15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
кішкентай ханзада
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кішкентай ханзада, кішкентай ханшайым»
Мақсаты:
Баланың шығармашылық қабілетттерін арттыру, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау, өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу
Армысыздар, топтан озар таланттарым,
Талмай биік самғасын қанаттарың.
Мәртебесін биік ұстап мектебімнің,
Жеістікке толы болсын парақтарың !,- дей келе «Кішкентай ханзада, ханшайым» атты байқауымызға қош келдіңіздер! Осы байқауға оқушы қатыстырып отырған ұстаздарға, балаларына қолдау көрсетіп жүрген жанашыр ата-аналарға шексіз алғыс айтамыз
Би: «Күзгі жапырақтар» биі /2 кл. қыздары/
Кім жүйрігін бүгін біз білейікші,
Бүлдіршіннің өнерін көрейікші,
Әділқазы алқасына тек әділдік,
Балғындарға сәттілік тілейікші!- дей отыра бүгінгі байқауымыздың әділқазы мүшелерін сайлап алайық.
1.Құмсай ауылдық округінің мәдениет үйі меңгерушісі Мұқанова А.А
2. Мектебіміздің технология пәні мұғалімі Дүйсеналина Ж.Қ
3. Бастауыш сынып мұғалімі Забирова Г.Н
Өнер қуған жасынан
Таланты судай тасыған
Ислам атты бүлдіршін
Көрінгей көштін басынан- деп ортаға МАД тобы тәрбиеленушісі Серікбай Исламды шақырамыз
Көрсете алатын талантын,
Үлкеннің тілін алатын.
Кәусар атты бүлдіршін
Өнерін ортаға салатын,- деп ортаға МАД тобы тәрбиеленушісі Жақсылық Кәусарды шақырамыз.
Сабырлы әрі салмақты
Өзі өнерлі жан-жақты
Келесі шығатын Райымбек
Байқауды бүгін жалғапты,- деп ортаға 1 қазақ сынып оқушысы Тулеубаев Райымбекті шақырамыз
Сымбатына сән киімі жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне көркі сай келіп тұрған
Айаруға қызығып, қарасасың,- деп ортаға 1 қазақ сынып оқушысы Барлықова Айаруды шақырамыз.
Амир сен – дарасың білемін,
Сынып деп соғады жүрегің
Өскенде өнерпаз болам деп Талабың таудай боп жүресің,- деп ортаға 3 қазақ сынып оқушысы Сагинтаев Амирды шақырамыз.
Ата-ана үмітін ақтаған,
Жүректе жыр жаттаған.
Гүлдана сынып намысын,
Жан-тәнімен ақтаған,- дей келе ортаға 3 қазақ сынып оқушысы Ибраева Гүлдананы шақырамыз.
Биік қып ойды шынардан,
Балғынның үні шықты алдан
Байқауларда ән салып,
Алдияр қолға ту алған, - дей келе ортаға 4 қазақ сынып оқушысы Ұлықпан Алдиярды ортаға шақырамыз.
І тур
Әр күнің ақ арман, тәтті үміт
Оқимыз қуанып, шат кұліп,
«Өнерің өрге тек жүзсін»,- деп
Саған тек тілейміз сәттілік- дей келе байқауымыздың І турына кезек береміз. Бұл турда оқушылар ұлттық нақыштағы киім үлгілерін көрсетеді.
ІІ тур
Сүйемін барлық қауымын,
Туған жер менің бесігім
Құмсай –менің ауылым,
Қойылған сонда есімім- дей келе байқауымыздың ІІ турына кезек береміз. Бұл турда оқушылар өздерін таныстырады.
1/ Серікбай Ислам - МАД
2/ Жақсылық Кәусар – МАД
3/Тулеубаев Райымбек – 1 кл.
4/ Барлықова Айару - 1 кл.
5/ Сагинтаев Амир 3 кл.
6/ Ибраева Гүлдана 3 кл.
7/ Ұлықпан Алдияр 4 кл.
ІІІ тур
Таныстық балғындардың тегіменен,
Туып өскен мекені, жеріменен.
Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең- дей келе байқауымыздың ІІІ турына кезек береміз. Бұл турда оқушылар өз фантазиясы бойынша сән үлгісін көрсетеді.
1/ Серікбай Ислам - МАД
2/ Жақсылық Кәусар – МАД
3/Тулеубаев Райымбек – 1 кл.
4/ Барлықова Айару - 1 кл.
5/ Сагинтаев Амир 3 кл.
6/ Ибраева Гүлдана 3 кл.
7/ Ұлықпан Алдияр 4 кл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген