққа қарай қайталау.

Б.қ.:аяқтардың арасы сәл қана ашылған доп оң қолда допты оң қолмен еденге соғу, ыршыған допты қағып алу.

Б.қ.: допты жоғары қарай оң қолмен лақтырып екі қолмен қағып алу.

Негізгі қимыл жаттығулар

Секіру.

Ені 20см, биіктігі 30см болатын тақтай бойымен тепе-теңдікті ұстап жүру, секіріп қос аяқпен тұру. 2. Қос аяқтап текшенің үстінен аттап алға секіру.


Ойын. «Аюлар және аралар

Шарты:

Нұсқаушының белгі беруіне қарай аюлар араларды орындықтарда қуалайды. Ал аралар тездетіп гимнастикалық баспалдаққа шығуы керек.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Үлкен және кіші дөңгелек» ойыны.

Балалар екі шеңбер құрып тұрады, сыртқы және ішкі. Музыкалық сүйемелдеумен балалар бір шеңбер бойымен оңға жүреді, екіншісі солға жүреді, ысқырық бойынша бағыттарын өзгертіп отырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтай отырып жүруді;

Игереді: жаттығулады дұрыс орындау керектігін;

Меңгереді: кішкентай допты еденге ұрып және жоғары лақтыру, оны қағып алу дағдыларын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
2992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі